"Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 72 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 қазанда № 33493 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарда:

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қаржы ұйымының қаржылық жағдайы ықтимал нашарлауы жағдайларында қаржы ұйымын қайта капиталдандыру жоспары мынадай ақпараттан тұрады:

      қаржы ұйымының ағымдағы жай-күйін бағалау;

      қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің болжамды нашарлауының есебі және нашарлауына әсер ететін өлшемшарттар (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің нашарлау жағына қарай өзгеруі);

      қаржы ұйымын қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығыстарды төмендету бойынша шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын шамаға дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар (ақша салымының сомаларын және көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;

      қаржы ұйымын қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдері;

      қалпына келтіру іс-шараларының болжанған экономикалық әсері (пруденциялық нормативтердің өзгеру серпіні, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және өзге де көрсеткіштерінің өзгеруі).

      Егер өтініш беруші банк немесе сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болса, онда уәкілетті органға ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.

      Қаржы ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайында қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспары:

      1) өтініш беруші жеке тұлғаның;

      2) өтініш беруші заңды тұлғаның бірінші басшысының, сондай-ақ, егер өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуы талап етілмеген жағдайда, өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолдармен расталады.

      29. Бизнес-жоспар мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) төмендегілермен шектелмей, мынадай ақпаратты қамтиды:

      қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтер түрлерін сипаттау;

      қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      қаржы ұйымы қызметінің таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылындағы даму стратегиясы және ауқымы;

      таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылға арналған толық жылдық қаржылық жоспар (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебі, бюджет, бухгалтерлік баланс, пайда мен зиян туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);

      тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдердің сипаты және алдағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылында оларды басқару тәсілдері);

      таяудағы 5 (бес) қаржы (операциялық) жылында еңбек ресурстарын тарту жоспары;

      өтініш берушінің және қаржы ұйымының болжалды есеп айырысу балансын қоса алғанда, қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін алғаннан кейін иеленудің қаржылық салдарын талдау, егер мұндайлар бар болса, іс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымын қоса алғанда, қаржы ұйымының активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе қаржы ұйымының қызметіне немесе басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстары және жоспарлары.

      Егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк немесе сақтандыру холдингінің қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарын талдау банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді сақтауын тексеруді қамтиды.

      Осы тармақшаның тоғызыншы абзацында және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының он бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу қаржы ұйымының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әкеледі;

      егер өтініш берушінің банк немесе сақтандыру холдингінің мәртебесін иеленуі тиісінше банк конгломератының немесе сақтандыру тобының қалыптасуына әкелген жағдайда, банк конгломератының немесе сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің болжамды есебі;

      2) мына:

      өтініш беруші жеке тұлғаның;

      өтініш беруші заңды тұлғаның бірінші басшысының, сондай-ақ, егер өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алуы талап етілмеген жағдайда, өтініш беруші заңды тұлғаның ірі акционерінің (акционерлерінің) қолдармен расталады.".

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады