Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қыркүйекте № 33433 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2024 жылғы 1 қаңтардан ерте емес мерзімде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
2023 жылғы " "___________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 339 бұйрығымен
бекітілген

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

      3) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы – бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында ядролық қару сынақтарының салдарынан нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген арнаулы құқықтық режим қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағының шектеулі бөлігі;

      4) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспорты (бұдан әрі – паспорт) – аумақты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін, аумақ пен функционалдық аймақтардың тұрған жері көрсетілген, Семей ядролық қауіпсіздік аймағының инфрақұрылым объектілері, географиялық координаттары белгіленген, оның аумағының шекаралары, алаңдары сипатталған карта-схеманы, күзету режимдерінің түрлерін, рұқсат етілген және тыйым салынған қызмет түрлерін, бару қағидаларын, жұмыс істеу режимін, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, олардың міндеттемелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

      5) Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) –Семей қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар қатарынан "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес айқындалатын заңды тұлға.

      3. Паспорт мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады.

      Тіркелген паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып саналады.

      4. Паспорттың бір данасы уәкілетті органда, екіншісі – уәкілетті ұйымда, үшіншісі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда болады.

2-тарау. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеу тәртібі

      5. Паспортты әзірлеуді уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Үкіметінің Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 6 (алты) ай ішінде жүзеге асырады.

      6. Паспорт осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

      7. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы бойынша есепке алу деректері оны жасау сәтінде паспортта көрсетіледі.

      8. Уәкілетті ұйым паспортты әзірлеу кезінде көрсетілген ақпараттың сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге жауапты болады.

3-тарау. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын тіркеу (қайта тіркеу) тәртібі

      9. Уәкілетті ұйым әзірленген паспортты уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мерзімдерде тіркеуге ұсынады.

      10. Паспортты қайта тіркеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

      1) 10 (он) жылда кемінде 1 (бір) рет;

      2) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы шекарасының, жер учаскелері алаңының өзгеруі;

      3) паспорттағы ақпараттың өзгеруі.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті ұйым осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспортты әзірлейді және оны 3 (үш) ай ішінде уәкілетті органға қайта тіркеуге ұсынады.

      12. Ұсынылған паспорт осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде паспортты уәкілетті ұйымға пысықтауға жібереді.

      13. Уәкілетті ұйым уәкілетті органға тіркеуге (қайта тіркеуге) пысықталған паспортты 3 (үш) айдан аспайтын мерзімде ұсынады.

      14. Паспортты тіркеуді (қайта тіркеуді) уәкілетті орган ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.

      15. Паспортты тіркеу (қайта тіркеу) уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының бұйрығымен ресімделеді.

  Семей ядролық қауіпсіздік
аймағы аумағының паспортын
әзірлеу және тіркеу
(қайта тіркеу) қағидаларына
қосымша
  Нысан

      ____________________________________

      (атом энергиясын пайдалану саласындағы

      уәкілетті органның атауы)

      20 ___ жылғы "____" ______________

      № _______________

      ______________________________

  Бұйрығымен тіркелді  

Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспорты

      1. Аумақтың атауы, оның түрі және санаты

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      2. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы жер учаскелерінің шекарасы, ауданы құрылған,

      өзгертілген мемлекеттік орган актісінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      3. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымның атауы

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағын күзету жүктелген ұйымның атауы

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      5. Инфрақұрылымы, географиялық координаталары, шекарасының сипаттамасы, оның аумағы мен күзет аймағы көрсетілген карта-схемасы бар аумақтың орналасқан жері:

      5.1. Аумақтың орналасқан жері

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (облыс, аудан, елді мекен)

      5.2. Аумақ шекарасының сипаттамасы

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      (Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының шекарасының бұрылыс нүктелері және географиялық координаталары бойынша көрсетілген сипаттамасы)

      5.3. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жалпы ауданы –__________________________________________________________________________ га

      (аудан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жер пайдалану құқығына арналған мемлекеттік актіге сәйкес беріледі) 5.4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағы күзет аймағының ауданы –__________________________________________________________________________ га

      5.5. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының инфрақұрылымы көрсетілген Семей ядролық қауіпсіздік аймағының карта-схемасы

Семей ядролық қауіпсіздік аймағының инфрақұрылымы көрсетілген Семей ядролық қауіпсіздік аймағының карта-схемасы көрсетіледі (масштабы 1:200 000)

      6. Радиациялық ластануды айқындайтын индикаторлық түрлер

      _______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      7. Функционалдық аймақтар бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағын күзету режимдері:

р/с

Функционалдық аймақтың атауы

Ауданы, га

Күзет режимі

1

2

3

4














БАРЛЫҒЫ:



      8. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағында рұқсат етілген және тыйым салынған қызмет түрлері, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлеріне шектеулер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аумақтың түрі мен санатына, функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты тыйым салынған және рұқсат етілген қызмет түрлерінің сипаттамасы көрсетіледі)

      9. Аралас меншік иелері туралы мәліметтер


р/р

Жер учаскесінің иесі

Жалпы шекараның ұзындығы

Жалпы пайдалану объектілері

1

2

3

4














Барлығы:



      10. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумақтың рекрациялық жүктемесі, бару қағидалары және жұмыс режимі

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (рекреациялық мақсаттағы объектілердің түрі мен санатына, аумақтың функционалдық аймақтарға бөлінуіне, рекреациялық сыйымдылығына байланысты жеке ерекшеліктерін ескере отырып бару қағидалары, жұмыс режимі жазылады)

      Семей ядролық қауіпсіздік аймағы аумағының паспортын әзірлеген:

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      М.О.

      Әзірленген күні: "___" _____________ 20 __ ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады