Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 қазанда № 33564 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 81) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары;

      4) осы бұйыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 446 бұйрығына
1-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды (бұдан әрі – түлектер) жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы.

2-тарау. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

      3. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі - ұйым) квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында ағымдағы жылғы түлектер санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;

      2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;

      3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;

      4) ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау;

      5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен ағымдағы жылғы түлектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдау;

      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру басқармалары мансап орталықтарына ұсынған ағымдағы жылғы түлектер тізімі;

      7) мансап орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін ағымдағы жылғы түлектер тізімі негізінде әзірлейді.

      4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж ағымдағы жылғы түлектердің және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер қорын "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер мансап орталығына ұсынатын ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін алдағы жылға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұйымдар ағымдағы жылғы түлектер үшін жұмыс орындарына квота белгілейді және алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.

      6. Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады.

      7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, ағымдағы жылғы түлектер санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.

      Елді мекендерде ағымдағы жылғы түлектер болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      9. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қаралуға (түзетілуге) жатады.

      10. Жұмыс беруші ағымдағы жылғы түлектерді кем дегенде үш ай мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған бос орындарға немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына орналастыруы квотаны орындау болып табылады, ол туралы мәліметтерді жұмыс берушілер "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша мансап орталықтарына ұсынады.

      11. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер ағымдағы жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындайды.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 446 бұйрығына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы.

2-тарау. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

      3. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі - ұйым) квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуға жататын адамдардың күтілетін саны бойынша мансап орталықтарына ай сайын ұсынатын мәліметтер;

      2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;

      3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау;

      5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдау;

      6) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мансап орталықтарына ұсынған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тізімі;

      7) мансап орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар тізімі негізінде әзірлейді.

      4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер қорын "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер мансап орталығына ұсынатын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде қалыптастырады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұсынған ұсыныстар негізінде жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін алдағы жылға жұмыс орындарына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді және белгіленген квота күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.

      6. Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады.

      7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.

      Елді мекендерде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      9. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қаралуға (түзетілуге) жатады.

      10. Жұмыс беруші бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды кем дегенде үш ай мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған бос орындарға немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына орналастыруы квотаны орындау болып табылады, ол туралы мәліметтерді жұмыс берушілер "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша мансап орталықтарына ұсынады.

      11. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындайды.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 446 бұйрығына
3-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 81) тармақшасына сәйкес әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының функцияларын аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орындауды жүзеге асыратын филиалы;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;

2-тарау. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

      3. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдарда (бұдан әрі - ұйым) квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;

      2) жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;

      3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтерді талдау;

      4) квотадан тыс жұмыс берушілер мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтерді талдау;

      5) Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аумақтық пробация қызметтері мансап орталықтарына ұсынған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың тізімі;

      6) мансап орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың тізімі негізінде әзірлейді.

      4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жұмысқа орналастыруға мұқтаж пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер қорын "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде қалыптастырады.

      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ұсынған ұсыныстар негізінде жыл сайын ағымдағы жылғы 5 желтоқсанға дейін алдағы жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 107-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді және белгіленген квота күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота белгіленген жұмыс берушілердің назарына жеткізеді.

      6. Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады.

      7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 ай ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санын және олардың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсету қажеттілігін ескере отырып ұйымдар үшін квота мөлшерін белгілейді.

      Елді мекендерде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      9. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қаралуға (түзетілуге) жатады.

      10. Жұмыс беруші пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды кем дегенде үш ай мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған бос орындарға немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына орналастыруы квотаны орындау болып табылады, ол туралы мәліметтерді жұмыс берушілер "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша мансап орталықтарына ұсынады

      11. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындайды.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 446 бұйрығына
4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Мансап орталығына ұсынылады. Мансап орталығы ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады.

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 3-ЖОК

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар мансап орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне ұсынады.

      Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күніне ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне ұсынады.

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны (бірлік)

Мамандықтар бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік)

Квота шеңберінде халықты мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастардың саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________ _____________

      басшы             (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған
немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім
беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастарды
жұмысқа орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны);

      ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының санын;

      мамандықтар бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      квота шеңберінде мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастардың санын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-і күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны) көрсетіледі.

      7. 5-бағанда ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 6-бағанда мамандықтар бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      9. 7-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      10. 8-бағанда квота шеңберінде мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 446 бұйрығына
5-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Мансап орталықтарына ұсынылады. Мансап орталығы ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады. Ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады.

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-ЖОК

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген, бос лауазымдары бар және квотаны орындаушы ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар мансап орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне ұсынады.

      Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күніне ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне ұсынады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны (бірлік)

Мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік)

Квота шеңберінде халықты мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________ _____________

      басшы             (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа
орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны (бірлік);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының санын;

      мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      квота шеңберінде мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың санын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны) көрсетіледі.

      7. 5-бағанда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 6-бағанда мамандықтар бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      9. 7-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      10. 8-бағанда квота шеңберінде мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 446 бұйрығына
6-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Мансап орталықтарына ұсынылады. Мансап орталығы ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады. Ауданның халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға ұсынады. Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады.

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ЖОК

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген, бос лауазымдары бар және квотаны орындаушы ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар мансап орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ы күніне ұсынады.

      Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күніне ұсынады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-і күніне ұсынады.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы және квотаны орындау туралы мәліметтер

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны (бірлік)

Мамандықтар бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік)

Квота шеңберінде халықты мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________ __________

      басшы             (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны (бірлік);

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының санын;

      мамандықтар бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      квота шеңберінде мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың санын көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3 және 4-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %, жұмыс орындарының саны) көрсетіледі.

      7. 5-бағанда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 6-бағанда мамандықтар бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      9. 7-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      10. 8-бағанда квота шеңберінде мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 17 қазандағы
№ 446 бұйрығына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің күші жойылған бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 13898 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 17194 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 82 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 22386 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 98 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 32196 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады