БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 21 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19288 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларында:
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Егер кедендік-тарифтік шараларды қолдану жөніндегі ұсыныс ЕЭК-тан келіп түссе, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұсыныстары, уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл қағидалары) тиісті мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
К. Торебаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі