"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.05.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық, оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Энергетика министрі | В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________________Е. Досаев
2016 жылғы 24 ақпан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген |
Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.05.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және радионуклидтік көздермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.05.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға таралады.
3. Осы Қағидалардың қолданылуы радиоактивті қалдықтармен, ашық радионуклидтік көздермен, ядролық материалдармен және иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істейтін объектілерге таралмайды.
4. Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалыпты пайдалану және авария кезінде радиациялық әсердің персоналға, халыққа және қоршаған ортаға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтерді бекіту туралы" гигиеналық нормативтерінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29012 болып тіркелген) белгіленген шектерден артық жол бермеу мақсатында көздерді техникалық жағынан ақаусыз жағдайда ұстау және жобалау және (немесе) өзге де техникалық құжаттамаға сәйкес пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 02.10.2023 № 353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Радионуклидті көздермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.05.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Радионуклидтік көздерді, құрамында радионуклидтік көздер бар құрылғылар мен қондырғыларды және техникалық жағынан ақаусыз жағдайда Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларының, техникалық және пайдалану құжаттамаларының талаптарына сәйкес ұстауға, оларды пайдалануға бағытталған радионуклидтік көздермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары ұйымдастыру және техникалық шараларды қамтиды.
6. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру шаралары қызметті лицензиялауды, технологиялар мен жабдықтардың сәйкестігін бағалауды, авариялық әзірлікті қамтамасыз ету және авариялық ден қоюды қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуді, рұқсатсыз кіруден қорғауды, радионуклидті көздерді есепке алуды және олардың қазғалысын бақылауды қамтиды.
7. Техникалық шаралар радионуклидтік көздерді физикалық қорғау жүйесінің бар болуын, радиациялық бақылауды қамтамасыз етуді, дистанциялық тетіктерді қолдануды, жабдықтарды, көлік құралдарын қалыпты жағдайда ұстауды қамтиды.
8. Радиациялық қауіпсіздік:
1) радионуклидтік көздердің сақталуын бақылау және оларды есепке алу;
2) персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді бақылау;
3) радионуклидтік көздерге рұқсатсыз қол жеткізуден немесе оларды біліксіз пайдаланудан қорғау;
4) радионуклидік көздерді пайдаланатын объектінің қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ету;
5) радиациялық авария жағдайында немесе оның пайда болуының нақты қауіпі кезінде радиацияның әсерін төмендететін қорғау шараларын және негізгі шұғыл шараларды өткізуге әзілікті жоспарлау;
6) радиациялық әсердің ағымдағы және ықтимал деңгейлері туралы ақпараттың қол жетімділігі және дәйектілігі арқылы қамтамасыз етіледі.
9. Жабық радионуклидті көздер олардың саңылаусыздығы бұзылған жағдайда пайдаланылмайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.05.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Жабық радионуклидті көз салынған құрылғы механикалық, химиялық, температуралық әсерлерге төзімді болып жасалады, оның радиациялық қауіптілік белгісі болады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.05.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жабық көздері бар стационарлық қондырғыларда жұмыстар жүргізілетін үй-жайлар бұғаттау және көздің (көздер блогының) жағдайы туралы дабыл беру жүйелерімен жабдықталады және қондырғыны энергия көзінен ажыратқан жағдайда немесе штаттан тыс жағдай туындаған кезде сәулелену көзін мәжбүрлеп қашықтан ауыстыруға арналған құрылғы көзделеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 11.05.2022 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жабық радионуклидтік көздері бар аспаптарды үй-жайлардан тыс немесе ортақ өндіpіcтік үй-жайларда пайдалану кезінде сәулелену көздеріне бөгде адамдардың қол жеткізуіне мүмкіндік болмауы және көздердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.