Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 тамызда № 23968 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 81-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістеме;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұлттық жобаны ұсыну форматы;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінің нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ұлттық жобалар бойынша есептілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агентігінің

Төрағасы __________К. Келимбетов

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

__________А. Иргалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Президенті Әкімшілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 1 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 79 Бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне (бұдан әрі – МЖЖ) сәйкес әзірленген және ұлттық жобаларды әзірлеу, іске асыру және мониторинг жасау бойынша негізгі тәсілдерді ашады.

      2. Осы Әдістемеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) декомпозиция – МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін бөлу немесе дәйекті түрде көшіру арқылы МЖЖ-нің төмен тұрған құжаттарының тиісті мақсаттарында, нысаналы индикаторларында және нәтижелер көрсеткіштерінде көрсетілетін процесс;

      2) жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган – жобалық басқару саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      3) жоспарлы кезең – ұлттық жоба әзірленетін, бірақ 5 жылдан аспайтын кезең;

      4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімімен құрылған жобалық офис (бұдан әрі – Офис) – Жалпыұлттық басымдықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін, жобалық басқаруды мемлекеттік секторға енгізетін және дамытатын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы алқалы жұмыс органы;

      5) ұлттық жобаны әзірлеушінің жобалық офисі – ұлттық жобаны әзірлеуші мүдделі тараптардың қатысуымен матрицалық басқару құрылымы қағидаттарының негізінде қалыптастыратын, жобалық қызметке барлық қатысушылардың өзара іс-қимылын және жобалық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

      6) мүдделі тараптар – қызметі ұлттық жобаны іске асыруға ықпал ететін немесе қызметіне ұлттық жоба ықпал ететін заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар;

      7) міндет – МЖЖ-нің жоғары тұратын құжаттарының мақсаттары мен міндеттерін орындау және оған қол жеткізу, сондай-ақ жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласы мен аясындағы түйінді өзгерістерді қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі шарт;

      8) нәтиже көрсеткіші – міндетті шешу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш;

      9) ұлттық жоба – Жалпыұлттық басымдықтарға, Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, Елдің аумақтық даму жоспарында белгіленген мақсаттарға, міндеттерге, стратегиялық көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу үшін аса маңызды немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жекелеген міндеттерді (жобаларды) белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды жан-жақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды және басым бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ететін құжат;

      10) ұлттық жобаны әзірлеуші – ұлттық жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;

      11) ұлттық жобаның басшысы – ұлттық жобаның іске асырылуына жауапты әзірлеуші органның бірінші басшысы;

      12) ұлттық жобаның кураторы – Жалпыұлттық басымдықтарды, шеңберінде тиісті ұлттық жоба әзірленген және іске асырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын іске асыруға жетекшілік ететін, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары деңгейінен төмен емес лауазымды адам.

2-тарау. Ұлттық жобаны әзірлеуге бастамашылық ету

      3. Қазақстан Республикасының Президентінен әзірлеуге тікелей тапсырмалар алу жағдайларын қоспағанда, ұлттық жобаны әзірлеуге бастамашылық жасауды тиісті аяның/саланың уәкілетті органы жылына бір рет жүзеге асырады.

      4. Ұлттық жобаны әзірлеуге бастамашылық ететін мемлекеттік орган жыл сайын 1 ақпанға дейін оған түсіндірме жазбамен бірге стратегиялық, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға тиісті ұсыныс енгізеді.

      5. Мемлекеттік органның бастамашылық ететін ұсынысы, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында қойылған міндеттерді және/немесе аяны/саланы дамыту тұжырымдамаларын шешу қажеттілігін, аяны/саланы дамытудың нақты маңызды мәселесін шектеулі мерзімде түпкілікті шешімді қамтамсыз етуді ескере отырып қалыптастырылады.

      Ұлттық жобаның табысты іске асырылуы ұлттық жобаның негізгі мақсатына жоғары ықтималдықпен қол жеткізуге мүмкіндік беретін іс-шаралар жиынтығынан тұрады.

      Әлеуетті ұлттық жобаның өзіне тән ерекшелігі нәтиженің ұлттық жобаның тиісті іс-шараларын іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар тікелей қадағаламайтын факторларға төмен тәуелділігі болып табылады.

      6. Ұлттық жобаның жобасына бастамашылық жасау үшін мемлекеттік органның түсіндірме жазбасы мыналарды:

      1) ұлттық жобаны, оның ішінде проблеманың мәнін көрсете отырып, ұлттық жобаның тиісті стратегиялық көрсеткіштерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының міндеттеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына, тиісті аяны/саланы дамыту тұжырымдамасына қол жеткізуге бағытталғанын (үлесін) көрсете отырып, әзірлеу қажеттігінің негіздемесін;

      2) ұлттық жобаны іске асыру кезеңі, күтілетін әлеуметтік және/немесе экономикалық соңғы нәтиже, оған қол жеткізуді сипаттайтын стратегиялық көрсеткіштер, қаржыландырудың жоспарланған көлемін;

      3) әлеуметтік және/немесе экономикалық соңғы нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұлттық жобаны іске асыруға бағытталған, олардың әрқайсысы бойынша жауапты орындаушыны, іске асыру мерзімін, қажетті қаражат көлемін, бюджеттіктерді қоса алғанда, алынатын өлшенетін түпкілікті нәтиже көрсете отырып негізгі іс-шаралар тізбесін;

      4) жұртшылықпен талқылаудың алдын ала нәтижелерін құрайды.

      7. Мемлекеттік органдардан ұлттық жобаларды әзірлеу туралы келіп түскен ұсыныстарды стратегиялық, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар қарайды, олар жыл сайын 28 ақпанға дейінгі мерзімде салыстырмалы талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияда (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қарау үшін жинақталған (барлық келіп түскен ұсыныстар бойынша) қорытындыларын ұсынады.

      Қорытындылар олардың әрқайсысы алған балл сомасына сәйкес келіп түскен ұсыныстардың саралануын міндетті түрде қамтиды (скоринг жүйесі).

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұлттық жобаны әзірлеу жөніндегі ұсынысты мәлімделген әлеуметтік және экономикалық әсердің маңыздылығы, оның іске асыруға сұратылып отырған ресурстармен салыстырмалылығы тұрғысынан қарайды.

      Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұлттық жобаның жобасын әзірлеу жөніндегі ұсынысты мыналарға:

      1) Жоғары тұрған МЖЖ құжаттарына, сондай-ақ тиісті аяны/саланы дамыту тұжырымдамаларына;

      2) МЖЖ 79-тармағында айқындалған ұлттық жобаның өлшемшарттарына;

      3) Біріккен Ұлттар Ұйымының орнықты даму мақсаттарына сәйкестікке қарайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұлттық жобаны әзірлеу жөніндегі ұсынысты оны іске асыру үшін қажетті бюджет қаражатының жеткіліктілігіне/жеткіліксіздігіне алдын ала бағалау жүргізе отырып, қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу тұрғысынан қарайды.

      8. Ұсыныстарды қорытынды саралауды мемлекеттік комиссияның жұмыс органы стратегиялық, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың қорытындысы бойынша балдарды қосу арқылы жүргізеді.

      9. Мемлекеттік комиссия жыл сайын 15 наурызға дейінгі мерзімде қорытынды саралау нәтижелерін, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған бюджеттік мүмкіндіктерді негізге ала отырып, іске асыруға ұсынылатын ұлттық жобалардың тізбесін айқындау туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік комиссия жеткілікті негіздемелер болған кезде тізбеге салыстырмалы түрде жоғары қорытынды балы бар ұсыныстарды енгізбейді.

      10. Ұлттық жобаларды әзірлеу жөнінде ұсынылған, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия қабылдамаған мемлекеттік органдар ұсыныстарының тізбесі жыл сайын 20 наурызға дейін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы |Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің (бұдан әрі – Жоғары кеңес) қарауына шығару үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне енгізіледі.

      Жоғары кеңес жеткілікті негіздемелер болған жағдайда Мемлекеттік комиссия ұсынған, сондай-ақ қабылданбаған ұсыныстардың ішінен (жоспарланған кезеңде қажетті бюджет қаражаты болған жағдайда) ұлттық жобаларды әзірлеу жөнінде мақұлданған ұсыныстардың тізбесін қалыптастырады.

      11. Жоғары кеңестің отырысында алынған ұлттық жобаны әзірлеу жөніндегі ұсыныс оң мақұлданғаннан кейін ұлттық жобаны әзірлеуге бастамашы болған мемлекеттік орган оны әзірлеуді бастайды.

      12. Егер ұлттық жобаны әзірлеу Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда, әзірлеуші-мемлекеттік органның ұсыныстары осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес ресімделген түсіндірме жазбамен бірге Жоғары кеңестің отырысында қарау үшін стратегиялық, мемлекеттік, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізіледі.

      Стратегиялық, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың әзірлеуші мемлекеттік органнан Әдістеменің осы тармағына сәйкес түскен ұсыныстарды қарауы, осы Әдістеменің 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Ұлттық жобаны әзірлеу

      13. Мақұлдағаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган ұлттық жобаның жобасын әзірлеуді үш ай ішінде қамтамасыз етеді.

      14. Ұлттық жобаның жобасын әзірлеуді жалпы үйлестіруді, уақтылылығын ұлттық жобаның кураторы жүзеге асырады.

      15. Ұлттық жоба Офистің қатысуымен ұлттық жобалар тізбесіне сәйкес әзірленеді.

      16. Ұлттық жобаның жобасын дайындау кезінде мыналарға:

      бағыттарды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін МЖЖ-нің құжаттарымен қайталауға;

      бағыттар, міндеттер және нәтижелер көрсеткіштері , сондай-ақ жобаны іске асыру жоспар-кестесінің іс-шараларының тұжырымдауларында бұлыңғырлыққа;

      жоғары тұрған құжаттардың тиісті көрсеткіштерінің мәндеріне қатысты нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарлы мәндерін төмендетуге жол берілмейді.

      17. Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде ұлттық жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган құрылымдауды жүргізеді және ұлттық жобаны әзірлеу жөніндегі топқа қосу жоспарланатын мүдделі тараптардың тізбесін қалыптастырады.

      18. Ұлттық жобаны әзірлеу жөніндегі топтың құрамын ұлттық жобаның кураторы бекітеді.

      19. Ұлттық жобаны әзірлеу жөніндегі топ:

      1) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) сәйкес ұлттық жоба әзірлеу жоспар-кестесі әзірленеді;

      2) ұлттық жобаның МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарымен және басқа да ұлттық жобалармен өзара байланыстылығын айқындайды;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қатысуымен ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың МЖЖ-нің төмен тұрған құжаттарына дейінгі үлесін көрсете отырып, Стратегиялық көрсеткіштер картасының стратегиялық көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтамасыз етеді;

      4) саланы/аяны талдау және сыртқы және ішкі ортаның факторлары мен үрдістерін бағалау, SWOT-талдау жүргізеді;

      5) ұлттық жобаны іске асырумен байланысты тәуекелдер мен осы тәуекелдерге ден қою жөніндегі стратегияларды анықтайды;

      6) жүргізілген талдау негізінде аяны/саланы, елді дамытуға неғұрлым жоғары әлеуметтік-экономикалық әсер ететін міндеттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіштеріне, Аумақтық даму жоспарының өңірлерді дамытудың түйінді параметрлеріне, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған аяаралық/салааралық сипаттағы проблемаларды шешу жолдарын айқындайды;

      7) міндеттерге қол жеткізу дәрежесін көрсететін және стратегиялық көрсеткіштердің нысаналы мәндеріне қол жеткізуді біржақты бағалауға мүмкіндік беретін нәтижелер көрсеткіштерін айқындайды;

      8) ұлттық жобаны іске асыру үшін ресурстардың қажетті көлемін (қаржылық, адами, ақпараттық және басқалар) және оларды қаржыландыру көздерін (бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттар) айқындайды;

      9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асырудың үлгілік регламентіне (бұдан әрі – Үлгілік регламент) сәйкес ұлттық жобаны әзірлеудің нәтижелер көрсеткіштері мен міндеттеріне қол жеткізбеуге жеке жауаптылық бекітіледі;

      10) ұлттық жобаның паспортын қалыптастырады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 10.08.2023 № 148 және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 11.08.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      20. Ұлттық жоба МЖЖ 79-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкес әзірленуде.

      21. Мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар ұлттық жобаны келісу процесінде ұлттық жобаның белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігінқарайды, атап айтқанда:

      1) бөлуге жоспарланған жеткілікті ресурстарды ескере отырып, нақтылық немесе оның нақты және өлшенетін нәтиже алуға бағыттылығы:

      міндеттерді тұжырымдаудың анықтығы;

      қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін іс-шаралардың толықтығы;

      бағыттардың, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерінің, сондай-ақ жобаны іске асырудың жоспар-кестесі іс-шараларының анық емес тұжырымдауларының болмауы;

      іске асырудың нақты мерзімдерінің болуы.

      2) нәтиженің күтілетін көрсеткішіне белгіленген шектеулі мерзімде қол жеткізу немесе қол жеткізу мүмкіндігі:

      нәтиженің күтілетін көрсеткішіне ықтималдылықтың жоғары дәрежесімен және қолда бар ресурстық база негізінде қол жеткізеді;

      нәтиже көрсеткіштері қойылған міндеттердің мазмұнымен және белгіленген мерзімдермен үйлестірілген;

      ықтимал тәуекелдер талданды.

      3) ел ауқымындағы әлеуметтік-экономикалық әсердің маңыздылығы немесе қамтамасыз етілуі:

      халықтың өмір сүру сапасы мен қауіпсіздігі немесе бизнесті жүргізу жағдайында елеулі оң өзгерістерге қол жеткізілуде;

      жоғары тұрған МЖЖ құжаттарынан, сондай-ақ аяны/саланы дамыту тұжырымдамаларынан туындайтын нақты мәселелер шешіледі және/немесе жекелеген реформаларды іске асыруға жүзеге асырылады;

      нәтижелер елдің барлық / көптеген өңірлеріне қатысты;

      4) жауапкершілік пен мүмкіндіктердің арақатынасы:

      ұлттық жобаны іске асыруға жауапты лауазымды тұлғалардың жеке жауаптылықты бекіту;

      жобаны сәтті және уақтылы іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді бекіту.

      22. Талдау жүргізуге арналған ақпарат көздері мыналар:

      1) ресми статистикалық ақпарат және ведомстволық статистикалық бақылау;

      2) кәсіпкерлік субъектілерімен, ғылыми қоғамдастықпен, сараптамалық қауымдастықпен және атқарушы мен заң шығарушы билік өкілдерімен, сондай-ақ мүдделі тараптармен талқылаулардың нәтижелері;

      3) халыққа пікіртерім (сауалнама жүргізу), халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің қалауын анықтау үшін ақпараттық технологияларды пайдалану;

      4) МЖЖ құжаттарының өткен кезеңдердегі іске асырылуы туралы есептер;

      5) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жүргізетін өткен кезеңдердегі МЖЖ құжаттарының іске асырылу тиімділігі аудитінің нәтижесі;

      6) халықаралық және жергілікті зерттеулер, ғылыми мақалалар, талдамалық есептер;

      7) халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Дүниежүзілік банктің, Дүниежүзілік валюта қорының, Дүниежүзілік экономикалық форумның, Дүниежүзілік төрелік жобасының, Транспаренси Интернешнл есептері мен ұсынымдары;

      8) халықаралық практикалар мен стандарттар болып табылады.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.01.2023 № 14 және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      23. Ұлттық жоба осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанда әзірленеді.

      24. Ұлттық жобаның жобасы ұлттық жоба міндеттерінің негіздемесі бойынша қосымша ақпаратпен қоса оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

      25. Ұлттық жоба нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеудің ресми әдістері болмаған жағдайда, ұлттық жобаны әзірлеуші ұлттық жоба бекітілген күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекітеді.

      26. Ұлттық жобаны мемлекеттік, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен келісу процесінде нәтижелер көрсеткіштері мен әлеуметтік және экономикалық әсерлер жөніндегі нәтижелерінің көрсеткіштері және көрсеткіштер мәндерінің бағалау (болжамды) есебі қоса беріледі.

      Қажет болған кезде, мемлекеттік, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша ұлттық жобаның элементтерін нақтылайтын және негіздейтін және еркін қол жеткізуге болмайтын қосымша ақпарат ұсынылады.

      27. Ұлттық жобаны әзірлеуші-мемлекеттік орган мемлекеттік, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша түсіндірме жазбаны (игілік алушылардың санаттарына (халыққа, бизнеске, мемлекетке) бағыттылығын, өлшем бірліктерін, игілік алушылар үшін маңыздылығын, әлеуметтік және экономикалық әсерлер бойынша мәндер мен көрсеткіштердің серпінін, өткен кезеңдермен салыстыруды көрсете отырып) қоса бере отырып, әлеуметтік және экономикалық әсерлер бойынша нәтижелер көрсеткіштері мен көрсеткіштердің есептеулерін ұсынады.

      28. Ұлттық жобаға оны іске асырудың жоспар-кестесі осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      29. Үкімет жанындағы жобалық офис мемлекеттік органдардың жобалық офистерімен бірлесіп, ұлттық жобаның жоспар-кестесінің іс-шараларын нақтылауды және ұлттық жобаны іске асырудың төмен тұрған кезеңдерінде жеке жауаптылықты белгілеуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Ұлттық жобаны бекіту

      30. Ұлттық жобаның әзірленген жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес, оның ішінде кең талқылаумен және сарапшы қоғамдастықты тарта отырып, келісу рәсімінен өтеді.

      31. Әзірленген ұлттық жобаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізіледі.

      32. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ұлттық жобаның жобасы келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде Жоғары кеңестің отырысына шығару үшін материалдар қалыптастырылады.

      33. Ұлттық жобаның жобасы Жоғары кеңестің отырысында мақұлданған жағдайда, әзірлеуші-мемлекеттік орган:

      1) қажет болған жағдайда қаржыландыру сомасын мақұлдау үшін ұлттық жобаның жобасын Республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығаруды;

      2) ұлттық жобаның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітуды қамтамасыз етеді.

      34. Ұлттық жобаны Жоғары кеңестің отырысында мақұлдау Ұлттық жобалар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізу үшін негіз болып табылады.

5-тарау. Ұлттық жобаларды қаржыландыру

      35. Ұлттық жобаны қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болады.

      36. Болжанып отырған қаржыландыру көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен құжаттар ескеріле отырып айқындалады.

      37. Ұлттық жобаларды қаржыландыру басым бюджеттік қаржыландыруға ие. Ұлттық жобаны аяқтау үшін қажетті бюджет қаражатының көлемі бастапқыда жоспарланғаннан 5%-тен астам ұлғайған жағдайда, Жоғары кеңестің тиісті шешім шығаруы талап етіледі.

      38. Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) және олардың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ұлттық жобаларды қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      39. Ұлттық жобалардың шығыстарын қаржыландыруды іске асыру ерекше бақылауда тұр және жыл сайын ведомстволық бюджеттік комиссияларында қаралады.

6-тарау. Ұлттық жобаларды іске асыру

      40. Ұлттық жобаны іске асыру:

      Қағидалар мен Үлгілік регламентке сәйкес тиісті мемлекеттік органдардың Офисі мен жобалық офистердің қызметі шеңберінде ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесін;

      Ұлттық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың даму жоспарларын орындау жолымен жүзеге асырылады.

7-тарау. Ұлттық жобаларды мониторингтеу

      41. Ұлттық жобаларды мониторингтеу Үлгілік регламентте белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      42. МЖЖ-нің 87 және 90-тармақтарына сәйкес жедел және жыл сайынғы мониторинг жүргізіледі.

      43. Ұлттық жобалардың іске асырылуын жедел мониторингтеу Үлгілік регламентте белгіленген талаптарға сәйкес Офис жүзеге асырады.

      44. Ұлттық жобаның жедел мониторингін жүргізу кезінде:

      оны жүзеге асыру барысы анықталады;

      ұлттық жобаны және онымен байланысты жобалау қызметін іске асыру процесін түзету жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі (қажет болған жағдайда);

      бюджетті жұмсаудың, қосымша қаржыландыруды пайдаланудың экономикалық тиімділігін тексеру жүзеге асырылады;

      бекітілген жауапты тұлғалардың өзектілігі тексеріледі.

      Жедел мониторингтеудің нәтижелерін Үкімет жанындағы жобалық офис ай сайын қалыптастырады, сондай-ақ қажеттігіне қарай ел басшылығына ұсынады, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес.

      45. Жыл сайынғы мониторингтеуді МЖЖ 90-тармағына сәйкес мемлекеттік әзірлеуші орган және оның бірлесіп орындаушылары жүзеге асырады.

      46. Жыл сайынғы мониторингтеудің нәтижелері осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ұлттық жобаны әзірлеушінің есебі түрінде ресімделеді.

      47. Жыл сайынғы мониторингтеудің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жиынтық есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:

      1) ұлттық жобаның іске асырылу барысы туралы жинақталған ақпаратты;

      2) жиынтық қорытындының жобасы.

      48. Жиынтық қорытындының жобасы мыналарды қамтиды:

      1) іске асырылатын ұлттық жобалардың деректемелері (жалпы саны, олардың атаулары, іске асыру мерзімдері, ұлттық жобаларды әзірлеушілер);

      2) есепті кезеңге жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізудің қысқаша талдауы, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдар қол жеткізбеудің (құжатты іске асыру басталған кезден бастап бүкіл кезең үшін) негіздемелері ретінде келтіретін себептердің объективтілігіне және нәтижелер көрсеткіштері мен өткен кезеңдерде МЖЖ құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау жөніндегі Жоғары аудиторлық палатаның тексеру материалдарын ескере отырып, әрбір ұлттық жоба бойынша осындай қол жеткізбеуге әкеп соққан нақты іс-шаралардың орындалмауына қатысты ұстанымы;

      3) ұлттық жобалардың экономикалық және әлеуметтік әсерлерінің іс жүзіндегі ықпалы туралы ақпарат;

      4) тұжырымдар, оның ішінде ұлттық жобаларды одан әрі іске асыру бойынша және ұлттық жобаларды іске асырудың проблемалық мәселелері болған жағдайда ден қажетті қою шаралары бойынша ұсыныстар.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.01.2023 № 14 және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 31.01.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      49. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұлттық жобаларды іске асыру туралы есептерді ескере отырып, ұлттық жобалар іске асырылатын салалардағы, аялардағы ағымдағы жағдай туралы ақпаратты, ұлттық жобалардың елдің әлеуметтік-экономикалық және/немесе қоғамдық-саяси дамуына ықпалын бағалауды және ұлттық жобаларды одан әрі іске асыру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын өзінің жиынтық қорытындысын қалыптастырады.

      50. Ұлттық жобаны іске асырудың соңғы жылы аяқталғаннан кейін ұлттық жоба нәтижелерінің көрсеткіштеріне толық қол жеткізілген жағдайда, ұлттық жобаны әзірлеуші ұлттық жобаны іске асырудың аяқталғаны туралы қорытынды есеп дайындайды.

      51. Қорытынды есеп ұлттық жобаның қолданылуының соңғы жылындағы іске асыру жөніндегі ақпаратты да, іске асыру туралы есептің талдамалық жазбасындағы ұлттық жобаның қолданылуының бүкіл кезеңі үшін жинақталған ақпаратты да қамтиды.

      52. Ұлттық жобаны іске асырудың аяқталғаны туралы қорытынды есептің негізінде мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар ұлттық жобаны іске асыру бойынша, оның ішінде ұлттық жобаның елдің әлеуметтік-экономикалық және/немесе қоғамдық-саяси дамуына әсері және ықпал ету тұрақтылығы туралы қорытындылар қалыптастырады.

      53. Ұлттық жобаның қойылған міндеттеріне белгіленген мерзімде қол жеткізілмеген/толық қол жеткізілмеген жағдайда, ұлттық жобаны әзірлеуші оны іске асыру туралы жыл сайынғы есепті қалыптастыру мерзімінен кейін бір ай мерзімде ұлттық жобаны сапасыз іске асырудың себептері туралы анықтама дайындайды.

      54. Анықтамада ұлттық жобаны сапасыз іске асырылу себептерін талдауды, қабылданған шаралар туралы ақпаратты қамтиды.

      55. Стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың ұлттық жобаны сапасыз іске асырудың себептері туралы анықтамаға қорытындылары ұлттық жобаның міндеттеріне қол жеткізбеу/толық қол жеткізбеу себептерінің объективтілігін бағалауды қамтиды.

8-тарау. Ұлттық жобаларды түзету

      56. Ұлттық жобаны түзетуге МЖЖ-де көзделген жағдайларда жол беріледі.

      57. Ұлттық жобаны түзету осы Әдістеменің 3-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      58. Ұлттық жобаны түзету жүзеге асырылған жағдайда, "Паспорт" бөлімінде ұлттық жобаға түзетулер енгізілген құқықтық акт, сондай-ақ ұлттық жобаны іске асыру үшін бөлінген қаржыландыру көлемі қосымша көрсетіледі.

      59. Мемлекет басшысының жолдаулары мен тапсырмаларын іске асыру үшін енгізілетін өзгерістерді қоспағанда, ұлттық жоба міндеттерінің нәтижелері көрсеткіштерін өзгертуге жол берілмейді.

      60. Ұлттық жобаны аяқтау МЖЖ-нің 91, 92 және 93-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

9-тарау. Ұлттық жобалардың шығыстарын басымдық беру

      61. Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (экономикалық дағдарыс, төтенше жағдайлар, пандемия) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша ұлттық жобалар шығыстарына басымдық беру мақсатында қайта қаралады.

      62. Ұлттық жобалар шеңберінде шығыстарға басымдық беру қаржыландыру үшін басымдығы бірінші кезектегі іс-шараларды анықтау мақсатында талдау жүргізу негізінде жүзеге асырылады. Қалған іс-шараларды іске асыру мерзімдері қайта қаралады.

      63. Талдау жүргізуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қарауына енгізеді.

      64. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі материалдар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұлттық жобаның жобасы Жоғары кеңестің отырысына шығару үшін дайындауды қамтамасыз етеді.

      65. Жоғары кеңестің отырысында мақұлдау ұлттық жобаға шығыстар бойынша өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады. Ұлттық жобаның қаржыландыру үшін басымдығы бірінші кезекте және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ескереді.

      66. Ұлттық жобаны іріктеу кезінде шығыстар бойынша басымдық мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін ұлттық жобаларға беріледі:

      1) ұлттық жобаның әлеуметтік бағыттылығы;

      2) күтпеген жағдайларда өзекті, күтілетін неғұрлым жоғары әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы;

      3) күтпеген жағдайлар басталғанға дейін ұлттық жобаны іске асырудың табыстылығы;

      4) басталған күтпеген жағдайларда қараудың орындылығы.

  Ұлттық жобаларды әзірлеу
жөніндегі әдістемеге
қосымша
  Нысан

Нәтижелер көрсетікіштерін есептеу әдістемесі

р/н

Нәтиже көрсетікішінің атауы

Кезеңділігі және индикаторды қалыптастыру мерзімі

Ақпарат көзі

Шығыс ақпараттың орналасатын орны

Нәтиже көрсетікішін қалыптастыру (есептеу) тәсілін сипаттау

1

2

3

4

5

6







  2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 1 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 79 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Ұлттық жобаны ұсыну форматы ҰЛТТЫҚ ЖОБА (ұлттық жобаның атауы)

1. Паспорт

1. Атауы


2. Ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты


3. Іске асыру мерзімі


4. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы


Күтілетін экономикалық әсер (сандық және сапалық көріністе)


Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және/немесе сандық көріністе)


5. Ұлттық жобаны іске асыруға қажетті қаржыландыру көлемі


6. Ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы


7. Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы
8. Ұлттық жобаның жетекшісі және кураторы


      1.1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланысы

р/с

Атауы

Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы

Ұлттық даму жоспары (жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер, стратегиялық көрсеткіштер)

Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы (бағыты/нысаналы индикаторы)

Елдің аумақтық даму жоспары

Саланы, аяны дамыту тұжырымдамалары (болған жағдайда)

1

2

3

4

5

6

7


Ұлттық жобаның міндеті













      2. Міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері

р/с

Міндеті, нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Алдыңғы жыл фактісі

Ағымдағы жылға бағалау

Нәтиже көрсеткіштері (жоспар), жылдар бойынша

202Y

202Y

202Y

202Y

202Y

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Стратегиялық көрсеткіштер, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының көрсеткіштері

1-бағыт (қажет болған жағдайда) :

№1 міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










№ n міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










n бағыт (қажет болған жағдайда):

№1 міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










№ n міндет


№1 көрсеткіш











№ n көрсеткіш










      3. Әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы

р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар бойынша болжамды мәндер

202Y

202Y

202Y

202Y

202Y

1

2

3

4

5

6

7

8


Әлеуметтік әсер








Экономикалық әсер








оның ішінде:








жұмыс орындарын құру








тұрақты








уақытша







      4. Қажетті ресурстар

р/с

Міндеттердің атауы

Қажетті қаражат (жылдар бойынша) мың тг

Барлық қаржыландыру

Қаржыландыру көзі

Республикалық бюджет

Жергіліктібюджет

бюджеттен тыс қаражат

202Y

202Y

202Y

202Y

202Y

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


№1 міндет






















№ n міндет






















Барлығы, оның ішінде көздердің түрлері бойынша











Республикалық бюджет








*

*


Жергілікті бюджет







*


*


Бюджеттен тыс қаражат







*

*


      5. Жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу

р/с

Атауы

Жауапты (лауазымды тұлға)

Өкілеттіктер

1

2

3

4


міндет




нәтиже көрсеткіші







      Ескертпе: Ұлттық жобаны толтыру жөніндегі түсіндірме осы ұлттық жобаны ұсыну форматына қосымшада келтірілген.

  Ұлттық жобаларды
ұсыну форматына
қосымша

Ұлттық жобаны толтыру бойынша түсініктеме

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 10.08.2023 № 148 және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 11.08.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Ұлттық жобаның "1. Паспорт" деген бөлімінде мыналарды қамтитын негізгі параметрлер баяндалады:

      1) атауы;

      2) ұлттық жобаны әзірлеу мақсаты;

      3) іске асыру мерзімі;

      4) күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері, игілік алушыларға пайдасы:

      сандық мәнде күтілетін экономикалық әсері;

      сандық және/немесе сапалық мәнде күтілетін әлеуметтік әсері;

      5) ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемі. Ұлттық жобаны түзеткен жағдайда, аталған бағанда ұлттық жобаны іске асыруға бөлінген қаржыландыру көлемі қосымша көрсетіледі;

      6) ұлттық жобаны әзірлеушінің атауы;

      7) ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атауы;

      8) ұлттық жобаның жетекшісі мен кураторы.

      Ұлттық жобаның кураторын Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабына сәйкес бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі айқындайды.

      "1.1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарымен өзара байланыс" деген кіші бөлімде тиісті құжаттардың бағандары бойынша Жалпыұлттық басымдықтардың бағыттары, басымдықтары, стратегиялық көрсеткіштері, нысаналы индикаторлары немесе өңірлердің түйінді параметрлері көрсетіледі.

      2. "2. Міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде бағыт және міндет жолдары бойынша МЖЖ жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына, Стратегиялық көрсеткіштер картасының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге, сондай-ақ саланың/аяның даму тұжырымдамасына сәйкес қызмет салаларындағы түйінді өзгерістерді қамтамасыз ету үшін саланың/аяның проблемаларын шешуге бағытталған ұлттық жобаның бағыттары, міндеттері көрсетіледі.

      Біртекті сипаттағы міндеттерді іске асыру жағдайында оларды бағыттар бойынша топтастыруға жол беріледі.

      Міндеттерді анықтау мынадай өлшемшарттар:

      1) өзіндік сипаты мен нақтылық (міндет тиісті сала/ая бойынша Стратегиялық көрсеткіштер картасының көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді, бір мағыналы түсіндірмесі бар нақты тұжырымдардан тұрады);

      2) өлшенгіштік (тексеру мүмкіндігі, нәтиженің өлшенгіштігінің сипаттамасы және қызмет нәтижелерінің нақты көрсеткіштерін айқындау);

      3) қолжетімділік (ұлттық жобаны іске асыру кезеңінде қойылған міндеттерді орындау мүмкіндігі, олардың қалай және қандай жағдайда орындалатындығы, ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы нақты түсініктің болуы);

      4) уақыттың шектеулілігі (міндет белгіленген мерзімде шешіледі);

      5) релеванттылығы (міндет жоғары тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге үлес қосады) ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

      Міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келеді:

      қажеттілік – қойылған міндеттерге қол жеткізу ұлттық жобаның табысты болуының қажетті шарты болып табылады;

      жеткіліктілік – барлық міндеттерді шешу ұлттық жобаны іске асыру үшін жеткілікті шарт болып табылады.

      3. Әрбір міндеттің іске асырылу мерзімі ұлттық жобаның жоспарланған кезеңінен аспайды.

      3 және 4-бағандар бойынша одан әрі көрсеткіштерге нақты қол жеткізуді растайтын өлшем бірліктері мен дереккөздер көрсетіледі.

      4. Әрбір міндетке оған қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін нәтиже көрсеткіштерінің жиынтығы (аралық және түпкі мәндерімен) сәйкес келеді. Нәтиже көрсеткішінің сапалық жағы мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы (аяларындағы) аяаралық /салааралық сипаттағы мәселелерді шешу деңгейін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті немесе шамамен алынған мәнін көрсетеді.

      Нәтиже көрсеткіштері мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады:

      оларды жоспарлы кезеңдегі серпінде объективті бағалау және салыстыру мүмкіндігін беру;

      барлық мүдделі тараптар үшін біркелкі түсінікті болу;

      оларға қол жеткізуді бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстардың болуы;

      толық және барабар сипаттама беру;

      қолжетімді және өлшемді болу;

      мониторинг жүргізу және оларға қол жеткізуді бағалау үшін аралық мәндердің болуын қамтамасыз ету.

      Ұлттық жобаны әзірлеуші негізгі өзгерістерді, анықталған проблемалардың шешімін сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізуді бағалау үшін қажетті нәтиже көрсеткіштерін ғана таңдайды. Барлық келтірілген нәтижелер көрсеткіштері бойынша базалық (бастапқы) және жоспарланған мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай нысанда тиімді көрсетілсе), сондай-ақ көрсеткіштің осы мәніне қол жеткізу үшін қажетті уақыт бойынша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.

      5 және 6-бағандарда алдыңғы жылғы көрсеткіштер бойынша нақты деректер және жылдар бойынша серпінде жоспарлы кезеңге мәндерді белгілеу мақсатында ағымдағы жылға бағалау мәндері көрсетіледі.

      7-11-бағандарда нәтиже көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері көрсетіледі.

      5. Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде ұлттық жобаны әзірлеуші бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оларға қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтамасыз етеді.

      Ұлттық жобаны әзірлеуші декомпозициялау кезінде ұлттық жобаның тиісті міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу шешілетін және қол жеткізілетін төмен тұрған МЖЖ құжаттары және оларға қол жеткізуге жауаптылар айқындалады.

      Ұлттық жобаның міндеттері мен нәтижелерін декомпозициялау екі тәсілмен жүзеге асырылады:

      бөлу: егер міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бірнеше мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне байланысты болса;

      ауысу: егер міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бір мемлекеттік органның (оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда) қызметіне толық байланысты болса.

      Бөлу кезінде міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері қол жеткізілуі құжатты бірлесіп орындаушыларға байланысты болатын құрамдас бөліктерге бөлінеді.

      Бөлу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) кешенді міндеттерді іске асыру кезінде бірнеше мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қызметінің шеңберінде түрлі кіші міндеттерді шешу жолымен міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерінің тұжырымдалуы, сондай-ақ олардың мәндері, жиынтығында нәтиженің тиісті көрсеткішіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін төмен тұрған МЖЖ құжаттарында өзгереді;

      2) шешілуіне бірнеше мемлекеттік орган қатысатын бірыңғай жалпыұлттық міндетті іске асыру кезінде төмен тұрған МЖЖ құжаттарында міндеттің және нәтиже көрсеткішінің тұжырымы өзгеріссіз қалады, бұл ретте нәтиже көрсеткішінің мәндері ұлттық жобаның бірлесіп орындаушылары бойынша бөлінеді.

      Мысалы, "Еңбек өнімділігінің өсуі" нысаналы индикаторына қол жеткізуге Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметі ықпал етеді.

      Құжатты бірлесіп орындаушылар өздері тікелей іске асыратын төмен тұрған МЖЖ құжаттары (мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары) арқылы тиісті міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Ауысу кезінде нәтижелердің көрсеткіштері де төмен тұрған құжаттарда сол тұжырымда және мәндерде көрсетіледі.

      6. "3. Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер, игілік алушыларға пайдасы" деген бөлімде:

      1) игілік алушылардың өмір сүру сапасын арттыруға және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік әсер;

      2) берілген мемлекеттік қолдау шараларынан және инвестициялар тартудан экономикалық әсер түріндегі күтілетін нәтиже туралы ақпарат көрсетіледі.

      Әлеуметтік нәтиже ұлттық жобаның игілік алушыларының үмітіне сәйкес келетін әлеуметтік маңызы бар нәтиже болып табылады.

      Ұлттық жобаның күтілетін әлеуметтік әсері игілік алушылардың санатын, ұлттық жобаның кімге бағдарланғандығын және осы ұлттық жоба қандай проблемалар мен міндеттерді қанағаттандыруды көздейтінін, яғни ұлттық жобаны іске асырғанға дейінгі істің жағдайын ұлттық жобаны іске асыру кезеңі немесе бүкіл мерзімі аяқталған жағдаймен салыстыруды негізге ала отырып айқындалады. Өмір сүру сапасын арттыру адами капиталдың сапасын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды, оның ішінде халықтың табысын арттыруды, көрсетілетін қызметтер мен инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейтуді көздейді.

      7. Экономикалық әсер – жаңа технологияларды, ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды енгізу нәтижесінде бастапқы және алынған қорытынды арасындағы экономикалық нәтижені немесе өсімді айқындайтын көрсеткіш.

      Экономикалық әсер салық түсімдерінің ұлғаюын, тұрақты жаңа жұмыс орындарының құрылуын, тартылған инвестициялардың көлемін, тиісті салаға салымның өсуін, мемлекеттік шығыстардың азаюын және ұлттық жобаның экономикалық әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді білдіреді.

      8. Күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсерді толтыру кезінде әрбір әсерді игілік алушылардың санаттары бойынша дұрыс көрсету қажет.

      Әлеуметтік және экономикалық әсер сандық және/немесе сапалық тұрғыдан өлшенетін шамаларды білдіреді және ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған оң өзгерістерді көрсетеді.

      Әлеуметтік және экономикалық әсер қазіргі статистикалық ақпаратты, халықаралық индекстерді, әлеуметтанушылық зерттеулер нәтижелерін, әкімшілік деректерді және ресми деректерді есептеу әдістерін қолдана отырып айқындалады.

      Көрсеткіштерді есептеудің ресми әдістері болмаған жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган есептеу әдістемесін бекітеді. Ұлттық жобаның жобасы келісілген жағдайда есептеу әдістемесі стратегиялық, мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың сұрау салуы кезінде қосымша ақпарат түрінде енгізеді.

      4-8-бағандарда ұлттық жобадан жалпы күтілетін әсерлердің мәндері жылдар бойынша серпінде көрсетіледі. Әсерді кейінге қалдыру түрінде, бірақ ұлттық жобаны іске асырудың соңғы жылынан кеш емес көрсетуге жол беріледі.

      9. "4. Ресурстар" деген бөлімде ұлттық жобаны іске асыруға қаржы ресурстарына қажеттілік жазылады.

      Ұлттық жобаның міндеттері бойынша талап етілетін қаржы ресурстарының болжамды көлемі осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қалыптастырылатын Ұлттық жобаны іске асыру кесте-жоспарының негізінде жалпы сомамен қалыптастырылады.

      10. Ұлттық жобаны қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттің кепілдігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың өз қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.

      11. "5. Жауапкершілікті және өкілеттіктерді бөлу" деген бөлімде міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері бөлінісінде 3-бағанда Қағидаларға сәйкес айқындалатын, орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды тұлғалары көрсетіледі.

      4-бағанда өздеріне бекітілген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуі қажет және қол жеткізілуін қамтамасыз ететін жоғарыда аталған тұлғалардың негізгі өкілеттіктерінің шеңбері көрсетіледі.

  2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 1 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 79 Бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
  Нысан

Ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесі

Атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау мерзімі

Алдыңғы жылдың фактісі

202Y

202Y

202Y

202Y

202Y

Барлық қаржыландыру

Қаржыландыру көзі

Жылдық жоспар

Алд. жылғы фактіге %

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Бюджеттен тыс
қаражат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

I. № стратегиялық көрсеткіш

№1 міндет














№1
көрсеткіш














A іс-шарасы














..














тұрақты жұмыс орындарын құру **














уақытша жұмыс орындарын құру**














№2 міндет














№2
көрсеткіш














B іс-шара














...














тұрақты жұмыс орындарын құру **














уақытша жұмыс орындарын құру**














Барлығы, оның ішінде


*

*

*

*









РБ


*

*

*

*







*

*

ЖБ


*

*

*

*






*


*

Бюджеттен тыс қаражат


*

*

*

*






*

*


      Ескерту: ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесін толтыру бойынша түсіндірме ұлттық жобаны іске асырудың жоспар-кестесінің осы формасының қосымшасында келтірілген.

      *Толтырылмайды

      **Жұмыс орындарын құруды көздейтін міндеттер бойынша міндетті түрде жылдар бойынша "Тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құру" деген жолдар толтырылады.

  Ұлттық жобаны іске асыру
жоспар-кестесінің нысанына
3-қосымша

Ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесін толтыру бойынша түсіндірмелер

      Ұлттық жобаны іске асыру жоспары мынадай жолмен толтырылады:

      1. "№ стратегиялық көрсеткіш" деген бағанда Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткішінің толық атауы көрсетіледі.

      2. "Міндет" деген жолда:

      "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жобаның міндеттерінің атаулары көрсетіледі;

      "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес ұлттық жобаның әрбір міндетін шешуге дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды адамдар көрсетіледі;

      "Аяқтау мерзімі" деген 3-бағанда ұлттық жобаның міндетін іске асыру күні көрсетіледі;

      5, 7-10-бағандарда жылдар бөлінісінде міндеттерді іске асыру үшін қаржыландырудың болжамды сомасы көрсетіледі;

      6-бағанда өткен жылғы қаржыландырудың нақты сомасына қатысты міндеттерді қаржыландырудың болжамды сомасының серпіні көрсетіледі. Нақты мәндер болмаған жағдайда бұл баған толтырылмайды;

      "Қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда міндет нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын, міндетті іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы болжамды сомасы көрсетіледі;

      12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың жалпы болжамды сомалары көрсетіледі: республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар;

      1) "Көрсеткіш" деген жол бойынша:

      "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба нәтижесі көрсеткішінің атауы көрсетіледі;

      "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Қағидаларға сәйкес нәтиже көрсеткіші үшін дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды тұлғалар көрсетіледі;

      "Аяқтау мерзімі" деген 3-бағанда ұлттық жобаның көрсеткішіне қол жеткізу күні көрсетіледі;

      "Алдыңғы жылдың фактісі" деген 4-бағанда жоспарлы кезеңнің өткен жылындағы нәтиже көрсеткішінің нақты мәні көрсетіледі;

      5, 7-10-бағандар бойынша жылдар бойынша нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәндері көрсетіледі, 6-бағанда өткен жылдың нақты мәніне қатысты нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәнінің серпіні көрсетіледі.

      "Қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын нәтиже көрсеткішін іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы болжамды сомасы көрсетіледі;

      12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың болжамды сомалары көрсетіледі: республикалық бюджет және бюджеттен тыс қаражат;

      2) "Іс-шара" деген жол бойынша:

      ұлттық жобаның әрбір міндеті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті біртекті белгілері бойынша топтастырылған іс-шаралар бөлінісінде:

      "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба іс-шарасының атауы көрсетіледі;

      "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес іс-шара үшін дербес жауапкершілік бекітілген лауазымды адамдар көрсетіледі;

      "Аяқтау мерзімі" деген 3-бағанда ұлттық жобаның әрбір іс-шарасының аяқталу күні көрсетіледі;

      "Алдыңғы жылдың фактісі" деген 4-бағанда жоспарлы кезеңнің өткен жылы нақты жұмсалған қаражат сомасы көрсетіледі (бар болса);

      5, 7 және 10-бағандар бойынша іс-шараның сандық өлшемі (км. жол) және жылдар бойынша осы іс-шараны қаржыландырудың болжамды сомасы (млн. тг) көрсетіледі;

      6-баған толтырылмайды;

      "Қаржыландыру көзі" деген 11-бағанда жылдар бойынша қаржыландыру көздері бөлінісінде жобаны іске асырудың барлық жылдары бойынша қаржыландыру сомасы ретінде қалыптастырылатын іс-шараны іске асыру үшін қаржыландырудың жалпы сомасы көрсетіледі;

      12, 13 және 14-бағандарда қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың болжамды сомалары көрсетіледі: республикалық, жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қаражат;

      жұмыс орындарын құруды көздейтін міндеттер бойынша іс-шаралар, "Атауы" деген жолдан кейін "Жұмыс орындарын құру: тұрақты және уақытша", жылдар бойынша" деген жолдар міндетті түрде толтырылады.

  2021 жылғы 12 тамыздағы
№ 1 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 79 Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
  Нысан

Ұлттық жобалар бойынша есептілік _________________________ мерзімге (іске асыру мерзімі) _____________________________ ұлттық жобасын іске асыру бойынша (ұлттық жобаның атауы) ___________________________ жыл сайынғы есеп (әзірлеушінің атауы)

      1. Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша

Міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің, жобалардың атауы

Жауапты орындаушылар

202Y

Ескертпе

Жоспар

Факт

Жоспарға % қатысы

1

2

5

6

7

8

I. №n стратегиялық көрсеткіші

№1 міндет


*

*

*


№1 көрсеткіш






A іс-шарасы


**

**









№2 міндет


*

*

*


№2 көрсеткіш






B жобасы


**

**








      * толтырылмайды

      ** пайдаланған бюджет қаражатының жоспарлы және нақты сомалары

      2. Әлеуметтік-экономикалық әсер

т/т

Әлеуметтік және / немесе экономикалық әсер атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Факт

Ескерту

1

2

3

4

5

6


Әлеуметтік әсер






Экономикалық әсер











      3. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы ақпарат

Жыл

БСН \ ЖСН

Кәсіпорынның атауы / мемлекеттік шара алушы

Өңір

Кәсіпорынның өлшемі (ірі/орта/шағын/ЖК)

Сала

Қызмет түрі (ЭҚТЖ)

Қолдау шараларын алған күн

Қолдау шарасы

Қолдаудың нысаналы мақсаты

Қолдаудың жалпы сомасы, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Базалық жыл











n жыл











      Кестенің жалғасы

Құрылған жаңа жұмыс орындары

Кәсіпорынның кірісі, мың теңге

Төленген салық сомасы, мың теңге

Өнім шығару, мың теңге

Өнім экспорты, мың теңге

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21





















      4. Қаражатты игеру

Қаржыландыру көзі

Жоспар,
млн теңге

Нақты,
млн теңге

Пайдаланылмау себебі

1

2

3

4

1-міндет




Республикалық бюджет




Жергілікті бюджет




Бюджеттен тыс қаражат




….




n -міндет








Республикалық бюджет




Жергілікті бюджет




Бюджеттен тыс қаражат




Жиыны




Республикалық бюджет




Жергілікті бюджет




Бюджеттен тыс қаражат




      5. Талдамалық жазба

  Ұлттық жобаларды
орындаушылардың есептілік
нысанына
қосымша

Жыл сайынғы есепті толтыру бойынша түсіндірме

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 10.08.2023 № 148 және ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 11.08.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Ұлттық жобаны іске асыруы жөніндегі есепті, оның ішінде ұлттық жобаны бірлесіп орындаушылар былайша толтырады:

      1. "1. Нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу" деген 1-бөлім бойынша:

      "Стратегиялық № көрсеткіштері" жолы бойынша Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткішінің толық атауы көрсетіледі.

      "Атауы" деген 1-бағанда ұлттық жоба міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және жобаларының атауы көрсетіледі;

      "Жауапты орындаушылар" деген 2-бағанда Қағидаларға сәйкес міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне және ұлттық жобаның жобаларына қол жеткізу үшін жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі;

      "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша "жоспар" деген 3-бағанда есепті кезеңге (жыл үшін) нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәндері көрсетіледі;

      4-бағанда "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша нәтиже көрсеткішінің бағалау (бір жыл ішінде қол жеткізуге жоспарланатын) және/немесе нақты мәндері, ал "жоба" деген жолдар бойынша игерілген бюджет қаражатының болжамды сомалары көрсетіледі;

      "жоспарға қатысты %" деген 5-бағанда "нәтиже көрсеткіштері" деген жолдар бойынша жоспарлы мәндерге нақты мәндердің серпіні, ал "жоба" деген жолдар бойынша есепті кезең үшін жоспарлы мәндерге бюджет қаражатының нақты пайдаланылған сомаларының серпіні көрсетіледі;

      "ескерту" деген 6-бағанда (қажет болған жағдайда) 2-5-бағандар бойынша жеке түсіндірмелер көрсетіледі.

      2. "2. Әлеуметтік-экономикалық әсер" деген бөлім бойынша:

      1) "Р/с №" деген 1-бағанда өтпелі реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) "Әлеуметтік-экономикалық әсердің атауы" деген 2-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан алынған әлеуметтік әсер мен экономикалық әсер бөлінісінде сапалық және сандық мәндегі әсер көрсетіледі;

      3) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда күтілетін нәтиженің өлшем бірлігі көрсетіледі;

      4) "Жоспар" деген 4-бағанда ұлттық жобаны іске асырудан күтілетін әсердің жоспарлы сандық немесе сапалық мәні көрсетіледі;

      5) "Факт" деген 5-бағанда есепті кезеңде ұлттық жобаны іске асырудан алынған әсер сандық немесе сапалық мәнде көрсетіледі;

      6) "Ескертпе" деген 6-бағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, оған қол жеткізбеу себебі көрсетіледі.

      3. "3. Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар туралы ақпарат" деген бөлім бойынша:

      қарсы міндеттемелер шеңберінде олардың ішінде мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылған жағдайда, ұлттық жобаларды іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады.

      1) "Жыл" деген 1-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған жыл көрсетіледі;

      2) "БСН/ЖСН" деген 2-бағанда заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын және қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бірегей нөмірі немесе қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын, мемлекеттік қолдау шараларын алушының бірегей нөмірі;

      3) "Кәсіпорынның/мемлекеттік шараларды алушының атауы" деген 3-бағанда мемлекеттік қолдау шараларын алған кәсіпорындардың атауы және жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетіледі;

      4) "Өңір" деген 4-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы көрсетіледі;

      5) "Кәсіпорынның өлшемділігі (ірі/орта/шағын/ЖК)" деген 5-бағанда кәсіпорындар үшін Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының өлшемділік сыныптауышына сәйкес жұмыспен қамтылғандар саны бойынша өлшемділік көрсетіледі, жеке тұлғалар бойынша "Жеке кәсіпкер" мәртебесі көрсетіледі";

      6) "Сала" деген 6-бағанда кәсіпорынның және мемлекеттік қолдау шараларын алушы жеке тұлғаның қызметіне байланысты саланың атауы көрсетіледі;

      7) "Қызмет түрі (ЭҚЖЖ)" деген 7-бағанда экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрінің атауы көрсетіледі;

      8) "Қолдау шараларын алған күн" деген 8-бағанда мемлекеттік қолдау шарасын алған күн көрсетіледі;

      9) "Қолдау шарасы" деген 9-бағанда оны алушыға көрсетілген мемлекеттік қолдау шарасының атауы көрсетіледі (мысалы, субсидиялау, кепілдік беру және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары);

      10) "Қолдаудың нысаналы мақсаты" деген 10-бағанда мемлекеттік қолдау мақсатының сипаттамасы көрсетіледі (мысалы, мемлекеттік қолдау неге бағытталғаны - тұқым, ЖЖМ, техникалар және т. б. сатып алу);

      11) "Қолдаудың жалпы сомасы, мың теңге" деген 11-бағанда мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған бюджет қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі;

      12) "Жаңа жұмыс орындары құрылды" деген 12-бағанда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі (жылдар бойынша) бөлінісінде) құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі;

      13) "Кәсіпорынның кірістері, мың теңге" деген 14 және 15-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде алынған кірістердің сомасы (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі бөлінісінде (жылдар бойынша) көрсетіледі;

      14) "Төленген салықтардың сомасы" деген 16 және 17-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану нәтижесінде (мемлекеттік қолдау шараларын алу кезеңі бөлінісінде (жылдар бойынша) алынған кәсіпорындар мен дара кәсіпкердің кірістері бойынша бюджетке төленген салықтардың сомасы көрсетіледі;

      15) "Өнім шығару, мың теңге" деген 18 және 19-бағандарда мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың қорытындысы бойынша алынған шығарылған өнімнің көлемі көрсетіледі;

      16) "Өнімнің экспорты, мың теңге" деген 20 және 21-бағандарда шығарылған өнімнің жалпы көлемінен экспортқа бағытталған өнімнің көлемі көрсетіледі.

      Экспортты жүзеге асырмайтын кәсіпорындар мен дара кәсіпкерлер соңғы бағанды толтырмайды;

      "Базалық жыл" деген жол бойынша мемлекеттік қолдау шарасын алудың бірінші жылы бойынша ақпарат көрсетіледі.

      "n жыл" деген жолда мемлекеттік қолдау шарасын алудың кейінгі жылдары бөлінісінде ұқсас ақпарат көрсетіледі.

      "Базалық жыл" және "n жыл" жолдары өткен жылғы ұлттық жобаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Келесі жылдары осы жолдар тек есепті кезең үшін толтырылады.

      4. "Қаржы қаражатын игеру" деген 4-бөлім бойынша:

      1) "Қаржыландыру көзі" деген 1-бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;

      2) "Жоспар, миллион теңге" деген 2-бағанда есепті жылға жоспарланған қаржы қаражатының сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;

      Егер бағдарламаны қаржыландыру көзі республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты болып табылса, осы бағанда түзетілген бюджеттің сомасы көрсетіледі;

      3) "Факт, миллион теңге" деген 3-бағанда есепті жыл үшін қаржы қаражатын іс жүзінде игеру сомасы миллион теңгемен келтіріледі;

      4) "Игерілмеу себептері" деген 4-бағанда қаржы қаражатын игермеу себептері көрсетіледі;

      5) осы бөлімнің соңындағы "Жиыны" деген жолда есепті жылдың соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының қаржыландыру көздері бөлінісінде жалпы сомасы көрсетіледі.

      5. "5. Талдамалық жазба" деген бөлім мыналарды:

      1) міндеттер нәтижелерінің жоспарланған және нақты қол жеткізілген көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізбеу себептерін;

      2) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, есепті кезеңде бөлінген және игерілген қаражатты көрсете отырып, орындалған/жоспарланған іс-шаралар – орындалмаған/орындалған іс-шаралар (құжат іске асырылған кезден бастап бүкіл кезең ішінде), сондай-ақ (іс-шаралар орындалмаған жағдайда) олардың орындалмау себептері және ұлттық жобада айқындалған белгіленген міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпалы туралы түсініктемелер туралы ақпаратты;

      3) базалық кезеңмен салыстырғанда серпінде игілік алушылардың қанағаттану деңгейі туралы ақпаратты (құжат іске асырылғанға дейінгі сәтте тиісті көрсеткіштердің мәні туралы ақпарат болған кезде, ол болмаған жағдайда – құжатты іске асырудың бірінші жылы базалық болып танылады);

      4) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы мәліметтер және бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша орындалған ұсынымдар туралы ақпаратты қамтиды.

      Құжатты іске асыру бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты жағдайларда, ұлттық жобаны әзірлеуші іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді;

      5) шешілуіне құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты, сондай-ақ тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде ұлттық жобаны түзету қажеттігіне, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына талап етілетін өзгерістерге және басқаларға қатысты ақпаратты көрсете отырып, құжаттың іске асырылу барысына жинақталған талдауды қамтиды.

      Мемлекеттік қолдау шаралары болған кезде талдамалық есепте мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін салалық бағалау нәтижелері туралы ақпарат, сондай-ақ ұлттық жобада мемлекеттік қолдау шаралары болған жағдайда әрбір мемлекеттік қолдау шарасынан алынған әлеуметтік-экономикалық әсер туралы ақпарат қосымша көрсетіледі.

      Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін салалық бағалаудың нәтижелері туралы ақпаратта саланы/аяны құрылымдық талдаудың негізінде шығындар мен нәтижелерді сандық талдау және мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды сүйемелдеу жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларының операторлары қызметінің тиімділігін ескере отырып, әрбір мемлекеттік қолдау шарасы бөлінісінде бөлінген қаражаттың тиімділігі туралы ақпарат қамтылады.

      Ұлттық жобаны бірлесіп орындаушылар есепті ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінде олар жауапты болып бекітілген жолдар бойынша ғана толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады