Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 тамызда № 19288 болып тіркелді.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфақұрылымдық

      даму министрлігі

      "_____"______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "_____"______________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "_____"______________

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2019 жылғы №21 тамыздағы
№ 21 бұйрығымен бекітілген

Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе жою (бұдан әрі - қолдану) туралы ұсыныстарды қарау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) кедендік-тарифтік шара – кедендік баждарды, тарифтік жеңілдіктерді, тарифтік квоталарды, тарифтік преференцияларды белгілеу, өзгерту немесе жою;

      2) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) субсидияланатын тауарды өндіруші – Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі ЕАЭО) мүше мемлекет субсидиялайтын тауар өндірушілер;

      4) тарифтік емес шара – тыйым салуларды, сандық шектеулерді, айрықша құқықты, автоматты түрде лицензиялауды (қадағалауды), рұқсат беру тәртібін белгілеу, өзгерту немесе жою;

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қарашадағы "Евразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Заңымен ратификацияланаған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес қолданылады.

2-тарау. Кедендік-тарифтік шараларды қолдану туралы ұсыныстарды қарау тәртібі

      3. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік-тарифтік шараларды қолдану туралы ұсыныстарды орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар), жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген тұлғалар (бұдан әрі – жеке тұлға), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (бұдан әрі – заңды тұлға) уәкілетті органға ұсынады.

      4. Жеке немесе заңды тұлғалардың кедендік-тарифтік шараны қолдану туралы ұсыныстары жазбаша өтініш түрінде ұсынылады, оған осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану туралы жеке және заңды тұлғалар ұсынатын мәліметтер тізбесі қоса беріледі.

      5. Мемлекеттік органдардың кедендік-тарифтік шараларды қолдану туралы ұсыныстары жазбаша өтініш түрінде ұсынылады, оған осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолану туралы мемлекеттік орган ұсынатын мәліметтер тізбесі қоса беріледі.

      6. Осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген қандай да бір мәліметтер болмаған немесе көрсетілген тармақтардың талаптарына сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынылған жағдайда, уәкілетті органда кедендік-тарифтік шараларды қолдану туралы ұсыныс тіркелген сәттен бастап, күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаның немесе мемлекеттік органның атына жетіспейтін мәліметтерді немесе дұрыс мәліметтерді ұсыну туралы хат жібереді.

      7. Уәкілетті орган осы Қағиданың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген мәліметтерді алғаннан кейін Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, күнтізбелік 30 күн ішінде кедендік-тарифтік шараны қолданудың экономикалық орындылығына талдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға сұрау салу жібереді.

      8. Ұсынылған кедендік-тарифтік шараны қолданудың орындылығын талдау оң нәтижелер берген жағдайда уәкілетті орган кедендік- тарифтік шараны қолданудың орындылығы туралы қорытындыны 15 күнтізбелік күн ішінде дайындайды және оны шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 114-ө өкіміне сәйкес құрылған Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына жібереді.

      9. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес уәкілетті орган сұратқан жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекеттік орган жетіспейтін немесе дұрыс мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ, кедендік-тарифтік шараларды қолданудың орындылығын талдау теріс нәтиже берген жағдайда, уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаларға не мемлекеттік органға 15 күнтізбелік күн ішінде кедендік-тарифтік шара қолдану туралы ұсынысты одан әрі қараудан негізделген бас тартуды жібереді.

      10. ВАК:

      кедендік-тарифтік шараларды қолдану туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, ол бойынша шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - ЕЭК) қабылдайды, уәкілетті орган ВАК отырысының хаттамасы уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ЕЭК-ға жолдама жіберуді қамтамасыз етеді;

      кедендік-тарифтік шараларды қолдану туралы оң шешімі болған жағдайда, ол бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ мемлекеттік орган қабылдайтын шешім Заңның 7-бабының 2-1) тармақшасына, 16-1-бабының 1-тармағына және 16-2-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті құқықтық акті қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі.

      11. ВАК кедендік-тарифтік шараны қолдану жөніндегі ұсыныс бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, ВАК отырысының хаттамасы уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаға негізделген бас тартуды жібереді.

      12. Егер кедендік-тарифтік шараларды қолдану жөніндегі ұсыныс ЕЭК-тан келіп түссе, оның ішінде ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұсыныстары, уәкілетті орган оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы қағидаларына сәйкес (бұдан әрі – Өзара іс-қимыл қағидалары) тиісті мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган уәкілетті органның сұрау салуы бойынша берілген ұстанымдарды ескере отырып, ұсынылатын кедендік-тарифтік шаралармен келісу/келіспеу туралы Қазақстан Республикасының шоғырландырылған ұстанымын қалыптастырады және Өзара іс-қимыл қағидаларында көзделген тәртіпте және мерзімдерде ЕЭК-ны хабардар етеді.

      Қазақстан Республикасының ұстанымымен ЕЭК ұсынысы немесе ЕАЭО мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының қағидаттық келіспеуі бойынша мемлекеттік органдардың және/немесе басқа да мүдделі ұйымдардың қағидаттық келіспеушілігі болған жағдайда ЕЭК ұсынысы және уәкілетті органның тиісті қорытындысы Қазақстан Республикасының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын әзірлеу үшін ВАК-та қаралады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 12.09.2023 № 342-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3 тарау. Тарифтік емес шараларды қолдану туралы ұсыныстарды қарау тәртібі

      13. Кедендік-тарифтік шараларды қолдану туралы ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен жеке немесе заңды тұлғалар уәкілетті органға ұсынады, осы Қағидалардың 22-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,

      14. Жеке немесе заңды тұлғаның тарифтік емес шараны қолдану жөніндегі ұсынысы жазбаша өтініш түрінде ұсынылады, оған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша тарифтік емес шараларды қолдану туралы жеке немесе заңды тұлға ұсынатын мәліметтер тізбесі қоса беріледі.

      15. Мемлекеттік органдардың тарифтік емес шараны қолдану туралы ұсыныстары жазбаша өтініш түрiнде ұсынылады, оған осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша тарифтік емес шараларды қолдану туралы мәліметтер тізбесі қоса беріледі.

      16. Осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көзделген қандай да бір мәліметтер болмаған не көрсетілген тармақтардың талаптарына сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынылған жағдайда, сондай-ақ ұсынылып отырған тарифтік емес шараның орындылығын белгілеу үшін қосымша нақтылайтын ақпарат алу қажет болған кезде уәкілетті органда тарифтік емес шараны қолдану туралы ұсыныс тіркелген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті орган жеке немесе заңды тұлғаның немесе мемлекеттік органның атына тиісті мәліметтерді ұсыну туралы хат жібереді.

      17. Уәкілетті орган, осы Қағидалардың 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген ақпаратты алғаннан кейін, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, күнтізбелік 30 күн ішінде тарифтік емес шараны қолданудың экономикалық орындылығына талдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға тиісті сұрау салу жібереді.

      18. Ұсынылатын тарифтік емес шараларды қолданудың орындылығын талдаудың оң нәтижесі болған жағдайда уәкілетті орган 15 жұмыс күні ішінде тарифтік емес шараны қолданудың орындылығы туралы қорытындыны дайындайды және шешім қабылдау үшін ВАК-қа жібереді.

      19. Уәкілетті орган Қағиданың 16-тармағына сәйкес жеке немесе заңды тұлғадан немесе мемлекеттік органнан сұратқан ақпаратты ұсынбаған немесе қате ақпарат ұсынған жағдайда, сондай-ақ тарифтік емес сипаттағы шараларды қолданудың орындылығын талдаудың теріс нәтижесі болған жағдайда, уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде жеке немесе заңды тұлғаға немесе мемлекеттік органға тарифтік емес шараларды қолдану туралы ұсынысты одан әрі қарай қарастыруға негізделген бас тартуды жібереді.

      20. ВАК-тың:

      тарифтік емес шараны қолдану туралы оң шешімі болған жағдайда, ол бойынша шешімді ЕЭК қабылдайды, уәкілетті орган бұл ұсыныстың ВАК отырысының хаттамалары уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде ЕЭК-ке ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының тарифтік емес шараларды қолдануы туралы оң шешімі болған жағдайда, ол бойынша уәкілетті орган, сол сияқты мемлекеттік орган қабылдайтын шешім Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті құқықтық акт қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі.

      21. Тарифтік емес шараны қолдану туралы ұсыныс бойынша ВАК теріс шешімі болған жағдайда, уәкілетті орган ВАК отырысының хаттамасы уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жеке немесе заңды тұлғаға негізделген бас тартуды жібереді.

      22. Егер тарифтік емес шараны қолдану туралы ұсыныстар ЕЭК-тан, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден келіп түссе, уәкілетті орган оларды Өзара әрекеттесу қағидаларына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті органның сұрауы бойынша берілген ұстанымдарды ескере отырып, ұсынылып отырған тарифтік емес шаралармен келісу/келіспеу туралы, Қазақстан Республикасының шоғырланған ұстанымын қалыптастырады және Өзара іс-қимыл қағидаларында көзделген тәртіппен және мерзімде ЕЭК-ті хабардар етеді.

      Егер ЕЭК-ның ұсынысы бойынша мемлекеттік органдардың және/немесе басқа мүдделі ұйымдардың принципті келіспеушіліктері немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасының ұстанымымен түбегейлі келіспеушілігі болса, Қазақстан Республикасының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын әзірлеу үшін ЕЭК-тің ұсынысы және уәкілетті органның тиісті қорытындысы ВАК-та қаралады.

4 тарау. Сауда шараларын қолдану туралы ұсыныстарды қарау тәртібі

      23. Сауда шараларын қолдану туралы ұсынысты ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың өндірушісі және/немесе өндірушілер бірлестігі (бұдан әрі – өндірушілер) "Үшінші елдерге қатысты арнайы, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы" 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, осы баптың 1-тармағын қоспағанда, ЕЭК-ға жолдайды (береді).

      Сауда шараларын қолдану мақсаттары үшін ұқсас тауар – тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауарға толығымен сәйкес келетiн тауар не мұндай тауар болмағанда, тергеп-тексеру (қайта тергеп-тексеру) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауардың сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар басқа тауар түсініледі.

      24. Уәкілетті орган өндірушілердің сауда шараларын қолдану жөніндегі бастамаларына қолдау көрсетуі үшін осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес өтініш беруші ЕЭК-ға жіберген материалдарды (ақпаратты) уәкілетті органға береді.

      25. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген материалдарды (ақпаратты) алғаннан кейін келіп түскен материалдар (ақпарат) уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, осы шараны қолданудың Қазақстан Республикасының саласына әсеріне талдау жүргізеді. Қажет болған жағдайда талдау мақсаттары үшін уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдарға, өзге де ұйымдарға уәкілетті орган белгілеген мерзімде сұрау салу жібереді.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті орган тиісті талдау аяқталған сәттен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде ЕЭК-ға Қазақстан Республикасының ұстанымы туралы хабарлайды.

      27. Егер сауда шарасын қолдану туралы ұсыныс ЕЭК-тен келіп түссе, уәкілетті орган оны Шартқа № 8 қосымшада белгіленген тәртіппен және мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган уәкілетті органның сұрау салуы бойынша берілген ұстанымдарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының ұсынылып отырған сауда шараларымен келісу/келіспеу туралы ұстанымын қалыптастырады және Шартқа № 8 қосымшада белгіленген тәртіппен және мерзімде ЕЭК-ға хабарлайды.

      ЕЭК ұсынысы бойынша Мемлекеттік органдардың және/немесе өзге де мүдделі ұйымдардың қағидатты келіспеушіліктері болған кезде немесе Қазақстан Республикасының позициясымен ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарының қағидатты келіспеуі, Қазақстан Республикасының түпкілікті шоғырландырылған ұстанымын әзірлеу үшін ЕЭК ұсынысы мен уәкілетті органның тиісті қорытындысы ВАК-та қаралады.

5 тарау. Өтемақы шараларын қолдану туралы ұсыныстарды қарау тәртібі

      28. Өтемақы шарасын қолдану туралы ұсынысты уәкілетті органға мемлекеттік органдар немесе ұқсас тауарды ұлттық өндіруші немесе қатысушыларының қатарына ұлттық экономика саласын құрайтын өндірушілер кіретін осындай өндірушілер бірлестігі (бұдан әрі – өтініш беруші) жазбаша өтініш түрінде ұсынады, оған осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес 1-нысан бойынша өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш беруші немесе мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтер тізбесі қоса беріледі.

      Сауда шараларын қолдану мақсаттары үшін ұқсас тауар - тауарды өндіру, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылатын тауарға толығымен сәйкес келетін тауар не мұндай тауар болмағанда тауарды өндіру, ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан әкету немесе тасымалдау кезінде өзіндік ерекшелікті субсидия пайдаланылатын тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар түсініледі

      29. Қажет болған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген қандай да бір мәліметтер болмаған немесе көрсетілген тармақтың талаптарына сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынылған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушінің атына № 28 қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік субсидияларды берудің бірыңғай қағидалары туралы хаттаманың 29-тармағында белгіленген мерзімде жетіспейтін мәліметтерді не дұрыс мәліметтерді беру туралы хат жібереді.

      30. Өтеумдік шарасын қолдану туралы ұсыныс мынадай негіздер бойынша қабылданбайды:

      өтініш берушінің Ереженің 28 және 29-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      осы Қағидалардың 3-қосымшада көрсетілген мәліметтерді ұсынбау;

      өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі.

      31. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарында көзделген өтінім мен ақпаратты алғаннан кейін Заңның 22-1-бабына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттерге қатысты өтемақы шараларын қолданудың орындылығы туралы қорытындыны дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізеді.

      32. Өтініш беруші өтінішті тергеп-тексеру басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында кері қайтарып алуы мүмкін.

  Сыртқы сауда қызметін
реттеудің кедендік-тарифтік,
тарифтік емес, сауда және
өтемақы шараларын қолдану,
өзгерту немесе олардың күшін
жою туралы ұсыныстарды қарау
қағидаларына
1-қосымша
  1-нысан

Кедендік-тарифтік реттеу шараларының қолданылуы туралы жеке немесе заңды тұлға ұсынатын мәліметтер тізбесі

      1. Жеке немесе заңды тұлға туралы ақпарат (мекенжайы, телефоны, факс, E-mail, тіркелген жері, басшының тегі, аты, жөні (ол бар болса)).

      2. Тауардың атауы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды;

      3. Кәсіпорынның алдыңғы үш жылдағы өндірістік-шаруашылық көрсеткіштері:

      1) заттай және құндық мәндегі тауарды өндіру/тұтыну көлемі;

      2) кедендік-тарифтік шараны қолдану ұсынылатын шикізат тауарды заттай және құндық мәнде (елді көрсете отырып) сату, оның ішінде экспортқа шығару көлемі;

      3) кәсіпорынның өндірістік қуаты мен жүктемесі (пайыздық мәнде);

      4) кәсіпорын өндірісінің рентабельділігі (пайыздық мәнде);

      5) кәсіпорынның пайдасы/шығындары;

      6) кәсіпорында жұмыспен қамтылғандар (еңбекшілер) саны;

      7) кәсіпорынның мемлекеттік бюджетке аударған салықтарының сомасы, оның ішінде қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС), корпоративтік табыс салығы.

      4. Келесі үш жылға арналған заттай және құндық мәндегі тауарды өндіру/тұтыну бойынша жоспарлар, сондай-ақ кедендік-тарифтік шараны қолдану ұсынылатын дайын тауарды өткізу көлемі, оның ішінде экспортқа шығаратын тауар көлемі (елін көрсете отырып) шығару.

      5. Мынадай мәліметтерді қамтитын кедендік-тарифтік шараны қолдану қажеттілігінің негіздемесі:

      1) тауардың қасиеттері, функционалдық мақсаты және пайдалану саласы көрсетілген сипаттамасы;

      2) Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарды негізгі тұтынушылар немесе тұтынушылар тобы туралы деректер (Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі тауарларды негізгі өндірушілер/өндірушілер тобы туралы);

      3) Қазақстан Республикасының және/немесе ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін және (немесе) үшінші елдерде өндірілетін ұқсас тауарлармен бірге кедендік-тарифтік шараны қолдану ұсынылатын тауардың салыстырмалы сипаттамасы (егер мұндай мүмкіндік болған жағдайда);

      4) кәсіпорынның (саланың) қаржы-экономикалық жай-күйіне кедендік-тарифтік шараны қолданудан экономикалық әсерді бағалауды (сипаттамасын) қамтитын қаржы-экономикалық негіздеме.

      6. Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін арттыру туралы ұсыныс болған жағдайда басқа елдерден импортталатын ұқсас тауарлардың бағасы және ішкі нарықтағы тауардың бағасы туралы алдыңғы үш жылдағы деректерді көрсету қажет.

      7. Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін төмендету туралы ұсыныс болған жағдайда, алдыңғы үш жылдағы мынадай деректер қосымша көрсетілсін:

      1) импортталатын шикізат құнының үлесін көрсете отырып, дайын өнімнің (дайын бұйымның) өзіндік құнының орташаланған құрылымы;

      2) шикізатты импорттау кезіндегі шығындар (кедендік құн, кедендік баж, кедендік алым, акциздер, дайын өнімге және импортталатын шикізатқа ҚҚС);

      3) орташаланған көлік шығыстары (импорттау пунктінен тұтынушыға дейін, ел ішіндегі өндіру пунктінен тұтынушыға дейін);

      4) басқа елдерден импортталатын ұқсас тауарлардың (шикізаттың) бағасы және ішкі нарықтағы осы тауардың бағасы, сондай-ақ импорттың көлемі мен экспорттаушы елдің атауы.

      8. Егер ұсыныста ЕАЭО СЭҚ ТН кодтық белгілеуді нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу көзделсе, онда ол сондай-ақ мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) осы тауар (тауарлардың түрі) көптеген ұқсас тауарлардан біркелкі бөлінуі мүмкін оған сәйкес өлшем шарттар (жіктеу белгілері);

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН-да жеке позицияны бөлу ұсынылатын тауар туралы: жиынтықтау, тағайындау, жұмыс принципі, құрамы (егер сыныптау өлшемшарты қандай да бір заттардың болуы болса), қайта өңдеу процестері (егер сыныптау өлшемшарты тауарды өңдеу түрі немесе тауарды өңдеу дәрежесі болып табылса), техникалық сипаттамалар (егер сыныптау өлшемшарты тауардың салмағы, мөлшері, қуаты, өнімділігі, өзге де техникалық сипаттамалары болып табылса);

      3) тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты ЕЭО СЭҚ ТН позициясын бөлуге ұсынылатын өлшемшарттарға тауардың сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін қолда бар әдістер туралы.

      9. Кедендік әкету бажын қолдану туралы ұсыныс болған жағдайда, қосымша мынадай деректерді көрсету қажет:

      1) дайын тауардың өзіндік құнындағы кедендік әкету бажының үлесі (егер ол белгіленген болса);

      2) келесі үш жылға жоспарланған экспорттың (заттай және құндық мәнде) көлемі мен әлеуетті өткізу нарықтары (елдері);

      3) өндіруді жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын дайын тауар құрамындағы оған қатысты әкету кедендік бажын қолдану ұсынылатын тауар құнының үлесі;

      4) өндірілетін өнімді негізгі тұтынушы-елдер туралы ақпарат;

      5) өндірілетін өнімді негізгі өткізу нарықтарына дейін жеткізу бойынша шығыстар туралы ақпарат.

  2-нысан

Кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану туралы мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтер тізбесі

      1. Қарастырылып отырған тауар нарығы бойынша, оның ішінде негізгі тауар өндірушілер/тұтынушылар, олардың мекен-жайлары мен байланыстары көрсетілген Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдай.

      2. Алдыңғы үш жылдағы қарастырылып отырған тауарды өндіру/тұтыну/өткізу саласындағы жалпы жағдай және келесі үш жылға арналған болжам (заттай және құндық көрсеткіштерді, оның ішінде өндіріс/тұтыну/өткізу көлемін, жұмыспен қамтылғандар санын көрсете отырып).

      3. Экономика саласына және осы саланың кәсіпорындарына ықтимал әсерін бағалауды қоса алғанда, кедендік-тарифтік шараны қолданудан экономикалық әсер.

      4. Өндірістік қуаттар және олардың негізгі өндірушілердің/тұтынушылардың жүктелу деңгейі.

      5. Қарастырылып отырған тауарды негізгі жеткізуші елдер/тұтынушылар.

      6. Кедендік-тарифтік шараны қолданудан республикалық бюджеттің болжамды шығындар.

      7. Қазақстан Республикасының, ЕАЭО мүше-мемлекеттер, үшінші елдер аумағында (егер мұндай мүмкіндік болған жағдайда) өндірілетін, ұқсас тауарлармен салыстырғанда кедендік-тарифтік шараны енгізу ұсынылатын тауардың салыстырмалы сипаттамасы;

      8. ЕАЭО мүше-мемлекеттердің, үшінші елдердің (егер мұндай мүмкіндік болған жағдайда) негізгі тауар өндірушілер немесе тұтынушылары тобы туралы деректер.

      9. Ұсыныста ЕАЭО СЭҚ ТН-ға кодтық белгілеуді нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген жағдайда, онда ол мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

      1) көптеген ұқсас тауарлардан біркелкі бөлінуі мүмкін тауар (тауар түрлері) қатысты өлшемшартар (сыныптамалық белгілер);

      2) ЕАЭО СЭҚ ТН-да жеке позицияны бөлу ұсынылатын тауар туралы: жиынтықтау, тағайындау, жұмыс принципі, құрамы (егер сыныптау өлшемшарты қандай да бір заттардың болуы болып табылса), қайта өңдеу процестері (егер сыныптау өлшемшарты тауарды өңдеу түрі немесе тауарды өңдеу дәрежесі болып табылса), техникалық сипаттамалар (егер сыныптау өлшемшарты тауардың салмағы, мөлшері, қуаты, өнімділігі, өзге де техникалық сипаттамалары болып табылса);

      3) тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты ЕЭО СЭҚ ТН позициясы ретінде бөлуге ұсынылатын өлшемшарттарға тауардың сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін қолда бар әдістер туралы.

      10. Кедендік әкету бажын қолдану туралы ұсыныс болған жағдайда мынадай деректерді көрсету қажет:

      1) Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі тауарды негізгі тұтынушылар немесе тұтынушылар тобы туралы;

      2) экспорт көлемі бойынша жоспарлар (заттай және құндық мәнде);

      3) өндірілетін өнімді негізгі тұтынушы елдері туралы ақпарат;

      4) өндірілетін өнімді негізгі өткізу нарықтарына дейін жеткізу бойынша шығыстар туралы ақпарат;

      5) салаға әсері және осы тауарға ішкі нарықтың қажеттілігі.

  Сыртқы сауда қызметін
реттеудің кедендік-тарифтік,
тарифтік емес, сауда және
өтемақы шараларын қолдану,
өзгерту немесе олардың күшін
жою туралы ұсыныстарды қарау
қағидаларына
2-қосымша
  1-нысан

Тарифтік емес шараларды қолдану туралы жеке немесе заңды тұлға ұсынатын мәліметтер тізбесі

      1. Жеке немесе заңды туралы ақпарат (мекен-жайы, телефоны, факс, E-mail, тіркелген орны, басшының, аты, жөні (ол бар болса).

      2. Тауардың атауы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды;.

      3. Тауарлардың сипаттамасы, қасиеттері, сипаттамалары, функционалдық мақсаты және пайдалану саласы.

      4. Бұл шараны қолдану туралы салалық мемлекеттік органның оң қорытындысы.

      5. Тауарларды негізгі өндірушілер, өндірушілер немесе тұтынушылар топбы, тұтынушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, тауарлар нарығының сандық және құндылық сипаттамасы және сипаттамалары (мүмкіндік болса) туралы мәліметтер

      6. Алдыңғы үш жылдағы тауарлар өндіру көлемі (бар болса).

      7. Алдыңғы үш жылдағы тауарларды заттай және құндылық мәнде, (өлшем бірлігі көрсетіліп) оның ішінде (елін көрсете отырып) сату көлемі (бар болса) экспорт.

      8. Алдыңғы үш жылда тауарларды тұтыну көлемі.

      9. Ішкі нарықтағы тауарларды әкелу/әкетуден келтірілген зиянды негіздейтін ақпарат (әкету/әкелу шектелген кезде).

      10. Тауарлардың (шикізаттың) өзіндік құнын дайын өнімнің орташа нарықтық құны бойынша үлесі (егер ұсыныс басқа өнім шығаруға пайдаланылатын өнімге қатысты болса).

      11. Шығарылатын өнімді негізгі тұтынушы елдері туралы ақпарат.

      12. Өткен үш жылдағы негізгі нарықтарға шығарылатын өнімді жеткізу бойынша шығыстар туралы ақпарат (бар болса).

      13. Шараны қолданудан болатын экономикалық әсерді сипаттайтын қаржы-экономикалық негіздеме, кәсіпорынға ықтимал әсерді бағалау, оның ішінде:

      жеке немесе заңды тұлғаның компаниясының алдыңғы үш жылдағы өндірістік рентабельділігі (бар болса);

      өткен үш жылдағы кәсіпорындардың пайдасы/шығындары (бар болса);

      кәсіпорындағы жеке және заңды тұлғаның (саласы) жұмыспен қамтылған қызметкерлер (еңбекшілер) саны;

      жеке және заңды тұлғаның кәсiпорыны, мемлекеттiк бюджетке аударылған салықтар сомасы (бар болса), оның iшiнде қосылған құн салығы, өткен үш жылдағы корпоративтiк табыс салығы.

  2- нысан

Тарифтік емес шараларды қолдану туралы мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтер тізбесі

      1. Тауардың атауы, оның ішінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды.

      2. Тауардың қасиеттері, сипаттамалары, функционалдық мақсаты және пайдалану саласы көрсетілген сипаттамасы.

      3. Негізгі тұтынушылары немесе тұтынушылар тобы туралы мәліметтер.

      4. Сипаттама және сипаттамалары, оның ішінде сандық және құндық тауар нарығы (мүмкіндік болса).

      5. Алдыңғы үш жылда тауар өндіру көлемі.

      6. Қазақстан Республикасындағы өндіріс қуаты және олардың жүктеме деңгейі.

      7. Дайын өнімнің орташа нарықтық құнындағы тауарлардың (шикізаттың) өзіндік құнының үлесі (егер ұсыныс басқа өнім шығаруға пайдаланылатын өнімге қатысты болса).

      8. Экспорт/импорт көлемі бойынша жоспарлар (заттай және құндық мәнінде).

      9. Өндірілген өнімді негізгі тұтынушы елдер туралы ақпарат.

      10. Өнімдерді ірі нарықтарға жеткізу бойынша шығыстар туралы ақпарат.

      11. Ішкі нарықтағы тауарларды әкелу/әкетуден келтірілген зиянды негіздейтін ақпарат (өндіру көлемі, тұтыну және басқа да мәліметтер).

  Сыртқы сауда қызметін
реттеудің кедендік-тарифтік,
тарифтік емес, сауда және
өтемақы шараларын қолдану,
өзгерту немесе олардын күшін
жою туралыұсыныстарды қарау
қағидаларына
3-қосымша
  1-нысан

Өтініш беруші немесе мемлекеттік органдар ұсынатын өтемдік шараларын қолдану туралы мәліметтер тізбесі

      1. Өтініш беруші туралы ақпарат (мекенжайы, телефоны, факс, E-mail, тіркелген жері, басшының тегі, аты, жөні (ол бар болса)

      2. Тауардың сипаттамасы (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды);

      3. Ерекше субсидияның болуы, сипаты мен көлемі туралы мәліметтер;

      4. Субсидияланатын тауар өндірушілер туралы мәліметтер;

      5. Ұқсас тауарды ұлттық өндірушілер туралы мәліметтер;

      6. Өтініш беру алдында 3 (үш) күнтізбелік жылдағы Қазақстан Республикасының аумағына субсидияланатын тауарды әкелу көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер;

      7. Қазақстан Республикасының аумағынан ұқсас тауарды басқа ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына әкету көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер;

      8. Субсидияланатын тауарды әкелудің не субсидиялаушы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің нарығынан ұқсас тауарды ығыстыру салдарынан Қазақстан Республикасының экономика саласына келтірілетін залалдың бар екендігінің дәлелдемелері. Субсидияланатын тауарды әкелу салдарынан Қазақстан Республикасының экономика саласына материалдық залал болуының субсидияланатын тауарды әкелу немесе ұқсас тауарларды субсидиялайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің нарығынын ығыстыру салдарынан оны келтіру қатерлерінің болу дәлелдемелері ұлттық экономика саласының экономикалық ахуалын сипаттайтын және сандық көрсеткіштерде (оның ішінде тауар өндіру көлемі және оны сату көлемі, ЕАЭО-ға мүше мемлекет нарығындағы тауар үлесі, тауар өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндіріс қуаттарының жүктемесі, еңбек өнімділігі, пайда көлемдері, өндіріс пен тауарлар сату рентабельділігі туралы, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика саласына инвестициялар көлемі туралы деректер) көрсетілуі мүмкін объективті факторларға негізделеді;

      9. Өтініш беру алдындағы 3 (үш) күнтізбелік жылдағы ЕАЭО-тың бірыңғай кедендік аумағына ұқсас тауар импорты көлемінің (сандық және құндық мәнде) өзгеруі туралы мәліметтер;

      10. Өтініш беру алдындағы 3 (үш) күнтізбелік жылдағы ЕАЭО-ның кедендік аумағынан ұқсас тауар экспорты көлемінің (сандық және құндық мәнде) өзгеруі туралы мәліметтер;

      11. Талданатын кезеңде Қазақстан Республикасының экономика саласына әсер етуі мүмкін басқа да факторларды талдау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады