"Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 6 қарашадағы № 787 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 қарашада № 33609 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:

      "19. Кәсіптік стандарттарын және бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамаларын және жұмысшылардың кәсіптерін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады