Біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 тамызда № 33317 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 04.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 24-бабын 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Біліктілік бағдарламаларын әзірлеу және бекіту қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік және болжау жүйесін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице–министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

  2023 жылғы 18 тамыздағы
№ 348 бұйрыққа
қосымша/

Біліктілік бағдарламаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы біліктілік бағдарламаларын, сондай - ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Кәсіптік біліктіліктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң 17-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 24-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және біліктілік бағдарламаларын әзірлеу мен бекіту тәртібін, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) біліктілік бағдарламасы – кәсіптік біліктілігін тануға үміткер кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде белгілі бір жабдықты, әдіснаманы және (немесе) құралдарды пайдалана отырып, белгілі бір жұмыс жағдайларында білімді, машық пен дағдыны қолдануға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін пайдаланылатын шаралар кешені;

      2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

      3) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      4) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

      5) кәсіптік біліктілікті тану орталығы (бұдан әрі – тану орталығы) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, кәсіптік біліктілікті тануды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      6) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      7) өтініш беруші – кәсіптік біліктілікті тану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;

2 тарау. Біліктілік бағдарламаларын және оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту тәртібі

      3. Біліктілік бағдарламалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді және оларға қойылатын талаптарға сәйкес бекітіледі.

      4. Біліктілік бағдарламаларын өтініш беруші тиісті кәсіптік стандарттардың талаптары, ал олар болмаған кезде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген біліктілік талаптары негізінде әзірлейді.

      5. Біліктілік бағдарламасының жобасын өтініш беруші кәсіптік біліктілікті тану, қайта ресімдеу, кері қайтарып алу, аккредиттеу аттестатының қолданылуын қайта бастау және тоқтату орталықтарын аккредиттеу қағидаларына, сондай-ақ аккредиттеуден кейінгі шарттың үлгілік нысаны мен талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жібереді.

      6. Біліктілік бағдарламасын тану орталықтары Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы берген аккредиттеу аттестатын алған күннен кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітеді.

      7. Тану орталығы өзінің бекітілген біліктілік бағдарламаларының тізбесін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰБЖ цифрлық платформасында және өзінің интернет-ресурсында жүргізеді.

  Біліктілік бағдарламаларын,
сондай-ақ оларға қойылатын
талаптарды әзірлеу және
бекіту қағидаларына
1-қосымша

Біліктілік бағдарламаларына қойылатын талаптар

      Біліктілік бағдарламалары:

      1) Жалпы ережелер, атап айтқанда:

      біліктілік бағдарламасының атауы, тиісті кәсіптік стандарттың атауына нұсқау, ал ол болмаған кезде – белгілі бір жабдықты, әдіснаманы және (немесе) құралдарды пайдалана отырып, белгілі бір жұмыс жағдайларында білімді, іскерлікті және дағдыларды қолдану жөніндегі біліктілік талаптарына (біліктілік талаптарын қоса бере отырып) нұсқау;

      глоссарий (біліктілік бағдарламасында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалардың, қысқартулардың тізбесін қамтиды);

      Біліктіліктің сипаттамасы (кәсіптің коды мен атауы, ұлттық біліктілік шеңберінің (бұдан әрі – ҰБШ)/ салалық біліктілік шеңберінің (бұдан әрі - СБШ), еңбек функцияларының сипаттамасы, жеке дағдыны немесе дағдылар тобын тану, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, формалды емес және информалды білім беру кезіндегі тану шарттары, тыйым салулар мен шектеулер, пайдаланылатын жабдықтар, әдіснамалар және құралдар);

      емтиханның құрылымы мен форматы (онлайн және (немесе) офлайн): емтихан құрылымының сипаттамасы және емтиханның форматы (онлайн және (немесе) офлайн) көрсетіледі. Мамандыққа, кәсіптік біліктілікке және салалық ерекшелікке қойылатын талаптарға байланысты емтихан теориялық білімді тексеруге арналған тапсырмаларды, сондай-ақ емтиханның әр кезеңін тапсыру ұзақтығы, шарттары мен реттілігін көрсете отырып, кәсіптік дағдылар мен дағдыларды тексеруге арналған практикалық тапсырмаларды қамтиды;

      бағалау құрылымы: үміткердің емтиханның теориялық және практикалық кезеңін, қажетті кәсіптік біліктілікке сәйкестігі туралы білімін, машығы мен дағдыларын сәтті орындау критерийлеріне негізделген қорытынды бағалау қалай қалыптасатыны көрсетіледі. Бағалау кезінде емтиханның теориялық және практикалық кезеңдерінен өту, жеке құзыреттіліктерді бағалау үшін баллдарды бөлудің үлестік градациясы анықталады;

      2) емтиханның теориялық кезеңі туралы мәліметтер, атап айтқанда:

      теориялық білімді тексеруге арналған тапсырмалар туралы ақпарат: теориялық сұрақтарға жазбаша немесе ауызша жауаптар, принциптерді, фактілерді, тұжырымдамалар мен теорияларды түсінуді өлшеу;

      көрсетілген білім көлемін (тақырыптарды, бөлімдерді)игеру үшін қажетті сағаттар санын көрсете отырып, кәсіби біліктілікті бағалау үшін қажетті білім көлемі (тақырыптар, бөлімдер);

      3) емтиханның практикалық кезеңі туралы мәліметтер, атап айтқанда:

      практикалық дағдылар мен дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалардың түрі мен мазмұны туралы ақпарат. Мысалы, есептеулерді орындау, жағдайды және әрекетті жағдайға жауап ретінде модельдеу, сұхбат, тапсырманы іс жүзінде орындау;

      әр дағдыға жету үшін қажетті сағаттар санын көрсете отырып, кәсіби біліктілік үшін қажет дағдылардың тізімі.

      Практикалық жұмысты сипаттау үшін біліктілік бойынша технологиялық карта және (немесе) жеке дағды немесе дағдылар тобы бойынша технологиялық карта қолданылады. Технологиялық карта практикалық жұмысты орындау алгоритмін кезеңдер, шикізат немесе материалдар саны, қажетті жабдықтардың тізімі, шарттар, процестер, дайын өнімге қойылатын талаптар, уақыт нормалары көрсетілген схема түрінде сипаттайды.

      Бұл ретте жабдықты пайдалану, қауіпсіздік техникасы бойынша талаптар көрсетіледі.

      Емтиханның практикалық кезеңі мыналарды қамтиды:

      1) жұмыс материалдарын (құралдарын) іріктеу және практикалық тапсырманы орындауға дайындау және тапсырманы орындау жоспарын әзірлеу;

      2) жеке қорғаныс құралдарын таңдау (жеке қорғаныс құралдарының кездейсоқ жиынтығынан: көзілдірік, дулыға, қолғап, алжапқыш және т. б.);

      3) тапсырманы іс жүзінде орындау;

      4) міндетті негізде жүргізілетін және кәсіптік біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес (кәсіптік стандарттарда, ал олар болмаған кезде – біліктілік талаптарында) жеке құзыреттерді бағалау әдістерін қамтитын жеке құзыреттерді бағалау;

      5) бағалау критерийлері: емтиханның теориялық және практикалық кезеңдерін бағалау әдістері.

      4-тарау жеке құзыреттерді бағалау міндетті негізде жүргізіледі және мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес жеке құзыреттерді бағалау әдістерін қамтиды.

      5-тарау "бағалау критерийлері" емтиханның теориялық және практикалық кезеңін бағалау әдістерін қамтиды.

      Емтиханның теориялық және практикалық кезеңдерін, жеке құзыреттіліктерді бағалау кезінде "тапсырды" және "тапсырған жоқ" бағасы қолданылады. Емтиханның теориялық кезеңіндегі сұрақтардың жалпы санынан 70 (жетпіс) пайыздан астам дұрыс жауап алған үміткер емтиханның практикалық кезеңін тапсыруға жіберіледі.

      Емтиханның теориялық және практикалық кезеңдерінің нәтижелері кәсібибіліктілікті танудың қорытынды бағасын қалыптастыру кезінде ескеріледі.

  Біліктілік бағдарламаларын,
сондай-ақ оларға қойылатын
талаптарды әзірлеу және
бекіту қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Біліктілік бағдарламасы Кәсіптік біліктілікті тану орталығы __________________________________________________ (толық атауы, заңды мекенжайы) Кәсіптік стандарт (кәсіптік стандарттар) немесе біліктілік талаптары _________________________________________________________________ (құжаттардың толық тізімі)

1 тарау. "Жалпы ережелер"

Біліктілік бағдарламасының атауы


Глоссарий


Кәсіптік біліктілікті тану

Кәсіп коды


Мамандықтың атауы


Еңбек қызметінің түрі


ҰБШ/СБШ деңгейі


Еңбек функциясы


Кәсіби міндет


Дағды


Білім


Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Тыйымдар мен шектеулер


Формалды емес білім беруді тану шарттары


Информалды білім беруді тану шарттары


Жеке дағдыларды немесе дағдылар тобын тану

Кәсіби міндет


Дағды


Білім


Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Тыйымдар мен шектеулер


Формалды емес білім беруді тану шарттары


Информалды білім беруді тану шарттары


Емтиханның құрылымы мен форматы


Пайдаланылатын жабдықтардың тізбесі


2 тарау. "Емтиханның теориялық кезеңі туралы мәліметтер"

Кәсіптік біліктілікті тану

Теориялық кезеңнің формалары мен әдістерін сипаттау


Білім бөлімдері мен тақырыптарының тізімі


Теориялық тапсырмалардың мысалдары


Жеке дағдыларды немесе дағдылар тобын тану

Теориялық кезеңнің формалары мен әдістерін сипаттау


Білім бөлімдері мен тақырыптарының тізімі


Теориялық тапсырмалардың мысалдары


3-тарау. "Емтиханның практикалық кезеңі туралы мәліметтер"

Кәсіптік біліктілікті тану

Практикалық кезеңнің формалары мен әдістерін сипаттау


Практикалық жұмыстардың тізімі


Практикалық жұмыстарды орындау дағдыларының тізімі


Практикалық жұмысты орындау үшін технологиялық картаның мысалы мен сипаттамасы


Жабдықты пайдалану, қауіпсіздік техникасы бойынша талаптар


Жеке дағдыларды немесе дағдылар тобын тану

Практикалық кезеңнің формалары мен әдістерін сипаттау


Практикалық жұмыстардың тізімі


Практикалық жұмыстарды орындау дағдыларының тізімі


Практикалық жұмысты орындау үшін технологиялық картаның мысалы мен сипаттамасы


4-тарау. "Жеке құзыреттілікті бағалау"

Кәсіптік біліктілікті тану

Жеке құзыреттілікті бағалаудың нысандары мен әдістерін сипаттау


Кәсіп шеңберінде бағалау жүргізу үшін жеке құзыреттердің тізбесі


Жеке дағдыларды немесе дағдылар тобын тану

Жеке құзыреттілікті бағалаудың нысандары мен әдістерін сипаттау


Жеке дағды немесе дағдылар тобы шеңберінде бағалау жүргізуге арналған жеке құзыреттердің тізбесі


5-тарау. "Бағалау критерийлері"

Теориялық кезеңді бағалауға қойылатын талаптар


Емтиханның теориялық кезеңінен өту үшін ұпайлардың үлестік градациясын анықтау


Практикалық кезеңді бағалауға қойылатын талаптар


Емтиханның практикалық кезеңінен өту үшін балдардың үлестік градациясын анықтау


Жеке құзыреттерді бағалауға қойылатын талаптар


Жеке құзыреттіліктерді бағалаудан өту үшін балдардың үлестік градациясын анықтау


Кәсіби біліктілікті танудың қорытынды бағасын қалыптастырудың сипаттамасы


Біліктілік бағдарламасын бекіту күні


  Біліктілік бағдарламаларын,
сондай-ақ оларға қойылатын
талаптарды әзірлеу және
бекіту қағидаларына
3-қосымша

Кәсіптік біліктілікті тану орталығының бекітілген біліктілік бағдарламаларының тізбесі __________________________________________________ ( толық атауы, заңды мекенжайы)

№ р/с

Біліктілік бағдарламасының атауы

Мамандық

Кәсіптік стандарт (кәсіптік
стандарттар) бар болса

Біліктілік талаптары

ҰБШ/СБШ деңгейі








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады