БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:
4-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Nzm – магистратурада бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nzm = (Ez + L + A + Dp)*km ,
мұндағы:
km – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасында бір білім алушыны жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу кезінде қолданылатын түзету коэффициенті.
Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша km мынаны құрайды:
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,432069;
"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 0481575;
"Педагогикалық ғылымдар" – 0,457822;
"Өнер және гуманитарлық ғылымдар" - 0,492148;
"Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,490353;
Басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша km мынаны құрайды:
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,2984118;
"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 0,3378027;
"Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 0,3463756;
"Педагогикалық ғылымдар" – 0,3206474;
"Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,3449167;
4) Nzd – докторантурада бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nzd = (Ez + L + A + Dp) * Kd ,
мұндағы:
Kd – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында докторантурада бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативті есептеу кезінде қолданылатын түзету коэффициенті.
Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Kd мынаны құрайды:
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,9501326;
"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 1,0282479;
"Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 1,0443469;
"Педагогикалық ғылымдар" – 0,9913422;
"Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 1,0416288;
Басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Kd мынаны құрайды:
"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 1,093388;
"Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 1,1981331;
"Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 1,2200478;
"Педагогикалық ғылымдар" – 1,1533504;
"Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 1,2163399.";
4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) W – ӘБП мен ОПҚ-ның айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
W = (ЛА + БЛА * f) + БЛА * u,
мұндағы:
ЛА – БЛА-ны 18,3743 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын ОПҚ-ның лауазымдық айлықақысы;
f – ӘБП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 4,88;
u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,685.
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті: 2023-2024 жылдарға – 1,0836;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;
mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және жұмыс берушінің зейнетақы қорына зейнетақы жарналарының коэффициенті:
2023 жылға – 1,03;
2024 жылға – 1,045;
2025 жылға – 1,055;
2026 жылға – 1,065;
2027 жылға – 1,075;
2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,08";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар негізінде Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vжқ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (бакалавриат және магистратура) білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Vжқ = ∑ (Nb * Контb) + ∑ (Nm * Контm),
мұндағы:
Nb – бакалавриатта бір білім алушыға бір жылға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Nm – магистратурада бір білім алушыға бір жылға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;
Контm – магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;
Контb, Контm, мына формула бойынша есептеледі:
Контb, m = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;
Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары және білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;
2) Nb/m – бакалавриатта/магистратурада бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) және Ресей Федерациясында (бұдан әрі – РФ) оқуға байланысты шығыстар нормативінің сомасынан тұрады, мына формула бойынша есептеледі:
Nb/m = Nb/m kz+ Nb/m rus,
мұндағы:
Nb/m kz – ҚР-да бакалавриатта/ магистратурада бір жылда бір білім алушыға шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nb/m kz = F + K + S + U + А;
Nb/m rus – РФ-да бакалавриатта/ магистратурада бір жылда бір білім алушыға шығыстар нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nb/m rus = O + Kс + М;
3) F – жылына бір білім алушыға есептегендегі әкімшілік-басқарушы персоналдың (бұдан әрі – ӘБП) және профессорлық-оқытушылық (бұдан әрі – ОПҚ) персоналдың және оқу-қосалқы персоналдың (бұдан әрі – ОҚП) бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры және ол мына формула бойынша есептеледі:
F = Топқ + Тәбп + Q ,
Т – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі ӘБП және ОПҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі;
Tопқ/әбп = Tнег опқ/әбп + Tөтем опқ/әбп ,
мұндағы:
Tнег опқ/әбп – ӘБП және ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тнег опқ = 12 * Wопқ * sno * mp * mv1,
Тнег әбп = 12 * Wауп * sno * mp * mv2,
Төтем. – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Төтем опқ = ЛА * sno * mp * mv1,
Төтем әбп = БЛА * f * sno * mp * mv2,
мұндағы:
Wопқ/әбп – ӘБП мен ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;
12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті: 2023-2024 жылдарға– 1,0836;
2025 және келесі жылдарға – 1,0968;
mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:
2023 жылға – 1,03;
2024 жылға – 1,045;
2025 жылға – 1,055;
2026 жылға – 1,065;
2027 жылға – 1,075;
2028 және келесі жылдарға – 1,08;
Wопқ/әбп – ӘБП мен ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
WОПҚ = ЛА + (БЛА * u),
Wәбп = БЛА * f,
Q – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі ОҚП-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Q = Qнег. оқп + Qөтем. оқп ,
мұндағы:
Qнег.оқп – ОҚП-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Q нег.оқп = 12 * Wоқп * sno * mp * mv3 ,
мұндағы:
Wоқп – ОҚП-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Wоқп = БЛА * q ,
Qөтем.оқп – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Q өтем.оқп = БЛА * q * sno * mp * mv3 ,
мұнда жоғарыдағы формулаларға коэффициенттер төмендегі кестеде көрсетілген:
Атауы | "И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университеті" Қазақстандық филиалы (бұдан әрі – И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ) | "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университеті" Қазақстандық филиалы (бұдан әрі - МИФИ ҰЯЗУ ҚФ) |
mv1 – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті: |
0,125 |
0,1226 |
mv2 – ӘБП-нің бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті: |
0,0339 |
0,0209 |
mv3 – ОҚП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті: |
0,0313 |
0,0287 |
ОПҚ-ның лауазымдық айлықақысын есептеу коэффициенті оны базалық лауазымдық айлықақыға (БЛА) көбейту жолымен бір айдағы лауазымдық айлықақыны айқындау үшін қолданылады | 22,5674 | 22,7408 |
f – ӘБП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті | 19,78 | 18,21 |
u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті | 2,69 | 2,576 |
q – ОҚП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті | 9,89 | 11,73 |
4) K – білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ОПҚ және ӘБП-ны іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде мынаған сәйкес:
бакалавриат бағдарламалары бойынша:
И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ үшін – 32,06 АЕК;
МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 33,95 АЕК;
магистратура бағдарламалары бойынша:
МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 63,83 АЕК.
5) S – ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде, мынаған сәйкес (S):
бакалавриат бағдарламалары бойынша:
И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ үшін – 30,93 АЕК;
МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 32,04 АЕК;
магистратура бағдарламалары бойынша:
МИФИ ҰЯЗУ ҚФ үшін – 23,84 АЕК.
6) U – жылына бір білім алушыға есептегендегі оқу-әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми әдебиеттерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы – 5 АЕК.
7) А – жылына бір білім алушыға есептегендегі негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алуға байланысты шығыстар нормасы – 10 АЕК.
8) РФ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (бұдан әрі – ЖЖОКБ) ұйымдарында студенттердің тұруы мен оқуына байланысты шығыстар жылына бір білім алушыға есептегендегі мынаған сәйкес қабылданады:
Аббревиатура | Шығыс түрі | И.М. Губкин атындағы РМУ ҚФ | МИФИ ҰЯЗУ ҚФ | ||
Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК | Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК | Бакалавриатта бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК | Магистратурада бір білім алушыға бір жылдағы шығыстар нормасы, АЕК | ||
О | Мәскеу қаласындағы ЖЖОКБ ұйымдарында оқуға арналған шығыстар нормасы | 154,41 | - | 143,72 | 156,56 |
М | Медициналық сақтандыру шығыстарының нормасы | 3,16 | - | 3,16 | 3,30 |
Кс | Студенттердің тұру және көлік шығыстарының нормасы: | 50,09 | - | 18,42 | 36,07 |
Барлығы: | 207,66 | - | 165,3 | 195,93 |
АЕК – 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
9) Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (Vk) мына формула бойынша есептеледі:
Vk = ∑ (K * Ncred * Конт),
мұндағы:
K – бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;
Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.
Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асырылған жағдайда оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;
10) Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Ncred = N /60 ,
мұндағы:
60 – МЖМБС-ға сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі