БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесін бекіту туралы";
кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 107) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2023 жылғы 15 тамыздағы № 260 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 503 бұйрығына қосымша |
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары типтерінің және түрлерінің тізбесі
№ | Білім беру ұйымы типінің атауы | Білім беру ұйымы түрлерінің атауы |
1. | Мектепке дейінгі ұйымдар | 1. Бөбекжай-бақша |
2. Балабақша | ||
3. Отбасылық бөбекжай-бақша | ||
4. Санаторлық бөбекжай-бақша | ||
5. "Мектеп-бөбекжай-бақша" кешені | ||
6. Мектепке дейінгі шағын орталық | ||
2. | Шағын жинақты мектептерден, ауылдық жерде орналасқан орта білім беру ұйымдарынан, түзету мекемелері жанындағы, денсаулық сақтау ұйымдары жанындағы, мәдениет және дене шынықтыру-спорт ұйымдары жанындағы орта білім беру ұйымдарынан, республикалық орта білім беру ұйымдарынан басқа орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) | 1. Бастауыш мектеп |
2. Негізгі орта мектеп | ||
3. Жалпы білім беретін мектеп | ||
4. Гимназия | ||
5. Лицей | ||
6. Бейінді мектеп | ||
7. Мектеп-гимназия | ||
8. Мектеп-лицей | ||
9. Қосымша білім беретін мектеп-орталық | ||
10. Оқу-тәрбие орталығы (кешен) | ||
3. | Медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан басқа техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары | 1. Колледж |
2. Кәсіптік даярлау оқу орталығы | ||
3. Жоғары колледж | ||
4. | Медициналық, әскери, арнайы оқу орындарынан, мәдениет және дене шынықтыру-спорт саласындағы білім беру ұйымдарынан басқа орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары | Жоғары колледж |