"Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 148 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 4 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 тамызда № 33296 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістемеде:

      19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес ұлттық жоба әзірлеу жоспар-кестесі әзірленеді;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобаны ұсыну форматында:

      көрсетілген Ұлттық жобаларды ұсыну форматына қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық жобалар бойынша есептілік нысанында:

      Ұлттық жобаларды орындаушылардың есептілік нысанына қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің төрағасы
__________А. Иргалиев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
__________А. Амрин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Президенті Әкімшілігі

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 148 Бұйрыққа
1-қосымша
  Ұлттық жобаларды
ұсыну форматына
қосымша

Ұлттық жобаны толтыру бойынша түсініктеме

      1. Ұлттық жобаның "1. Паспорт" деген бөлімінде мыналарды қамтитын негізгі параметрлер баяндалады:

      1) атауы;

      2) ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты;

      3) іске асыру мерзімі;

      4) күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері, игілік алушыларға пайдасы:

      сандық мәнде күтілетін экономикалық әсері;

      сандық және/немесе сапалық мәнде күтілетін әлеуметтік әсері;

      5) ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі. Ұлттық жобаны түзеткен жағдайда, аталған бағанда ұлттық жобаны іске асыруға бөлінген қаржыландыру көлемі қосымша көрсетіледі;

      6) ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы;

      7) ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы;

      8) ұлттық жобаның жетекшісі мен кураторы.

      Ұлттық жобаның кураторын Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі айқындайды.

      "1.1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланыс" деген кіші бөлімде тиісті құжаттардың бағандары бойынша Жалпыұлттық басымдықтардың бағыттары, басымдықтары, стратегиялық көрсеткіштері, нысаналы индикаторлары немесе өңірлердің түйінді параметрлері көрсетіледі.

      2. "2. Міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде бағыт және міндет жолдары бойынша МЖЖ жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, Стратегиялық көрсеткіштер картасының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге, сондай-ақ саланың/аяның даму тұжырымдамасына сәйкес қызмет салаларындағы түйінді өзгерістерді қамтамасыз ету үшін саланың/аяның проблемаларын шешуге бағытталған ұлттық жобаның бағыттары, міндеттері көрсетіледі.

      Біртекті сипаттағы міндеттерді іске асыру жағдайында оларды бағыттар бойынша топтастыруға жол беріледі.

      Міндеттерді анықтау мынадай өлшемшарттар:

      1) өзіндік сипаты мен нақтылық (міндет тиісті сала/ая бойынша Стратегиялық көрсеткіштер картасының көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бір мағыналы түсіндірмесі бар нақты тұжырымдардан тұрады);

      2) өлшенгіштік (тексеру мүмкіндігі, нәтиженің өлшенгіштігінің сипаттамасы және қызмет нәтижелерінің нақты көрсеткіштерін айқындау);

      3) қолжетімділік (ұлттық жобаны іске асыру кезеңінде қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігі, олардың қалай және қандай жағдайда орындалатындығы, ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы нақты түсініктің болуы);

      4) уақыттың шектеулілігі (міндет белгіленген мерзімде шешіледі);

      5) релеванттылығы (міндет жоғары тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге үлес қосады) ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      Міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келеді:

      қажеттілік – қойылған міндеттерге қол жеткізу ұлттық жобаның табысты болуының қажетті шарты болып табылады;

      жеткіліктілік – барлық міндеттерді шешу ұлттық жобаны іске асыру үшін жеткілікті шарт болып табылады.

      3. Әрбір міндеттің іске асырылу мерзімі ұлттық жобаның жоспарланған кезеңінен аспайды.

      3 және 4-бағандар бойынша одан әрі көрсеткіштерге нақты қол жеткізуді растайтын өлшем бірліктері мен дереккөздер көрсетіледі.

      4. Әрбір міндетке оған қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін нәтиже көрсеткіштерінің жиынтығы (аралық және түпкі мәндерімен) сәйкес келеді. Нәтиже көрсеткішінің сапалық жағы мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы (аяларындағы) аяаралық /салааралық сипаттағы мәселелерді шешу деңгейін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті немесе шамамен алынған мәнін көрсетеді.

      Нәтиже көрсеткіштері мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады:

      оларды жоспарлы кезеңдегі серпінде объективті бағалау және салыстыру мүмкіндігін беру;

      барлық мүдделі тараптар үшін біркелкі түсінікті болу;

      оларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;

      толық және барабар сипаттама беру;

      қолжетімді және өлшемді болу;

      мониторинг жүргізу және оларға қол жеткізуді бағалау үшін аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.

      Ұлттық жобаны әзірлеуші негізгі өзгерістерді, анықталған проблемалардың шешімін сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізуді бағалау үшін қажетті нәтиже көрсеткіштерін ғана таңдайды. Барлық келтірілген нәтижелер көрсеткіштері бойынша базалық (бастапқы) және жоспарланған мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай нысанда тиімді көрсетілсе), сондай-ақ көрсеткіштің осы мәніне қол жеткізу үшін қажетті уақыт бойынша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.

      5 және 6-бағандарда алдыңғы жылғы көрсеткіштер бойынша нақты деректер және жылдар бойынша серпінде жоспарлы кезеңге мәндерді белгілеу мақсатында ағымдағы жылға бағалау мәндері көрсетіледі.

      7-11-бағандарда нәтиже көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері көрсетіледі.

      5. Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде ұлттық жобаны әзірлеуші бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оларға қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтамасыз етеді.

      Ұлттық жобаны әзірлеуші декомпозициялау кезінде ұлттық жобаның тиісті міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу шешілетін және қол жеткізілетін төмен тұрған МЖЖ құжаттары және оларға қол жеткізуге жауаптылар айқындалады.

      Ұлттық жобаның міндеттері мен нәтижелерін декомпозициялау екі тәсілмен жүзеге асырылады:

      бөлу: егер міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бірнеше мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне байланысты болса;

      ауысу: егер міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бір мемлекеттік органның (оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда) қызметіне толық байланысты болса.

      Бөлу кезінде міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері қол жеткізілуі құжатты бірлесіп орындаушыларға байланысты болатын құрамдас бөліктерге бөлінеді.

      Бөлу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) кешенді міндеттерді іске асыру кезінде бірнеше мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қызметінің шеңберінде түрлі кіші міндеттерді шешу жолымен міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерінің тұжырымдалуы, сондай-ақ олардың мәндері, жиынтығында нәтиженің тиісті көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін төмен тұрған МЖЖ құжаттарында өзгереді;

      2) шешілуіне бірнеше мемлекеттік орган қатысатын бірыңғай жалпыұлттық міндетті іске асыру кезінде төмен тұрған МЖЖ құжаттарында міндеттің және нәтиже көрсеткішінің тұжырымы өзгеріссіз қалады, бұл ретте нәтиже көрсеткішінің мәндері ұлттық жобаның бірлесіп орындаушылары бойынша бөлінеді.

      Мысалы, "Еңбек өнімділігінің өсуі" нысаналы индикаторына қол жеткізуге Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметі ықпал етеді.

      Құжатты бірлесіп орындаушылар өздері тікелей іске асыратын төмен тұрған МЖЖ құжаттары (мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары) арқылы тиісті міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Ауысу кезінде нәтижелердің көрсеткіштері де төмен тұрған құжаттарда сол тұжырымда және мәндерде көрсетіледі.

      6. "3. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы" деген бөлімде:

      1) игілік алушылардың өмір сүру сапасын арттыруға және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік әсер;

      2) берілген мемлекеттік қолдау шараларынан және инвестициялар тартудан экономикалық әсер түріндегі күтілетін нәтиже туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік нәтиже ұлттық жобаның игілік алушыларының үмітіне сәйкес келетін әлеуметтік маңызы бар нәтиже болып табылады.

      Ұлттық жобаның күтілетін әлеуметтік әсері игілік алушылардың санатын, ұлттық жобаның кімге бағдарланғандығын және осы ұлттық жоба қандай проблемалар мен міндеттерді қанағаттандыруды көздейтінін, яғни ұлттық жобаны іске асырғанға дейінгі істің жағдайын ұлттық жобаны іске асыру кезеңі немесе бүкіл мерзімі аяқталған жағдаймен салыстыруды негізге ала отырып айқындалады. Өмір сүру сапасын арттыру адами капиталдың сапасын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды, оның ішінде халықтың табысын арттыруды, көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейтуді көздейді.

      7. Экономикалық әсер – жаңа технологияларды, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды енгізу нәтижесінде бастапқы және алынған қорытынды арасындағы экономикалық нәтижені немесе өсімді айқындайтын көрсеткіш.

      Экономикалық әсер салық түсімдерінің ұлғаюын, тұрақты жаңа жұмыс орындарының құрылуын, тартылған инвестициялардың көлемін, тиісті салаға салымның өсуін, мемлекеттік шығыстардың азаюын және ұлттық жобаның экономикалық әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді білдіреді.

      8. Күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсерді толтыру кезінде әрбір әсерді игілік алушылардың санаттары бойынша дұрыс көрсету қажет.

      Әлеуметтік және экономикалық әсер сандық және/немесе сапалық тұрғыдан өлшенетін шамаларды білдіреді және ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған оң өзгерістерді көрсетеді.

      Әлеуметтік және экономикалық әсер қазіргі статистикалық ақпаратты, халықаралық индекстерді, әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін, әкімшілік деректерді және ресми деректерді есептеу әдістерін қолдана отырып айқындалады.

      Көрсеткіштерді есептеудің ресми әдістері болмаған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган есептеу әдістемесін бекітеді. Ұлттық жобаның жобасы келісілген жағдайда есептеу әдістемесі стратегиялық, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың сұрау салуы кезінде қосымша ақпарат түрінде енгізеді.

      4-8-бағандарда ұлттық жобадан жалпы күтілетін әсерлердің мәндері жылдар бойынша серпінде көрсетіледі. Әсерді кейінге қалдыру түрінде, бірақ ұлттық жобаны іске асырудың соңғы жылынан кеш емес көрсетуге жол беріледі.

      9. "4. Ресурстар" деген бөлімде ұлттық жобаны іске асыруға қаржы ресурстарына қажеттілік жазылады.

      Ұлттық жобаның міндеттері бойынша талап етілетін қаржы ресурстарының болжамды көлемі осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылатын Ұлттық жобаны іске асыру кесте-жоспарының негізінде жалпы сомамен қалыптастырылады.

      10. Ұлттық жобаны қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.

      11. "5. Жауапкершілікті және өкілеттіктерді бөлу" деген бөлімде міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде 3-бағанда Қағидаларға сәйкес айқындалатын, орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды тұлғалары көрсетіледі.

      4-бағанда өздеріне бекітілген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуі қажет және қол жеткізілуін қамтамасыз ететін жоғарыда аталған тұлғалардың негізгі өкілеттіктерінің шеңбері көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің төрағасы
2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 4 мен
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 148 Бұйрыққа
2-қосымша
  Ұлттық жобаларды
орындаушылардың есептілік
нысанына
қосымша

Жыл сайынғы есепті толтыру бойынша түсіндірме

      Ұлттық жобаны іске асыруы жөніндегі есепті, оның ішінде ұлттық жобаны бірлесіп орындаушылар былайша толтырады:

      1. "1. Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу" деген 1-бөлім бойынша:

      "Стратегиялық № көрсеткіштері" жолы бойынша Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткішінің толық атауы көрсетіледі.

      "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және жобаларының атауы көрсетіледі;

      "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Қағидаларға сәйкес міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне және ұлттық жобаның жобаларына қол жеткізу үшін жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі;

      "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша "жоспар" деген 3-бағанда есепті кезеңге (жыл үшін) нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәндері көрсетіледі;

      4-бағанда "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша нәтиже көрсеткішінің бағалау (бір жыл ішінде қол жеткізуге жоспарланатын) және/немесе нақты мәндері, ал "жоба" деген жолдар бойынша игерілген бюджет қаражатының болжамды сомалары көрсетіледі;

      "жоспарға қатысты %" деген 5-бағанда "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша жоспарлы мәндерге нақты мәндердің серпіні, ал "жоба" деген жолдар бойынша есепті кезең үшін жоспарлы мәндерге бюджет қаражатының нақты пайдаланылған сомаларының серпіні көрсетіледі;

      "ескерту" деген 6-бағанда (қажет болған жағдайда) 2-5-бағандар бойынша жеке түсіндірмелер көрсетіледі.

      2. "2. Әлеуметтік-экономикалық әсер" деген бөлім бойынша:

      1) "Р/с №" деген 1-бағанда өтпелі реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Әлеуметтік-экономикалық әсердің атауы" деген 2-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан алынған әлеуметтік әсер мен экономикалық әсер бөлінісінде сапалық және сандық мәндегі әсер көрсетіледі;

      3) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда күтілетін нәтиженің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      4) "Жоспар" деген 4-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан күтілетін әсердің жоспарлы сандық немесе сапалық мәні көрсетіледі;

      5) "Факт" деген 5-бағанда есепті кезеңде ұлттық жобаны іске асырудан алынған әсер сандық немесе сапалық мәнде көрсетіледі;

      6) "Ескертпе" деген 6-бағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, оған қол жеткізбеу себебі көрсетіледі.

      3. "3. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы ақпарат" деген бөлім бойынша:

      қарсы міндеттемелер шеңберінде олардың ішінде мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылған жағдайда, ұлттық жобаларды іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады.

      1) "Жыл" деген 1-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған жыл көрсетіледі;

      2) "БСН/ЖСН" деген 2-бағанда заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бірегей нөмірі немесе қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, мемлекеттік қолдау шараларын алушының бірегей нөмірі;

      3) "Кәсіпорынның/мемлекеттік шараларды алушының атауы" деген 3-бағанда мемлекеттік қолдау шараларын алған кәсіпорындардың атауы және жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі;

      4) "Өңір" деген 4-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі;

      5) "Кәсіпорынның өлшемділігі (ірі/орта/шағын/ЖК)" деген 5-бағанда кәсіпорындар үшін Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының өлшемділік сыныптауышына сәйкес жұмыспен қамтылғандар саны бойынша өлшемділік көрсетіледі, жеке тұлғалар бойынша "Жеке кәсіпкер" мәртебесі көрсетіледі";

      6) "Сала" деген 6-бағанда кәсіпорынның және мемлекеттік қолдау шараларын алушы жеке тұлғаның қызметіне байланысты саланың атауы көрсетіледі;

      7) "Қызмет түрі (ЭҚЖЖ)" деген 7-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрінің атауы көрсетіледі;

      8) "Қолдау шараларын алған күн" деген 8-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған күн көрсетіледі;

      9) "Қолдау шарасы" деген 9-бағанда оны алушыға көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының атауы көрсетіледі (мысалы, субсидиялау, кепілдік беру және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары);

      10) "Қолдаудың нысаналы мақсаты" деген 10-бағанда мемлекеттік қолдау мақсатының сипаттамасы көрсетіледі (мысалы, мемлекеттік қолдау неге бағытталғаны - тұқым, ЖЖМ, техникалар және т. б. сатып алу);

      11) "Қолдаудың жалпы сомасы, мың теңге" деген 11-бағанда мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған бюджет қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі;

      12) "Жаңа жұмыс орындары құрылды" деген 12-бағанда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі (жылдар бойынша) бөлінісінде) құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі;

      13) "Кәсіпорынның кірістері, мың теңге" деген 14 және 15-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде алынған кірістердің сомасы (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі бөлінісінде (жылдар бойынша) көрсетіледі;

      14) "Төленген салықтардың сомасы" деген 16 және 17-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі бөлінісінде (жылдар бойынша) алынған кәсіпорындар мен дара кәсіпкердің кірістері бойынша бюджетке төленген салықтардың сомасы көрсетіледі;

      15) "Өнім шығару, мың теңге" деген 18 және 19-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың қорытындысы бойынша алынған шығарылған өнімнің көлемі көрсетіледі;

      16) "Өнімнің экспорты, мың теңге" деген 20 және 21-бағандарда шығарылған өнімнің жалпы көлемінен экспортқа бағытталған өнімнің көлемі көрсетіледі.

      Экспортты жүзеге асырмайтын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер соңғы бағанды толтырмайды;

      "Базалық жыл" деген жол бойынша мемлекеттік қолдау шарасын алудың бірінші жылы бойынша ақпарат көрсетіледі.

      "n жыл" деген жолда мемлекеттік қолдау шарасын алудың кейінгі жылдары бөлінісінде ұқсас ақпарат көрсетіледі.

      "Базалық жыл" және "n жыл" жолдары өткен жылғы ұлттық жобаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Келесі жылдары осы жолдар тек есепті кезең үшін толтырылады.

      4. "Қаржы қаражатын игеру" деген 4-бөлім бойынша:

      1) "Қаржыландыру көзі" деген 1-бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;

      2) "Жоспар, миллион теңге" деген 2-бағанда есепті жылға жоспарланған қаржы қаражатының сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;

      Егер бағдарламаны қаржыландыру көзі республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты болып табылса, осы бағанда түзетілген бюджеттің сомасы көрсетіледі;

      3) "Факт, миллион теңге" деген 3-бағанда есепті жыл үшін қаржы қаражатын іс жүзінде игеру сомасы миллион теңгемен келтіріледі;

      4) "Игерілмеу себептері" деген 4-бағанда қаржы қаражатын игермеу себептері көрсетіледі;

      5) осы бөлімнің соңындағы "Жиыны" деген жолда есепті жылдың соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының қаржыландыру көздері бөлінісінде жалпы сомасы көрсетіледі.

      5. "5. Талдамалық жазба" деген бөлім мыналарды:

      1) міндеттер нәтижелерінің жоспарланған және нақты қол жеткізілген көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізбеу себептерін;

      2) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, есепті кезеңде бөлінген және игерілген қаражатты көрсете отырып, орындалған/жоспарланған іс-шаралар – орындалмаған/орындалған іс-шаралар (құжат іске асырылған кезден бастап бүкіл кезең ішінде), сондай-ақ (іс-шаралар орындалмаған жағдайда) олардың орындалмау себептері және ұлттық жобада айқындалған белгіленген міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалы туралы түсініктемелер туралы ақпаратты;

      3) базалық кезеңмен салыстырғанда серпінде игілік алушылардың қанағаттану деңгейі туралы ақпаратты (құжат іске асырылғанға дейінгі сәтте тиісті көрсеткіштердің мәні туралы ақпарат болған кезде, ол болмаған жағдайда – құжатты іске асырудың бірінші жылы базалық болып танылады);

      4) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы мәліметтер және бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша орындалған ұсынымдар туралы ақпаратты қамтиды.

      Құжатты іске асыру бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты жағдайларда, ұлттық жобаны әзірлеуші іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді;

      5) шешілуіне құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты, сондай-ақ тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде ұлттық жобаны түзету қажеттігіне, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талап етілетін өзгерістерге және басқаларға қатысты ақпаратты көрсете отырып, құжаттың іске асырылу барысына жинақталған талдауды қамтиды.

      Мемлекеттік қолдау шаралары болған кезде талдамалық есепте мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін салалық бағалау нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ ұлттық жобада мемлекеттік қолдау шаралары болған жағдайда әрбір мемлекеттік қолдау шарасынан алынған әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қосымша көрсетіледі.

      Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін салалық бағалаудың нәтижелері туралы ақпаратта саланы/аяны құрылымдық талдаудың негізінде шығындар мен нәтижелерді сандық талдау және мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды сүйемелдеу жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларының операторлары қызметінің тиімділігін ескере отырып, әрбір мемлекеттік қолдау шарасы бөлінісінде бөлінген қаражаттың тиімділігі туралы ақпарат қамтылады.

      Ұлттық жобаны бірлесіп орындаушылар есепті ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінде олар жауапты болып бекітілген жолдар бойынша ғана толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады