"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қазанда № 33530 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың (бұдан әрі – МДТО) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – МДТО-ны жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, мына формула бойынша есептеледі:

      Vпф = ∑(Nz * Контz),

      мұндағы:

      Контz – тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті (бірақ жобалық қуаттылығынан аспайды);

      z – міндеттегі топтар (жалпы міндеттегі топтар, балаларға арналған түзету үлгісіндегі топтар, туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтар) бойынша индекс;

      Бір МДТО ұйымында мектепке дейінгі топтардың бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі міндеттегі топ пен білім беру бағдарламаларының түрі бойынша бір тәрбиеленушіге есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір айда бір тәрбиеленушіні қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Еz + L,

      мұндағы:

      Еz – айына бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – айына бір тәрбиеленушіге арналған білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – міндеттегі топтар бойынша бір айда бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Ez = T + X,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтердің бір айда бір тәрбиеленушіге есептегендегі айлық еңбекақы қоры;

      X – бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген білім беру процесіне байланысты оқу шығыстары, 0,3 АЕК-ті құрайды;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.

      мұндағы:

      Тнег. = (W + ((ЛА * kр +БЛА * f ) * (е + r)))* sno * mp * mv;

      Төтем. = (((ЛА * kр + БЛА * f) * ks+ Эөтем1) * mv) / 12;

      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтердің өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы қоры;

      Төтем. – қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі;

      W – педагогтердің айлық еңбекақы қоры;

      kр – лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті:

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 2,6;

      е – "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң) сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,025.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, e 0-ге тең болады;

      r – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заң) сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті – 0,028.

      Егер осы қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, r 0-ге тең болады;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:

      2023 және 2024 жылдарға – 1,0836;

      2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;

      mp – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2023 жылға – 1,03;

      2024 жылға – 1,045;

      2025 жылға – 1,055;

      2026 жылға – 1,065;

      2027 жылға – 1,075;

      2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,08;

      mv – бала-сағат коэффициенті мыналардан құралады:

      жарты күн болатын топтағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,04;

      тәрбиеленушілер үшін топтардағы 9 сағаттық болу режимі– 0,08;

      тәрбиеленушілер үшін топтардағы 10,5 сағаттық болу режимі– 0,09;

      туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,15;

      түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,1875;

      5) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогтардың айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W= (ЛА * kр + БДО * f) * ks+ БЛА * (Қеж1 + uz+ kалм. + ke1) + R,

      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын педагогтердің БЛА-ны 4,21 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,946;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық МДТО ұйымдары үшін – 1;

      ауылдық ұйымдар үшін – 1,25;

      Қеж1 – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтердің ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,289;

      uz – туберкулез, аллергия ауруларымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтарда, сондай-ақ түзету үлгісіндегі топтарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс үшін педагогтерге қосымша ақы коэффициенті – 0,380;

      ke1 – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтардың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 3,868.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер осы қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, R 0-ге тең болады;

      kалм. – қызметкерлердің орнын алмастырғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,657;

      6) Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мына формула бойынша есептеледі:

      Эөтем.1 = ЛА * kp + БЛА * f,

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, Эөтем1 0-ге тең болады;

      7) L – МДТО-ның білім беру ортасы шығыстарының бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген айлық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы мынаны құрайды:

      Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу облыстары, Алматы мен Шымкент қалалары үшін – 3,75 АЕК;

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары, Абай, Ұлытау облыстары және Астана қаласы үшін – 3,92 АЕК;

      Солтүстік Қазақстан облысы үшін – 4,08 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 4,25 АЕК.

      Жарты күндік топтағы тәрбиеленушілер үшін ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасын есептеу кезінде S көрсеткіші 2-ге бөлінеді;

      8) Q мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег + Qөтем

      мұндағы:

      Qнег = (F + (БЛА * (с + q) * (e + r))) * sno * mp * mv,

      Qөтем = (БЛА * с + Эөтем2) * mv / 12,

      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының айлық көлемі;

      12 – бір жылдағы айлар саны;

      Эөтем2 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БЛА * c,

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      F = БЛА * (с + q + Қеж2 + ke2) + R,

      мұндағы:

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтің жалақысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті, мынаған тең:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 1,681;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 1,821;

      q – қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген, білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті, мынаған тең:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,722;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 2,417;

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,24;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,424;

      ke2 - Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,721;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 1,271;

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен көзделмеген жағдайда ke2 0-ге тең болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады