"Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 11 қазандағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 қазанда № 33542 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес әзірленген және аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінім мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлері мен оларды енгізу және қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала және астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (бұдан әрі – Жер кодексі) сәйкес аукциондық сауда-саттықтың жеңімпаздарына жер учаскесіне құқық берілген сәтке дейін Заңның 7-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес салуға жоспарланған ЖЭК пайдалану объектілеріне арналған жер учаскелерін резервке қоюды жүзеге асырады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға Графиктің 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша жібереді.";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Шартта:

      1) Шарт мәні, Ұйымдастырушы көрсететін қызметтердің түрлері, төлемнің мерзімдері және тәртібі;

      2) аукциондық сауда-саттыққа қатысу және аукциондық сауда-саттық рұқсат етілуі үшін өтінім берушіге қойылатын өлшем шарттар мен талаптар;

      3) аукциондық сауда-саттықты өткізу әдістері;

      4) Ұйымдастырушының көрсететін қызметтері үшін төленетін ақыны өтінім берушіге қайтару шарты;

      5) Шартқа қатысушылардың Шарт талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі қамтылады.";

      19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "19. Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін Қатысушылар құқықтық қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі бойынша біліктілік талаптарын мынадай құжаттарды ұсыну арқылы растайды:

      1) Жарғы көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органы шешімінің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банк деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы);

      6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді енгізу;

      7) Электр желілік қағидаларға сәйкес берілген және келісілген электр желісіне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмелері не Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;

      8) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері не Графикке сәйкес жер учаскесін көрсету;

      9) Электр желілік қағидаларға сәйкес әзірленген, мәлімделген электр қуаты 5 МВт және одан да көп "Электр станциясының қуатын беру схемасын" жүйелік оператордың келісу хатының көшірмесі немесе Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;

      10) құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттыққа қатысатын қатысушылар үшін Ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен Қатысушының танысқаны туралы растау хаты.";

      57-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "57. Ұйымдастырушы өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде Қатысушыларға өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындысы туралы электрондық түрде хабарлама жібереді. Қатысушыларға жазбаша хабарламалар келесі жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірілмей жіберіледі.";

      60-5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "60-5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 60-2 және 60-3-тармақтарында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Ұйымдастырушыға аукциондық сауда-саттық өткізу үшін мынадай ақпаратты жібереді:

      1) Қазақстан Республикасының Экология кодексі (бұдан әрі – Экология кодексі) 17-бабының 28-17)-тармақшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында айқындалған энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендердің топтары бойынша;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген топтың әрбір елді мекеніндегі жер учаскелерін резервтеу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың құжаттары бойынша;

      3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды енгізу болжанатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген топтың әрбір елді мекенінде түзілетін қалдықтардың көлемі туралы;

      4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды енгізу болжанатын, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген топтың әрбір елді мекені үшін электр желілеріне қосудың таяу нүктелері туралы;

      5) әр топ бойынша шекті аукциондық баға туралы;

      6) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі болжамды объектілердің белгіленген қуаты туралы;

      7) аукциондық сауда-саттықты өткізу күні мен мерзімі, құжаттарды қабылдау мерзімі және өтінім берушілерді аукциондық сауда-саттықта тіркеу, сондай-ақ сауда сессиясын өткізу күні мен мерзімі туралы.

      Бұл ретте сауда сессиясын өткізу күні Ұйымдастырушы осы тармақта көрсетілген ақпаратты алған сәттен бастап кемінде 2 (екі) ай бұрын айқындалады.";

      64-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "64-1. Егер аукциондық сауда-саттық осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеді деп жарияланған жағдайда, Ұйымдастырушы бұл туралы уәкілетті органды осы Қағидалардың 59-тармағында белгіленген тәртіппен хабардар етеді.

      Қайталама аукциондық сауда-саттық аукциондық сауда-саттық өткізілмеген деп жарияланған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей бір реттен көп емес өткізіледі.

      Осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген себептер бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізілмеді деп жарияланған кезде Ұйымдастырушы қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушіге Ұйымдастырушының көрсеткен қызметтеріне төленетін ақыны қайтаруды жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеген деп жарияланған алдыңғы аукциондық сауда-саттықтарға бұрын қатысқан қатысушылар қайталама аукциондық сауда-саттықтарға қатысқаны үшін Ұйымдастырушының көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуді жүргізбейді.

      Аукциондық сауда-саттықты өткізу күнін уәкілетті орган айқындайды және ол туралы қайталама аукциондық сауда-саттықты өткізу күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органның және ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялайды.

      Құжаттарды қабылдауды және өтініш берушілерді қайталама аукциондық сауда-саттықта тіркеуді Ұйымдастырушы осы Қағидаларға сәйкес жүргізеді және қайталама аукциондық сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын тоқтатады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 11 қазандағы
№ 361 бұйрығына
қосымша
Аукционға қатысушыларға
қойылатын біліктілік
талаптарын, өтінімнің мазмұнын
және оны беру тәртібін,
аукционға қатысуға арналған
өтінімді қаржылық қамтамасыз
ету түрлерін және оларды енгізу
мен қайтару шарттарын,
қорытынды шығару және
жеңімпаздарды анықтау
тәртібін қамтитын аукциондық
сауда- саттықты ұйымдастыру
мен өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі

Сауда-саттық күні (айы)

Сауда-саттықты өткізу уақыты (Астана қаласы уақыты мен)

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар тізіліміне енгізу үшін құжаттар қабылдау кезеңі

БЭЖ аймағы

ЖЭК типі

Сатып алынатын белгіленген қуат көлемі, МВт

Шекті аукциондық баға шамасы, тг/кВт*сағ

Пайдалануға енгізу талап етілетін күн, шарттың қолданылу мерзімі

Жобаның белгіленген қуатының 1 кВт есебінен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету

Жобаның белгіленген қуатының 1 кВт есебінен сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету

Құжаттама ның болуы (бар/жоқ)

шағын 0,1-ден 10 МВт дейін қоса алғанда ( 0,75 МВт басталатын ЖЭС үшін)

ірілері 10 МВт және одан жоғары

      Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу үшін жоспарланатын резервтелген жер учаскелері туралы ақпараты бар 1-кесте:

р/с №

Облыс

Аудан

Елді мекен

Жер ауданы, гектар

Жер санаты







      Электр желілеріне қосу нүктелері бойынша барынша рұқсат етілген қуат және болжамды қосу саны көрсетілген энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылу мүмкіндігі туралы ақпараты бар 2-кесте:

Энергия беруші ұйым

Облыс

Аудан

ЭБЖ

Кіші станция

Қосылу қуаты бойынша (белгіленген қуаттың максималды рұқсат етілген көлемі) шектеу, МВт

Жаңа қосылулар саны бойынша шектеу (жалғаным)

Атауы, координаттары

Шиналары

      Ескертпе:

      осы қосымшада қолданылатын аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БЭЖ – біртұтас энергетикалық жүйе;

      ЖЭК – жаңартылатын энергия көздері;

      ЖЭС – жел электр станциялары;

      ЭБЖ – электр беру желілері;

      МВт – мегаватт;

      кВт – киловатт;

      тг/кВт*сағ – теңге/киловатт*сағат.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады