Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 қазанда № 33541 болып тіркелді.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидалары бекітілсін.

      2.      

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 9 қазандағы
№ 358 бұйрығына
қосымша

Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 18-8) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі – өнім беру жоспары) шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) вагон-норма – сұйытылған мұнай газының отыз алты тоннаға тең салмағы;

      2) өнім беруші – Заңның 27-1-бабының 4-тармағына сәйкес өнім беру жоспарын орындау және сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемдерін бөлу міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;

      3) өтінім – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүгіну;

      4) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" интеграцияланған ақпараттық жүйесі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Заңның 7-бабы 2-тармағының 2-2) тармақшасына, 5-тармағының 1-6) тармақшасына және 27-1-бабының 5-тармағына сәйкес өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:

      1) жергілікті атқарушы органдардың тізілімдеріне енгізілген, қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілері болып табылатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері – өздерінің технологиялық циклдарына сәйкес осындай топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген:

      газ толтыру станцияларының иелері – топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің және автогаз құю станцияларының иелеріне кейіннен көтерме саудада өткізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өнеркәсіптік тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда және (немесе) өздеріне меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде тиесілі топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

      газ толтыру пункттерінің иелері – тұрмыстық баллондарда кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

      автогаз құю станцияларының иелері – көлік құралдарына құю арқылы тұтынушыларға осындай автогаз құю станциялары арқылы кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;

      3) Заңның 27-1-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тізбеге (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген, сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар – мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде ие болады.

      Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларға жеткізу мақсаттары үшін де пропан-пропилен және (немесе) бутан-бутилен фракциялары сұйытылған мұнай газ деп танылады.

2-тарау. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу тәртібі

      4. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың алушылары арасында бөлу кезінде Заңның 27-1-бабының 7-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын:

      1) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы;

      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген) Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларына (бұдан әрі – Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру қағидалары) сәйкес тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері берген бірегей кодтары бар тұрмыстық баллондарда (бұдан әрі – есепке алу жүйелері бар тұрмыстық баллондар);

      3) автогаз құю станциялары арқылы кейіннен бөлшек саудада өткізу мақсаттары үшін беруге арналған өтінімдердің орындалуына басымдық беріледі.

      4-1. Осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалатын тәртіппен сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-2. Ақпараттық жүйе арқылы сұйытылған мұнай газының көлемін бөлуді жалғастыруға мүмкіндік бермейтіндей ақпараттық жүйе жұмыс қабілеттілігінен (бұдан әрі – техникалық ақау) айырылған кезде жергілікті атқарушы орган сұйытылған мұнай газының көлемін бөлуді тоқтата тұрады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

      Ақпараттық жүйенің жұмыс қабілеттілігі қалпына келтірілгеннен кейін ақпараттық жүйеде сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жалғастырылады.

      Ескерту. Қағидалар 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-3. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, ақпараттық жүйенің техникалық ақауы жойылмаған кезде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органды хабардар етеді және осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес сұйытылған мұнай газының көлемін қағаз түрінде бөлуді жүргізеді.

      Ескерту. Қағидалар 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар жоспарланатын тоқсанның басталуына дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органға растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сұйытылған мұнай газын беруге өтінімдер жолдайды.

      Өтінімдегі мәліметтер өзгерген кезде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      6. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар пайдаланатын сұйытылған мұнай газының көлемдері өтінімдерге енгізілмейді.

      7. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылардың өтінімдерінде мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемдері (бар болған жағдайда) жеке көрсетіледі.

      8. Жергілікті атқарушы орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді қабылдайды немесе өтініш берушіге:

      осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген жағдайларда – өтінімді қабылдаудан бас тарта отырып;

      осы Қағидалардың 5, 39 және 41-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынбаған жағдайларда – оны түзету қажеттілігі туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Бұл ретте түзетілген өтінім жергілікті атқарушы органның дәлелді жауабын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      9. Жергілікті атқарушы органның қарауына мынадай өтінімдер қабылданбайды:

      1) мәліметтер, оның ішінде инфрақұрылымның және олардың қуаттарының болуы бойынша, сондай-ақ ағымдағы тоқсанның алдындағы тоқсанның барлық айларында сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтер ұсынбаған немесе толық емес және (немесе) қате мәліметтер ұсынған тұлғалар;

      2) сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі шеңберінде Заңның 27-1 және 28-баптарында белгіленген сұйытылған мұнай газын өткізу тәртібін бұзушылықты жоймағаны анықталған тұлғалардың;

      3) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығы жоқ тұлғалар.

      10. Жергілікті атқарушы органдар бару арқылы сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және өткізу үшін өтінімде көрсетілген объектілердің өтінім берушіде нақты болуын растайды.

      11. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ұсынған өтінімдер әкімшілік-аумақтық бірліктің сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін ескере отырып, олардың негізділігі мәніне төмендегі өлшемшарттар негізінде қарастырылады:

      1) өтінім беруші сұрататын сұйытылған мұнай газ көлемдерінің Тізбеде көрсетілген көлемдерге сәйкес келуі;

      2) өтінім берушілердің алдыңғы кезеңдерде сұйытылған мұнай газын тұтынуының нақты көлемдері.

      12. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген өтінімдердің негізінде жергілікті атқарушы орган жоспарланған күнтізбелік тоқсанға сұйытылған мұнай газын бөлу жобасын әзірлейді, онда осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында сұйытылған мұнай газының көлемі бөлінеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Ұсынылған өтінімдер мен бөлу жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сұйытылған мұнай газын болжамды тұтынуды ескере отырып, Заңның 7-бабы 5-тармағының 1-3) және 1-4) тармақшаларына сәйкес құрылатын өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) олардың негізділігі тұрғысынан қарайды.

      14. Сұйытылған мұнай газын темір жол көлігімен тиеп-жөнелту кезінде сұйытылған мұнай газының көлемін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында бөлуді жергілікті атқарушы органдар вагон-норманың еселенген көлемінде жүзеге асырады.

      15. Сұйытылған мұнай газын бөлу жобасын қарау нәтижелері бойынша Комиссия оны мақұлдау не пысықтау қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

      Комиссия бөлу жобасын пысықтауға жіберу туралы шешімді:

      1) осы Қағидаларға сәйкес келтіру;

      2) сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен тиеп-жөнелткен кезде – бөлінген көлемдердің вагон-нормаға еселігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Егер бөлу жобасын қалыптастыру немесе өзгерту кезінде осы Қағидаларға сәйкес бөлінген көлемнің барлығы немесе бір бөлігі:

      1) теміржол көлігімен тиеп-жөнелткен кезде:

      18 (он сегіз) тоннадан кем болса – мұндай өтінім берушіге сұйытылған мұнай газы бөлінбейді;

      18 (он сегіз) тоннадан артық, бірақ вагон-нормадан кем болса – мұндай өтінім берушіге вагон-норма көлемінде сұйытылған мұнай газы бөлінеді;

      2) автомобиль көлігімен тиеп-жөнелткен кезде 5 (бес) тоннадан кем болса – мұндай өтінім берушіге сұйытылған мұнай газы бөлінбейді.

      17. Заңның 27-1-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия шешімімен мақұлданған сұйытылған мұнай газын бөлу жобасын тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді және өнім беру жоспары уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия отырысының хаттамасы мен осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізілген, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сұйытылған мұнай газын бөлу есептеулерін қоса бере отырып, тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органға және сұйытылған мұнай газын өндірушілерге жіберіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Заңның 27-1-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті жергілікті атқарушы орган бекіткен сұйытылған мұнай газын бөлумен келіспеген жағдайда мүдделі тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 9-бабына сәйкес көрсетілген бөлуге шағым жасай алады.

      19. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу үшін бірнеше өнім берушілер анықталған кезде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар мен аталған өнім берушілер арасында сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлу пропорционалды және (теміржол көлігімен жеткізу кезінде) вагон-нормасын ескере отырып жүзеге асырылады.

      20. Сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын жеткізу үшін өнім берушілерді анықтау өнім берушілердің өндірістік қуатының географиялық орналасқан жерін есепке ала отырып, сондай-ақ (қажет болған жағдайда) сұйытылған мұнай газының құрамында қажетті фракциялардың бар болуын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

      21. Заңның 27-1-бабының 4-тармағына сәйкес сұйытылған мұнай газын өндірушілер, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері өнім беру жоспарын және сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемдерін бөлуді орындауға міндетті.

      Ағымдағы айда өнім беру жоспары орындалмаған кезде сұйытылған мұнай газының жеткізілмеген көлемдері осындай айға өнім беру жоспарында көзделген сұйытылған мұнай газының көлеміне қосымша келесі айда жеткізілуге жатады.

      22. Заңды тұлға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жаңа газ толтыру станциясын пайдалануға берген кезде мұндай газ толтыру станциясының иесіне алғашқы тоқсан бойы әкімшілік-аумақтық бірлікке бөлінетін сұйытылған мұнай газының жалпы көлемін ұлғайту арқылы осы Қағидалардың 42, 43 және 44-тармақтарына сәйкес бөлінген көлемге қосымша 180 (бір жүз сексен) тоннадан сұйытылған мұнай газы бөлінеді.

      23. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлға сұйытылған мұнай газын бөлу шеңберінде сұйытылған мұнай газының көлемдерінен бас тартқан кезде, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес есептелетін сұйытылған мұнай газының көлемі келесі тоқсанға сатып алынбаған көлемдердің шамасына азайтылуға жатады.

      Бұл ретте сұйытылған мұнай газының қалған көлемін тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаларының пайдасына пропорционалды қайта бөлу жүргізіледі.

      24. Сұйытылған мұнай газын Заңда рұқсат етілгеннен өзге тұлғаларға жеткізу фактісі анықталған жағдайда, мұндай өтініш берушілердің келесі тоқсанға арналған өтінімдері анықталған бұзушылықтардың шамасына қысқартылуға жатады.

      Бұл ретте сұйытылған мұнай газының қалған көлемін тиісті әкімшілік-аумақтың бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаларының пайдасына пропорционалды қайта бөлу жүргізіледі.

      25. Газ толтыру станциясы, топтық резервуарлық қондырғы, газ толтыру пункті, автогаз құю станциясы иесінің қызметі тоқтатыла тұрған кезде, сондай-ақ олар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың тиісті тізілімдерінен шығарылған жағдайда сұйытылған мұнай газының толық жеткізілмеген көлемі осы Қағидаларға сәйкес қалған өтінім берушілер арасында қайта бөлінеді.

      26. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі тиісті өнім берушіге өнім беру жоспарын орындауға мүмкіндік бермейтін деңгейге дейін төмендеген кезде осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар алатын көлемдерді пропорционалды қысқарту жүргізіледі.

      27. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде, сондай-ақ мұндай тұлға сұйытылған мұнай газының көлемін сатып алудан бас тартқан жағдайда осы Қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген қалған тұлғаларының пайдасына сұйытылған мұнай газын пропорционалды қайта бөлу жүргізіледі.

      28. Есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ толтыру станциясының немесе газ толтыру пунктінің иесі, сондай-ақ топтық резервуарлық қондырғының иесі үшін өз қызметін жүзеге асыру және (немесе) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алуға қатысу объективті түрде мүмкін болмаған және (немесе) тыйым салынған кезде өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын сатып алу қызметі немесе қатысуы тоқтатылғанға дейін осындай тұлғадан сатып алған тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын өткізуді жүзеге асыруға ниет білдірген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өзге де өтінім берушілерінің пайдасына сұйытылған мұнай газын қайта бөлу жүргізіледі.

      29. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлға сұйытылған мұнай газының осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес есептелгеннен аз көлеміне өтінім берген кезде сұйытылған мұнай газының көрсетілген көлемдерінің арасындағы айырма осы Қағидаларға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қалған өтінім берушілері арасында қайта бөлінеді.

      30. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспарына қосымша бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу:

      қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан аз және теміржол көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген әкімшілік-аумақтық бірліктің газ толтыру станцияларының иелері арасында;

      қосымша көлемі 1000 (бір мың) тоннадан артық және теміржол көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген, осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар арасында;

      автомобиль көлігімен әкету кезінде – осы Қағидаларға сәйкес сұйытылған мұнай газының қосымша көлеміне өтінім берген, осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалардың арасында жүзеге асырылады.

      Республикалық маңызы бар қалалар, астана және оларға іргелес тиісті облыстар үшін әкімшілік-аумақтық бірліктің газ толтыру станцияларына республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында да және оларға іргелес тиісті облыстардың аумағында да орналасқан станциялар жатады.

      31. Өнім берушілер жоспарланған ай басталғанға дейін және (немесе) өндіруші бөлгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың атына өнім беру жоспарына және өндірушінің бөлуіне сәйкес сұйытылған мұнай газын беру графигін қоса бере отырып, өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді) жолдайды.

      Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде өнім берушіге:

      1) өз тарапынан қол қойылған сұйытылған мұнай газын беру шартын (шартқа қосымша келісімді), сондай-ақ сұйытылған мұнай газына ақы төлегені туралы мәліметті;

      2) төленген сұйытылған мұнай газын алудан бас тартуы туралы себебін көрсете отырып, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғаның уәкілетті өкілі қол қойған хатты жібереді.

      Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғаның атынан күнтізбелік 5 (бес) күн өткеннен кейін ресми жауап алмау сұйытылған мұнай газын сатып алудан бас тарту болып саналады.

      Өнім берушілер күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде уәкілетті органға және тиісті жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғаның сұйытылған мұнай газы көлемдерінен бас тартқаны туралы хабарлайды.

      32. Сұйытылған мұнай газын теміржол көлігімен тиеп-жөнелту кезінде өнім берушіде Заңның 27-1-бабының 4-тармағына сәйкес ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға беруге міндетті сұйытылған мұнай газының тиеп-жөнелтілмеген қалдықтары пайда болған кезде:

      1) көлемі 18 (он сегіз) тонна және одан аз болған кезде – тиеп-жөнелту жүзеге асырылмайды;

      2) көлемі 18 (он сегіз) тоннадан артық, бірақ вагон-нормадан аз болған кезде – тиеп-жөнелту вагон-норма көлемінде жүзеге асырылады.

      33. Осы Қағидалардың 25 – 28-тармақтарында көзделген жағдайларда сұйытылған мұнай газының көлемі өзгерген кезде облыстың жергілікті атқарушы органы өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемінің бекітілген бөлінуін түзетеді, уәкілетті органға және сұйытылған мұнай газын өндірушілерге хабарлама жібереді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

3-тарау. Сұйытылған мұнай газын бөлу үшін көлемдерді анықтау тетігі

      34. Есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелеріне Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру қағидаларына сәйкес сұйытылған мұнай газының алдыңғы күнтізбелік 3 (үш) айдағы осындай баллондарда олар өткізген нақты орташа айлық мөлшеріне сәйкес келетін көлемі бөлінеді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілері болып табылатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелеріне сұйытылған мұнай газы алдыңғы үш күнтізбелік айдағы орташа айлық тұтынуды ескере отырып және олардың технологиялық циклдарына сәйкес осындай топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті толық көлемде бөлінеді.

      36. Сұйытылған мұнай газының көлемін газ толтыру станцияларының (есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондарда өткізілетін көлемдерді қоспағанда), есепке алу жүйесі жоқ тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері арасында бөлу мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып жүзеге асырылады:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, автогаз құю станциялары иелерінің және өнеркәсіптік тұтынушылардың – қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді сұйытылған мұнай газын сақтау үшін пайдаланатын иелерінің мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте осындай тұлғалар пайдаланатын объектілердің жобалық қуатына (бұдан әрі – P1 көрсеткіші);

      2) мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте өткен кезеңдердегі сұйытылған мұнай газын өткізудің нақты көлеміне (бұдан әрі – P2 көрсеткіші).

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 26.09.2024 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Өлшемшарттардың әрқайсысы бойынша жалпы мәннің пайыздық үлесі қойылады. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін көрсеткіштің қорытынды мәні көрсеткіштердің пайыздық мәндегі орташа өлшенген мәні ретінде айқындалады.

      38. Жалпы көлемнің үлесі:

      1) тиісті тұлғаның инфрақұрылымы ұлғайған кезінде;

      2) тиісті тұлғаның алдыңғы үш күнтізбелік айдағы орташа айлық өткізу көлемі ұлғайған кезде ұлғайтылуға жатады.

      39. P1 көрсеткішін бағалау кезінде осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген, мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан тұлғаның пайдаланылатын қуаттарының жалпы көлемінің жиынтық көрсеткіші көрсетіледі, оның ішінде:

      1) газ толтыру станциялары;

      2) есепке алу жүйесі жоқ тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру пунктері;

      3) моноблоктарды қоса алғанда, автогаз толтыру станциялары.

      Аталған қуаттардың болуын растау үшін осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлға әрбір объект бойынша "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелді) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының тіркеу карточкаларының көшірмелерін ұсынады.

      Мәліметтер өзгерген кезде осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға өзгерген мәліметтер туралы хабарлайды.

      40. Р2 көрсеткішін бағалау кезінде топтық резервуарлық қондырғылар арқылы, есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондар арқылы және осы әкімшілік-аумақтық бірліктің бөлінісіне өз бетінше енгізілген тұлғаларға сұйытылған мұнай газын өткізу көлемдерін қоспағанда, осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында алдыңғы күнтізбелік үш ай ішінде өткізген сұйытылған мұнай газының нақты көлемі көрсетіледі.

      41. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін нақты өткізу туралы мәліметтерді растау үшін осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар топтық резервуарлық қондырғылар арқылы, есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондар арқылы және осы әкімшілік-аумақтық бірліктің бөлінісіне өз бетінше енгізілген тұлғаларға сұйытылған мұнай газын өткізу көлемдерін қоспағанда, өтініммен бір мезгілде жергілікті атқарушы органға мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте алдыңғы күнтізбелік үш айдағы сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі ақпаратты ұсынады.

      Сондай-ақ осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалар жергілікті атқарушы органға сұйытылған мұнай газын сатып алу көлемін растайтын құжаттардың көшірмелерін (жеткізу шарттарын, электрондық шот-фактураларды, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеу нөмірлері бар тауарға ілеспе жүкқұжаттарын, қорларды басқа жаққа босатуға арналған жүкқұжаттарды, тауар-көлік немесе теміржол жүкқұжаттарын) ұсынады.

      42. Өлшемшарттардың әрқайсысының үлесі мына формулалар бойынша есептеледі:

      P1 көрсеткіш (%) = (P(көлем)/Pжалпы (көлем))*100,

      мұнда:

      P1 көрсеткіш – әкімшілік-аумақтық бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаларының қуаттарының жалпы көлемінен үлесі;

      P(көлем) – осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлға қуаттарының нақты көлемі;

      Pжалпы (көлем) – әкімшілік-аумақтық бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаларының қуаттарының жалпы көлемі;

      P2көрсеткіш (%) = (P(нақ.көлем)/Pжалпы (нақ.көлем))*100,

      мұнда:

      P2 көрсеткіш (%) – алдыңғы күнтізбелік үш ай үшін әкімшілік-аумақтық бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғасының өткізу көлемінің үлесі;

      P(нақ.көлем) – алдыңғы үш күнтізбелік ай ішінде осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаның өткізген нақты көлемі;

      Pжалпы (нақ.көлем) – алдыңғы үш күнтізбелік ай ішінде әкімшілік-аумақтық бірліктің осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаларының өткізген жалпы көлемі

      43. Осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғаның көрсеткішінің қорытынды мәні Р и көрсеткіштердің пайыздық көріністегі орташа өлшенген мәні ретінде анықталады:

      Р қ (%) = Р1*К1+Р2*К2,

      мұнда:

      К1 – 20%;

      К2 – 80%;

      44. Тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген тұлғалардың өткізу көлемінің қорытынды мәні мына формула бойынша көлемдік көріністе анықталады:

      V(б) = (Vжоспар*Рқ) /100% + VТРҚ + VТБ,

      мұнда:

      V(б) – осы Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген әрбір тұлға үшін тауар биржаларынан тыс бөлінуге жататын көлем;

      Vжоспар – топтық резервуарлық қондырғылар және есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондар арқылы өткізу үшін бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін қоспағанда, әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін өнім беру жоспары шеңберінде көзделген жалпы көлем;

      VТРҚ – қоғамдық маңызы бар нарықтарда топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі;

      VТБ – есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі.

      45. Егер жергілікті атқарушы органға 150 (бір жүз елуден) астам өтінім берілген жағдайда, ол сұйытылған мұнай газын бөлуді мұндай жергілікті атқарушы орган бекіткен Тетікке сәйкес жүзеге асырады.

  Өнім беру жоспары шеңберінде
тауар биржаларынан тыс
бөлінген сұйытылған мұнай
газын бөлу қағидаларына
1-қосымша

Сұйытылған мұнай газын жеткізуге өтінім

      ____________________________________________________________________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________,

      (алушының атауы) орналасқан жері

      _____________________________________________________ _____(тоқсан)

      ____________ жыл, жеткізудің әкімшілік-аумақтық бірлігі

      ____________________________________________________________________

      (жеткізудің әкімшілік-аумақтық бірлігі көрсетіледі)

      тонналарда

Сұратылатын жеткізу көлемі

оның ішінде одан әрі өткізу түрлері бойынша бөле отырып

моноблоктарды қоса алғанда, автогаз құю станциялары арқылы

газ толтыру пункттері арқылы (тұрмыстық баллондар)

Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы*

Сыйымды газ

собственные

сторонние

собственные

сторонние

Тұрмыстық тұтынушыларға

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға

Өнеркәсіптік тұтынушыларға

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Кестенің жалғасы

Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түскен сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болса)

Түсіру орны: меншікті газ толтыру станциясының және/немесе сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша мекенжайы**.

10

11

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес пайдаланылуы табиғи монополиялар салаларына жатқызылған топтық резервуарлық қондырғылар бойынша ғана толтырылады;

      ** Сұйытылған мұнай газын автомобиль көлігімен зауыттардан жеткізу кезінде газ толтыру станциясымен сақтау (ауыстырып тиеу) шарты талап етілмейді.

      Өтінімде көрсетілетін мәліметтер өзгерген кезде газ толтыру станцияларының, топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері үш жұмыс күні ішінде тиісті жергілікті атқарушы органға өзгерген мәліметтер бойынша растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

      Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін сұйытылған мұнай газын пайдаланатын өнеркәсіптік кәсіпорындар 1 және 10-бағандарды толтырады.

      Осы арқылы ____________________________________________________,

      (алушының атауы)

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді және мыналарды:

      1) ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс) 170-бабына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар екенін;

      2) оған қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталмағанын, сондай-ақ оның қызметі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 170-бабына сәйкес тоқтатылмағанын;

      3) мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте сұйытылған мұнай газын өткізуді растайды.

      Күні, қолы

  Өнім беру жоспары шеңберінде
тауар биржаларынан тыс
бөлінген сұйытылған мұнай
газын бөлу қағидаларына
2-қосымша

____________ (жылдың) ____________ (тоқсанына) __________________________________________________ (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы) сұйытылған мұнай газын бөлу

      20__ жылдың __ тоқсанына өнім беру жоспарына сәйкес ____________________ (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы) _____ тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, оның ішінде тауар биржаларынан тыс - ___% немесе _____ тонна, тауар биржалары арқылы ___% немесе _____ тонна, оның ішінде:

тонналарда

№ р/н

Өнім берушінің атауы, орналасқан жері

Алушының атауы, орналасқан жері

Алушының БСН

Сұйытылған мұнай газының бөлінетін көлемі

оның ішінде одан әрі өткізу түрлері бойынша бөле отырып

моноблоктарды қоса алғанда, АГҚС арқылы

есепке алу жүйесі бар ГТП арқылы (тұрмыстық баллондар)

ТРҚ арқылы

меншікті

бөгде

меншікті

бөгде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Кестенің жалғасы

есепке алу жүйесі жоқ ГТП (тұрмыстық баллондар) арқылы

оның ішінде одан әрі өткізу түрлері бойынша бөле отырып

Мұнай-газ-химия өнімін өндіру процесінде химиялық өзгеріске түспеген сұйытылған мұнай газының көлемі (бар болса)

Түсіру орны: темір жол көлігімен әкетуге арналған мекенжай – ГТС мекенжайы (сақтау (ауыстырып тиеу) шарты бойынша көрсетілген);
автокөлікпен әкету үшін-АГҚС, ГТП немесе ТРҚ мекенжайы

меншікті

бөгде

сыйымды газ



тұрмыстық тұтынушыларға

коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға

ӘМАТТ өндіру үшін өнеркәсіптік тұтынушыларға

11

12

13

14

15

16

17








      Ескертпе:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      АГҚС - автогаз құю станциясы;

      ГТП - газ толтыру пункті;

      ТРҚ - топтық резервуарлық қондырғылар;

      ӘМАТ - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары;

      ГТС - газ толтыру станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады