"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33358 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 244 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11111 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары" осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғарғы білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 25 тамыздағы
№ 598 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 244 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) атқарушы түсірілім – негізгі мазмұны құрылыс конструкциялары мен технологиялық жабдықтардың бөлшектеу осьтеріне қатысты нақты орналасуын анықтау болып табылатын процесс;

      2) аумақтың кадастрлық жоспары – таңдалған аумақтар шегінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектісінің техникалық сипаттамалары (алаңның координаттары, шекаралары, қала құрылысы регламенттері) туралы ақпаратты графикалық және мәтіндік түрде бейнелейтін жоспар;

      3) географиялық ақпараттық жүйе – жер, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзге де пайдалануды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      4) кадастрлық анықтама – қала құрылысы кадастрының сұрау салынатын ресми мәліметтерін қамтитын және белгілі бір аумақта қолданылатын қала құрылысы регламенттерін, қала құрылысы қызметін жүзеге асыру жағдайларын, жер учаскелерін және оларда орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану жөніндегі талаптар мен шектеулерді, басқа анықтамалық мәліметтерді сипаттайтын құжат;

      5) кезекші топографиялық жоспар – бұл мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылатын және ғимараттар мен құрылыстар, инженерлік инфрақұрылым, жоспарланған құрылыс объектілері, абаттандыру, көше-жол қозғалысы объектілері, көлік желісі объектілері туралы мәліметтерді қамтитын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асыруға мониторинг жүргізуге арналған цифрлық картографиялық негіз;

      6) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – картографиялық және атрибутивтік кеңістікте үйлестірілген деректерді (геокеңістік деректерін) жинауды, сақтауды, өңдеуді, қол жеткізуді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мамандандырылған ақпараттық жүйесі;

      7) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының есепке алу бірліктері – көлемдік, жазықтық және сызықтық құрылыстардың барлық түрлерін қоса алғанда, жалпы Қазақстан Республикасының, облыстардың, аудандардың, елді мекендердің, жылжымайтын мүлік объектілерінің ұйымдастырылған және пайдаланылатын аумағының элементтері;

      8) Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінің ақпараттық ресурстары – бұл жобалау алдындағы, жобалау және қала құрылысы құжаттамасы, тақырыптық базалардың ақпараттық қабаттары, топографиялық және атқарушылық түсірілімдер;

      9) топографиялық жоспар – шегінде деңгейлік бетінің қисықтығы есепке алынбайтын, жергілікті жердің шектелген учаскесінің жазықтықта белгілі бір масштабта ортогоналды проекцияда картографиялық бейнеленуі;

      10) топографиялық карта – классификатор мен шартты белгілерді қолдана отырып, жер бетіндегі нүктелердің жоспарлы да, биіктік те жағдайын айқындауға мүмкіндік беретін белгілі бір масштабтағы жергілікті жердің егжей-тегжейлі картографиялық бейнесі;

      3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, жеке және заңды тұлғаларды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған.

      4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және "Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 736 қаулысымен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асырылады.

      5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық дерекқоры қолданыстағы, жоспарланып және жобаланып отырған құрылыс (реконструкция) объектілері туралы кеңістік ақпаратын қамтиды, "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданатын координаталардың үшөлшемді жүйесінде қала құрылысы кадастрының республикалық, облыстық, аудандық, базалық деңгейлерінің есепке алу бірліктерін жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесіне сәйкес цифрлық нысанда жасалады.

      6. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры аумақтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, шағын сәулет нысандары мен абаттандыру элементтерінің бұрынғы және қазіргі жағдайы туралы, сондай-ақ аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен салуды қала құрылыстық жоспарлау туралы мәліметтерді, аумақтар мен объектілердің тиісті функционалдық аймақтарға тиесілілігі, олардың қазіргі кездегі және келешектегі мақсаты, экологиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлік қамтамасыз ету туралы мәліметтерді қамтиды. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мемлекеттік ақпараттық ресурс болып табылады, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

2-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу тәртібі

      7. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізу Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құрған кезде Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне арналған ақпараттық ресурстарды, оның ішінде:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган – жергілікті жер объектілерінің өзгерісіне әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты;

      2) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру объектілері (нақты және жобаланатын) туралы ақпаратты;

      3) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган – ғылым және жоғары білім беру объектілері (нақты және жобаланатын) туралы ақпаратты;

      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган – денсаулық сақтау объектілері туралы ақпаратты;

      5) жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) – құрылыс, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, тарихи-мәдени мұра, аумақты абаттандыру салаларындағы мәліметтерді;

      6) сәулет және қала құрылысы саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері – қала құрылысы жобаларын, құрылыс жобаларын әзірлеу кезіндегі бастапқы материалдарды:

      сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);

      техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ);

      жолдар мен көшелердің көлденең профильдері;

      тік жоспарлау белгілері;

      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірмелерін;

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

      реконструкциялауға арналған бастапқы деректер:

      көтергіш және қоршау (сыртқы) конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен жабдықтарың өзгеруіне байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО шешімі;

      СЖТ;

      техникалық шарттарды (өтініш беруші инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар үшін сауалнама парағын берген кезде);

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларыг (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);

      келісілген эскиздік жоба, топографиялық түсірілім, атқарушылық түсірілімді қоса берумен объектілерді пайдалануға қабылдау актісі, қала құрылысы жобалары, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мәліметтерды;

      7) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын және құрылыс жобасына ведомстводан тыс сараптаманы жүргізетін сараптамалық ұйымдар – қала құрылысы жобалары, жобалау құжаттамасы (сметалық бөлімсіз) және кешенді қала құрылысы және ведомстводан тыс сараптамадан өткен, қала құрылысы жобалары мен құрылыс жобалары сараптамасының оң қорытындыларын;

      8) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрынан деректерді (Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындары мен көріністерінің электрондық нұсқалары, анықтамалық ақпарат);

      9) реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері:

      резерв; орнатылған қуаты және (немесе) сыйымдылығы; бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың болуы; желілердің өткізу қабілеттері; орналасқан жері (елді мекеннің көшелерінің атауын көрсете отырып); ұзындығы; брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері; түпкілікті тұтынушыларға қызмет көрсету үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес техникалық сипаттамалары бар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын;

      10) көлік саласындағы уәкілетті орган – құрылыс және көлік инфрақұрылымын (нақты және жобалау) пайдалану саласындағы қызмет туралы ақпаратты;

      11) су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, орман қоры саласындағы уәкілетті орган – экологиялық ахуал, су және орман қоры, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты;

      12) мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт және тарихи-мәдени мұра объектілері жөнінде ақпаратты;

      13) салалық кадастрлық және инфрақұрылымдық қызметтер – салалық кадастрлардың, тіркелімдердің, деректер банктерінің деректерін;

      14) электр энергетикасы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – электр энергетикасы объектілері туралы ақпаратты машинамен оқылатын түрде, ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы немесе құрылымдалған түрде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімді құралдары мен әдістері арқылы беретін базалық субъектілер айқындалады.

      9. Сәулет және қала құрылысы саласындағы ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде кезекші топографиялық жоспарды жүргізеді, оны жаңарту және өзгерту тұрақты негізде жүзеге асырылады.

      Кезекші топографиялық жоспар объектінің толық өмірлік циклінің құжаттарымен объектілік түрде жүргізіледі.

      10. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерінен келіп түсетін мәліметтер мен құжаттарды қалыптастыру және өзектілендіру, жүйеге келтіру, жинақтау және тіркеу жолымен, оның ішінде электрондық үкімет шлюзінің байланыс арналары мен Smart Bridge ингерациялық сервистер көрмесінің көмегімен және екіжақты қауіпсіз байланыс арналарын құру жолымен ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:

      1) республикалық;

      2) облыстық;

      3) облыстағы аудандық;

      4) базалық (республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.

      12. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесінің республикалық деңгейі:

      1) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының тақырыптық (Агроөндіріс, Өнеркәсіп, Су ресурстары, Индустриялық-инвестициялық жобалар, Минералдық-шикізат ресурстары, Көлік инфрақұрылымы, Экологиялық ахуал, Энергиямен жабдықтау, Қала құрылысы жобалары) дерекқорларына сәйкес аумақтарды пайдалану мәселелері бойынша салалық ресурстардың, кадастрлар мен ақпараттық жүйелердің деректері;

      2) жалпымемлекеттік маңызы бар қала құрылысы жобалары;

      3) мемлекеттік жер кадастрының деректері негізінде мемлекеттік шекара және әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары;

      4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының төмен тұрған аумақтық деңгейлерінің дерекқоры туралы ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды.

      13. Облыстық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесіне:

      1) өңірлік маңызы бар қала құрылысын жоспарлау жобалары;

      2) мемлекеттік жер кадастры деректерінің негізінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекаралары туралы мәліметтер енгізіледі.

      14. Аудандық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесіне:

      1) аудандық маңызы бар қалалардың, қалалық типтегі кенттер мен ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының;

      2) аумақтарды пайдалану, аудан аумағын кадастрлық, экологиялық, инженерлік-геологиялық, сейсмикалық, гидрогеологиялық және басқа аудандарға бөлу мәселелері бойынша салалық кадастрлар мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық ресурстарының;

      3) елді мекендер шегінен тыс орналасқан аудандық маңызы бар объектілері бар аудан аумағы мен аумақтың жекелеген бөліктерін жоспарлау схемалары туралы;

      4) мемлекеттік жер кадастры деректерінің негізінде ауданның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекаралары туралы мәліметтер енгізіледі.

      15. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейі мына ақпаратты және (немесе) мәліметтерді қамтиды:

      1) базалық деңгей құрылымы бойынша кеңістіктік және атрибутивтік деректер:

      елді мекеннің және оның әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекаралары;

      ғимараттар мен құрылыстар, олардың құқықтық режимі, техникалық жай-күйі, сәулеттік және тарихи-мәдени құндылығы;

      инженерлік инфрақұрылымдар (энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, телекоммуникация);

      көлік инфрақұрылымы;

      гидрография және гидротехникалық құрылыстар;

      өсімдіктер объектілері мен топырақтар;

      өндірістік инфрақұрылым;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық объектілер;

      жол қозғалысы объектілері;

      елді мекендерді абаттандыру объектілері.

      2) қала құрылысы жобалары мен құрылыс жобалары бойынша бастапқы материалдар:

      СЖТ;

      ТШ;

      жолдар мен көшелердің көлденең профильдері;

      тік жоспарлау белгілері;

      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірме;

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары;

      реконструкциялауға бастапқы материалдар:

      көтергіш және қоршау (сыртқы) конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен жабдықтарың өзгеруіне байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы ЖАО шешімі;

      СЖТ;

      ТШ;

      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);

      келісілген эскиздік жоба;

      3) елді мекендерді дамыту мен салудың қала құрылысы жобалары;

      4) кешенді ведомстводан тыс және қала құрылысы жобалары сараптамасының оң қорытындылары;

      5) инженерлік-геодезиялық зерттеулердің материалдары (топографиялық және атқарушылық түсірілім);

      6) атқарушылық түсірілім, қала құрылысы жобалары, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мәліметтер қоса берілген объектілерді пайдалануға қабылдау актісі;

      7) жер учаскелерін таңдау актілері;

      8) табиғи, техногендік, антропогендік сипаттағы әсерлерге ұшыраған елді мекендер, орын алған қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестер мониторингінің нәтижелері;

      9) топографиялық карталар мен жоспарлар, инженерлік-көліктік инфрақұрылым саласындағы пайдалану қызметтерінің деректері, құрылысы аяқталған инфрақұрылым объектілерінің инженерлік-геодезиялық атқарушылық түсірілімдерінің нәтижелері негізінде инженерлік-көлік инфрақұрылымы;

      10) кезекші топографиялық жоспарлар және топографиялық карталар.

      16. Кәсіпорын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және сүйемелдеу шеңберінде:

      1) салалық кадастрлармен, тізілімдермен және ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу және ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

      2) ақпаратты сақтау және мұрағаттау жүйелеріне қызмет көрсетуді;

      3) кадастрлық жүйеге санкцияланған қатынасты қамтамасыз етуді;

      4) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу құралдарын дамыту мен жетілдіруді;

      5) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізудің үлгілік әдістемелік және нормативтік құжаттарын бейімдеу мен толықтыруды;

      6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бағдарламалық және техникалық құралдарына қызмет көрсетуді;

      7) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық ресурстарына санкцияланған қатынас шегінде пайдаланушылардың сұратуларына кадастрлық анықтамалар қалыптастыруды және оларды беруді;

      8) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауды және мемлекеттік қала құрылысы кадастрында толтыру үшін ақпаратты олардан тұрақты түрде алуды;

      9) кадастрлық істерді қалыптастыру және сақтауды;

      10) мемлекеттік нормативтерге сәйкес ақпаратты санкцияланбаған қатынастан қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

      11) мемлекеттік қала кадастрын, кезекшілік жоспарларын және топографиялық карталарды жүргізу;

      12) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық субъектілерімен мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесіне (бұдан әрі – МҚҚК ААЖ) қол жетімділікті ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде кезекшілік топографиялық жоспарды жүргізу үшін;

      13) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру шеңберінде (өз қажеттіліктері үшін) жобалау-іздестіру жұмыстарын (инженерлік-геодезиялық ізденістер, цифрлық жоспарлы негізді құру) қамтамасыз етеді.

      17. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары кадастрлық ақпараттың пайдаланушылары болып табылады.

      18. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi:

      1) қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасын әзірлеу және іске асыру;

      2) жылжымайтын мүлік объектілерін дамыту және өзгерту;

      3) жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді жүзеге асыру, оны тіркеу;

      4) инвестициялық қызметті бағалау;

      5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;

      6) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау;

      7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтер көрсетуі;

      8) өңірдің аумағында объектілерді орналастыруды мониторингілеу және есепке алу құралы ретінде қала құрылысын жоспарлау кезінде пайдаланылады.

3-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізу үшін ақпаратты және (немесе) мәліметтерді ұсыну тәртібі

      19. Базалық субъектілердің мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесіне ақпарат және (немесе) мәліметтер беру тәсілдері "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша нормативтік құжат" (ҚР ҚН 9.01-01-2022) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2022 жылғы 2 қарашадағы № 201-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі нормативтік құжатта көзделген.

      20. Ақпаратты және (немесе) мәліметтерді ұсынуды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының:

      осы Қағидалардың 8-тармағының 6), 7) және 9) тармақшаларында – МҚК ААЖ-ға қол жетімділік және/немесе интеграция арқылы күнделікті негізде;

      5) тармақшада - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады. Берілген жер учаскелері бойынша деректер жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы тұрақты негізде беріледі;

      осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4), 8), 10), 11), 12) және 14) тармақшаларында ақпараттық жүйелердің интеграциялық өзара іс-қимылы немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолжетімді құралдары мен әдістері, ақпараттық жүйе болмаған кезде Кәсіпорынмен жазбаша сұрау жолдау арқылы тұрақты негізде береді.

      21. Қала құрылысы жобаларының, оның ішінде бас жоспарлардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары "Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 706 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12414 болып тіркелген) Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізіледі.

      22. Тапсырыс берушілердің DWF, DXF, TXF/SXF, TAB, MIF, MID және DAT цифрлық форматында құрылыс жұмыстары жүргізілгенге дейін құрылыс объектілері мен инженерлік желілердің топографиялық түсірілімдерін және объектінің құрылысы аяқталғаннан кейін инженерлік желілердің және/немесе ғимараттардың (құрылыстардың) нақты жағдайының атқарушылық геодезиялық түсірілімдерін ұсынуы.

      23. Тапсырыс берушілер мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілген ақпаратты және (немесе) мәліметтерді тіркеуді "Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 172/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9603 болып тіркелген) және "Мемлекеттік қала құрылысы кадастры саласында мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13550 болып тіркелген) сәйкес ақылы түрде жүргізіледі.

4-тарау. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрынан мәліметтер беру тәртібі

      24. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілген ақпарат және (немесе) мәліметтер МҚК ААЖ арқылы:

      1) аумақтың кадастрлық жоспары;

      2) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының есепке алу бірліктері туралы кадастрлық анықтама;

      3) МҚК ААЖ арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу түрінде ұсынылады.

      25. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын мәліметтері мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін ұсыну осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен тегін негізде жүзеге асырылады.

      Кәсіпорын сұрау салуды алған күннен бастап мәліметтерді ұсыну мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

      26. Кәсіпорын "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды білдіретін деректерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың (объектілердің және инженерлік желілердің меншік иелері, тапсырыс берушілері, құрылыс салушылары) сұраулары бойынша береді.

      Мәліметтерді ұсыну мерзімі кәсіпорын сұранымды және төлемді алған күннен бастап 5 (бес) күн мерзімді құрайды.

      27. Кәсіпорын деректер қорын толтыру және инженерлік-геодезиялық ізденістердің нәтижелерін салыстыру үшін "Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 776 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19498 болып тіркелген) сәйкес жобалау-іздестіру жұмыстарын (өз мұқтаждары үшін) жүзеге асырады.

      28. Егер сұратылып отырған мәліметтерді "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беруге жол берілмесе немесе мемлекеттік қала құрылысы кадастрында сұратылатын мәліметтер болмаса, Кәсіпорын 3 (үш) жұмыс күні ішінде сұратылған мәліметтерді беруден бас тарту туралы негізді шешімді не сұратылатын мәліметтердің Мемлекеттік қала құрылысы кадастрында жоқ екені туралы хабарламаны жібереді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

  Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қала құрылысы
кадастрын жүргізудің және одан
ақпарат және (немесе)
мәліметтер ұсынудың
қағидаларына
қосымша

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларының техникалық сипаттамалары

1. Энергиямен жабдықтау 1-кесте – Энергиямен жабдықтау. Күрделі конструкцияларының электр фермалары

Орналасқан жері

Сым белгісі, м

Тіректің биіктігі, м

Тірек материалы

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Координаттары

1

2

3

4

5

6

7








2-кесте – Энергиямен жабдықтау. Энергиямен жабдықтаудың кабельдік желілері

Орналасқан жері

Кернеу, вольт

Кабельдің типі

Кабельдің ұзындығы, м

Биіктік белгісі, м

Қосалқы станция көзінен

Құрылымнан қоректенетіндер

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

9

10

11











3-кесте – Энергиямен жабдықтау. Электрмен жабдықтау желілерінің құдықтары

Орналасқан жері

Құдық қақпағының белгісі, м

Құдық түбінің белгісі, м

Кабельдің үстіңгі белгісі, м

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттары, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8









4-кесте – Энергиямен жабдықтау. Энергиямен жабдықтаудың әуе желілері

Орналасқан жері

Желінің түрі

Кернеу, вольт

Сымдардың түрі

Сымдардың саны

Биіктік белгісі, м

Ғимараттың нөмірі

Қоректендіретін қосалқы станция

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












5-кесте – Энергиямен жабдықтау. Электрмен жабдықтау желілерінің тіректері

Орналасқан жері

Кернеу, вольт

Тірек материалы

Сымның белгісі,

Жердің биіктік белгісі, м

Тіректің биіктігі, м

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Координаттары, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8

9










6-кесте – Энергиямен жабдықтау. Төмендету және тарату қосалқы станциялары

Орналасқан жері

Қосалқы станцияның түрі

Қосалқы станцияның нөмірі

Көше

Ғимараттың нөмірі

Бекітілген қуаты, кВА

Бос толық трансформаторлық қуат, кВА

1

2

3

4

5

6

7








      6-кестенің жалғасы

Жеке тұлғалар абоненттерінің саны

Заңды тұлғалар абоненттерінің саны

Қуаттың қалдығы, %

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттары, Х,У

8

9

10

11

12

13

14








2. Газбен жабдықтау 7-кесте – Газбен жабдықтау. Газ реттеу пункттері

Орналасқан жері

Жұмыс қысымы, МПа – кіріс

Жұмыс қысымы, МПа - шығыс

Атауы
nullБас газ реттеу пункті (БГРП)

Реттегіш түрі

Байланыстыру
nullГаз тарату станциясына (ГТС)

Азайту сызықтарының саны

Жобалық өнімділік, м3/сағ

1

2

3

4

5

6

7

8









      7-кестенің жалғасы

Орнатылған қуат, м3/сағ

Қуат қалдығы, м3

Сыйымдылық көлемі, л

Химиялық қорғаныс

Сыйымдылықтар саны

Редукциялық бастар саны

Жабдықталған үйлер

Пәтерлер саны

Жерасты құбырларының ұзындығы, м

9

10

11

12

13

14

15

16

17










      7-кестенің жалғасы

Қасбеттік құбырлардың ұзындығы, м

Күрделі жөндеу жылы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

18

19

20

21

22






      8-кесте – Газбен жабдықтау желілерінің павильоны

Орналасқан жері

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4





      9-кесте – Сыйымдылығы (газгольдер, резервуар)

Орналасқан жері

Сыйымдылық көлемі, л

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5






      10-кесте – Газбен жабдықтау құбырлары

Орналасқан жері

Құбыр диаметрі, мм

Құбыр материалы

Қысым, Мпа

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6







3. Су бұру жүйесі

      11-кесте – Су бұру жүйесінің құдықтары

Орналасқан жері

Құдық түрі

Мақсаты

Құдықтың люк белгісі, м

Құдықтың түбін белгілеу, м

Су басу

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      12-кесте – Кәріз желілерінің камералары

Орналасқан жері

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5






      13-кесте – Септиктер

Орналасқан жері

Құдық түрі

Құдықтың люк белгісі, м

Құдықтың түбін белгілеу, м

Су басу

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      14-кесте – Сорғы станциялары

Орналасқан жері

Ғимарат түрі

Жобалық өнімділік, м3/ч, м3/сут

Бекітілген қуат, м3/ч, м3/сут

Қуат қалдығы, м3/сағ., м3/тәул.

Жеткізу құбырларының саны

Бұру құбырларының саны

Орнатылған сорғылар саны

1

2

3

4

5

6

7

8









      14-кестенің жалғасы

Жұмыс сорғысының маркасы

Резервтік сорғы маркасы

Теңгерімге қабылданған жылы

Жеке тұлғалар абоненттерінің саны

Заңды тұлғалар абоненттерінің саны

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

9

10

11

12

13

14

15

16









      15-кесте – Кәріз желілерінің құбыры

Орналасқан жері

Диаметр, мм

Объектінің жатыс тереңдігі, м

Теңгерімге қабылданған жылы

Материал

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8









      16-кесте – Кәріз камерасының люгі

Орналасқан жері

Люк биіктігі, м (Түбінің белгісі)

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5






4. Көшені жарықтандыру

      17-кесте – Сыртқы жарықтандыру шамдары

Орналасқан жері

Тіректердің биіктігі, м

Қосылу нүктесі

Сымның маркасы

Кабель маркасы

Тіркеу нөмірі

Қуат, Вт

Орнатылған жылы

1

2

3

4

5

6

7

8









      17-кестенің жалғасы

Тірек материалы

Орнату әдісі

Қалақша саны

Жарықтандыру түрі

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

9

10

11

12

13

14

15

16









      18-кесте – Көшені жарықтандырудың қоректендіру кабельдерін (жерасты)

Орналасқан жері

Желі қуаты, Вт

Орнатылған жылы

Тіректердің биіктігі, м

Енгізу нүктесі

Кабель маркасы

Төсеу әдісі

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      19-кесте – Көшені жарықтандырудың қоректендіру желілері (әуе)

Орналасқан жері

Орнатылған жылы

Тіректердің биіктігі, м

Енгізу нүктесі

Сымның маркасы

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8









      20-кесте – Сыртқы жарықтандырудың қоректендіру желілерінің тіректері

Орналасқан жері

Тірек түрі

Реконструкциялау күні

Сым белгісі

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8









5. Су бұру

      21-кесте – Нөсерлі кәріз желілерінің құдықтары мен торлары

Орналасқан жері

Шағын аудан

Материал

Мақсаты

Дөңгелек диаметрі түрі

Аражабын диаметрінің түрі

Түбінің диаметрінің түрі

Люктің түрі

Люктің маркасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      21-кестенің жалғасы

Диаметр, мм,

Науаның белгісі, теңіз деңгейінен м

Құбыр белгісі, м

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

10

11

12

13

14

15

16








      22-кесте – Нөсерлі кәріз науалары

Орналасқан жері

Объектінің материалы

Объектінің тереідігі, м

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7








      23 -кесте – Нөсер кәрізінің тұндырғыштары

Орналасқан жері

Шағын аудан

Құбырды төгу белгісі, м

Науаны төгу белгісі, м

Қабылдау белгісі, м

Түбінің белгісі, м

Жоғарғы бетінің белгісі, м

Еңіс материалдары

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      24-кесте – Нөсер кәрізінің сорғы станциясы

Орналасқан жері

Ғимарат түрі

Жеткізу құбырларының саны

Бұру құбырларының саны

Жобалық өнімділік, м3/сағ, м3/тәул

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8









      25-кесте – Нөсер кәрізінің құбыржолы

Орналасқан жері

Реконструкциялау күні

Құбыр материалы

Учаскедегі диаметрі, мм

Келтеқұбыр гильзасының болуы

Байланыс түрі

Диаметрдің ауысуы

Түйін түрі

1

2

3

4

5

6

7

8









      25-кестенің жалғасы

Кіріс диаметрі, мм

Биіктік белгісі, м

Учаске

Мақсат түрі

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

9

10

11

12

13

14

15








      26-кесте – Дренажды кәріз құдықтары

Орналасқан жері

Құдық түбін белгілеу, м

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6







6. Байланыс және телекоммуникация объектілері

      27-кесте – Телефон құдығы

Орналасқан жері

Тип

Құбырдың жоғарғы белгісі, м

Құдықтың түбін белгілеу, м

Су басу

Ғимарат нөмірі

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      28-кесте – Телефон кәрізі

Орналасқан жері

Тип

Саны

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6







7. Жылумен жабдықтау.

      29-кесте – Жылумен жабдықтау көзі

Орналасқан жері

Көз атауы

Көз түрі

Орнатылған жылу қуаты, Гкал/ сағ

Иелік жылу қуаты, Гкал/ сағ

Жылу іріктеу қуаты, Гкал/сағ

Шың қазандықтарының жылу қуаты орнатылған, Гкал/ сағ

Шың қазандықтарының жылу қуаты иелік, Гкал/ сағ

Желілік жылытқыштардың жылу қуаты 1, Гкал/ сағ

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      29-кестенің жалғасы

Желілік жылытқыштардың жылу қуаты 2, Гкал/ сағ

Желілік жылытқыштардың жылу қуаты 1, Гкал/ сағ

Желілік жылытқыштардың жылу қуаты 2, Гкал/ сағ

Жеке тұлғалар абоненттерінің саны

Заңды тұлғалар абоненттерінің саны

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

10

11

12

13

14

15

16

17









      30-кесте – Жылумен жабдықтау желілерін босату және көтеру камералары

Орналасқан жері

Объектінің жатыс тереңдігі, м

Құбыр диаметрі, мм

Материал

Жабын материалы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8









      31-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің арналары

Орналасқан жері

Диаметр

Дренаждық желілер

Төсеу әдісі

Арна түрі

Материал

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

      32-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің құдықтары

Орналасқан жері

Объектінің жатыс тереңдігі, м

Диаметр

Құдықтың түбін белгілеу, м

Материал

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      33-кесте – Жылумен жабдықтау желілері павильонының люгі

Орналасқан жері

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4





      34-кесте – Жылумен жабдықтау желілерінің сорғы станциялары

Орналасқан жері

Қуат қалдығы, м3/сағ, т/тәул.

Өнімділік м3/сағ, т/тәул.

Максималды өнімділік, т/сағ

Қозғалтқыш қуаты, КВт

Берудегі сорғылардың саны

Өңдеудегі сорғылардың саны

Сорғы түрі

Жұмыс тогы

Трансфор
маторлы
кіші станциясынан қосылу

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      35-кесте – Жылу камералары, павильондар

Шағын аудан

Ысырмалар саны

Ысырма диаметрі, мм

Люктің жоғарғы жағынан төменгі жағына дейінгі тереңдік, м

Люктердің нақты саны

Қолданыстағы люктер саны

Дренаждық құдықтар саны

1

2

3

4

5

6

7








      35-кестенің жалғасы

Өлшеу нүктелерінің саны

Өлшеу нүктелерінің сипаттамасы

Құрылым түрі

Камера түбі

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

8

9

10

11

12

13

14








      36 -кесте – Жылумен жабдықтау құбырлары

Орналасқан жері

Жылумен жабдықтау көзі

Құбыр материалы

Трасса учаскесінің атауы

Жеткізу құбырының нөмірі

Жеткізу құбырының мақсаты

Жеткізу құбырының диаметрі, мм

Жеткізу құбырын төсеу әдісі

Жеткізу құбырын оқшаулау материалы

Жеткізу құбырының жоғарғы оқшаулау қабатының материалы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      36-кестенің жалғасы

Жеткізу құбырының оқшаулауын монтаждау жылы

Жеткізу құбырының температурасы, Co

Жеткізу құбырының қысымы, Мпа

Кері құбыр нөмірі

Кері құбырдың мақсаты

Кері құбырдың диаметрі, мм

Кері құбырын төсеу әдісі

Құбырды оқшаулау материалы

Кері құбырының жоғарғы оқшаулау қабатының материалы

11

12

13

14

15

16

17

18

19










      36-кестенің жалғасы

Кері құбырының оқшаулауын монтаждау жылы

Кері құбырының температурасы, Co

Кері құбыр қысымы, Мпа

Құбыр түрі

Жылу магистралінің нөмірі

Геометриялық ұзындық, м

Биіктік белгісі, м

Күрделі жөндеу күні

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29











8. Сумен жабдықтау

      37-кесте – Сумен жабдықтау желісі корпусының футляры

Орналасқан жері

Құбыр материалы

Құбыр диаметрі, мм

Теңгерімге қабылданған жылы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7








      38-кесте – Тазарту құрылыстары

Орналасқан жері

Өнімділік, м3/сағ

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5






      39-кесте – Сумен жабдықтау құдықтары

Орналасқан жері

Құдық түрі

Құдықтың түбін белгілеу, м

Өрт гидрантының болуы

Ысырмалар саны

Ысырманы орнату жылы

Теңгерімге қабылданған жылы

Ысырма диаметрі

Су басу

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














      40-кесте – Су тарату бағандары (бағандар саны)

Орналасқан жері

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5






      41-кесте – Сумен жабдықтау камералары

Орналасқан жері

Құдық түрі

Тереңдігі, м

Аражабын тақтасы үстінің биіктігі, м

Ысырмалар саны

Ысырмалар саны

Ысырманы орнату

Ысырма диаметрі, мм


Су басу

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8


9

10

11

12

13















      42-кесте –Резервуарлар

Орналасқан жері

Резервуарлар саны

Көлемі, м3/сағ

Теңгерімге қабылданған жылы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7








      43-кесте – Сумен жабдықтау сорғы станциялары

Орналасқан жері

Жеткізу құбырларының саны

Бұру құбырларының саны

Жеткізу құбыры

Бұру құбыры

Көтеру нөмірі

Жобалық өнімділік, м3/сағ, м3/тәул

Жағдайы

Орнатылған сорғылар саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      43-кестенің жалғасы

Сорғы түрі

Жұмыс сорғысының маркасы

Резервтік сорғы маркасы

Теңгерімге қабылданған жылы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Заңды тұлғалар, телефон нөмірлерінің саны.

Жеке тұлғалар, телефон нөмірлерінің саны.

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      44-кесте – Сумен жабдықтау құбырлары

Орналасқан жері

Төсеу әдісі

Құбыр түрі

Құбыр материалы

Құбыр диаметрі, мм

Құбырдың ұзындығы, м

Объектінің жатыс тереңдігі, м

Күрделі жөндеу жылы

Теңгерімге қабылданған жылы

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      45-кесте – Су мұнаралары (су мұнараларының саны)

Орналасқан жері

Теңгерімге қабылданған жылы

Көлемі, м3/сағ

Биіктігі, м

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5

6

7

8









      46-кесте – Сумен жабдықтау желілерінің люгі (резервуарлар мен павильондар)

      Резервуарлар мен павильондар саны

Орналасқан жері

Жағдайы

Меншік иесі, теңгерім ұстаушы

Пайдалануға берілген күні

Координаттар, Х,У

1

2

3

4

5






      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Вт Ватт;

      Гкал/сағ.– сағатына Гига калория (сағатына 109 калория);

      кВА – кило Вольт (103 Вольт);

      л – литр;

      м3/ч – сағатына текше метр;

      м3/сут- тәулігіне текше метр (тәулігіне 103 метр);

      М - метр;

      МПа - Мега Паскаль (106 Паскаль);

      мм – миллиметр (10-3 метр);

      С0 – Цельсий;

      с/т -сағатына тонна.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады