"Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 627 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 99 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 813 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 175 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 қарашада № 33643 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 627 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 99 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
А. Ескараев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 14 қарашадағы
№ 175 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 813 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 627 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 99 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусыдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелді) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылды:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдығы;

      4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) тексеруден босату процесі;

      5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – қызметтің тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызмет нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтарын, заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтырады;

      9) бақылау субъектісі – өзін-өзі басқару ұйымы заң консультанттарының палаталары;

      10) өрескел бұзушылықтар – көрсетілген Заңды іске асыру мақсатында қабылданған Заңда, заң консультанттары палатасының қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды бұзу, сондай-ақ міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылу шарттарын бұзу;

      11) елеулі бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын көрсетілген Заңды іске асыру мақсатында қабылданған Заңда, заң консультанттары палатасының қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды бұзу;

      12) болмашы бұзушылықтар – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын, заң консультанттарының қызметі саласында көрсетілген Заңды іске асыру мақсатында қабылданған Заңда, заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды бұзу;

      13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

2-тарау. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу тәсілдері

      3. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      4. Заң консультанттарының палаталары объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіндегі бақылау субъектілеріне жатады.

      5. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

      6. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

2-Параграф. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекел дәрежесін бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      8. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін субъектіге барып профилактикалық бақылау жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      9. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талаптар бұзушылықтың мынадай үш дәрежесі болып бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

      Субъективті өлшемшарттарды талдау мен бағалау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды неғұрлым әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне қатысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау талаптары осы Өлшемшарттарға 1-қосымшада жазылған.

      11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.

2-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу

      12. Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқорды қалыптастырады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жөніндегі тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және Өлшемшарттардың (SC) 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу арқылы, деректер мәндерін 0-ден 100 балға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылаудың субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      13. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 деген көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұнда:

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      SРб = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұнда:

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРе + SРб

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - xi субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы

      n – көрсеткіштер саны.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – Өлшемшарттардың 12-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      14. Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.

      15. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалау нәтижелері бойынша айқындалады, жылына екі реттен жиі болмайды.

3-тарау. Тексеру парақтары

      16. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, талаптарды қамтиды.

  Заң консультанттары
палаталарының қызметі
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
№ 1 қосымша

Бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қатысты талаптарды бұзушылық дәрежесі

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1

Мүшелігінде екі жүзден аз заң консультантының болуы

өрескел

2

Палата мүшелерінің тізілімін жүргізбеу

өрескел

3

Заң консультантының соттарда адамдардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін басқа заң консультанттарының палаталарында мүшелігінің болуы

өрескел

4

Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған адамның, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, заң консультанттарының палатасында мүшелігінің болуы

өрескел

5

Заң консультанттары палатасы мүшесінде шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартының болмауы

өрескел

6

Палатаның интернет-ресурсында мынадай ақпараттардың болмауы:
өз мүшелерінің құрамы туралы;
палата мүшелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері мен тәртібі туралы;
заң консультанттарының палатасындағы өз мүшелігін тоқтатқан мүшелер және олардың мүшелігін тоқтату негіздері туралы;
заң консультанттарының палатасындағы мүшелік шарттары туралы; заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының мазмұны туралы;
заң көмегі сапасының өлшемшарттары туралы;
заң консультанттары палатасы басқару органдарының және мамандандырылған органдарының құрылымы мен құзыреті, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы, заң консультанттары палатасының жеке-дара атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адам туралы;
заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы мен алқалы басқару органы қабылдаған шешімдер туралы;
заң консультанттары палатасының мүшелерін Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, қағидалар мен стандарттардың, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту жағдайлары туралы;
соттарға заң консультанттарының палатасы берген, сондай-ақ палатаға қатысты соттарға берілген кез келген талап қоюлар мен арыздар туралы;
әрбір ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылған қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп жөнінде

елеулі

7

Палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылмауы

елеулі

8

Ревизиялық комиссияның құрамында заң консультанттары палатасының алқалы немесе атқарушы басқару органдары мүшелерінің болуы

елеулі

9

Палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етпеуі

елеулі

10

Кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексінің болмауы

елеулі

11

Палата мүшелігіне қабылдаудың белгіленген шарттарының болмауы

болмашы

12

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің белгіленген көлемі мен тәртібінің болмауы

болмашы

13

"Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын палатаның бақылау органының (ревизиялық комиссиясының) болмауы

өрескел

14

Бақылау субъектісінің (объектісінің) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін тиісінше жүргізбеуі, атап айтқанда, тізілімде мынадай мәліметтердің болмауы:
заң консультанттары палатасы мүшесінің тіркеу нөмірі, оны тізілімде тіркеген күні;
заң консультанттары палатасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, жеке басты куәландыратын құжатының деректері, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), байланыс телефондарының нөмірлері;
заң консультанттары палатасы мүшесінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
заң консультанттарының палатасы палата мүшесіне жүргізген тексерулердің нәтижелері және оған тәртіптік және өзге де жазалар қолдану фактілері туралы мәліметтер;
заң консультанттарының палатасындағы мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату күні туралы мәліметтер және мұндай тоқтатудың негізі

болмашы

15

Заң консультанттары палатасының мүшелігінде сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамның болуы

өрескел

16

Заң консультанттары палатасының мүшелігінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамның болуы

өрескел

17

Уәкілетті органмен келісілген заң көмегін көрсету сапасы өлшемшарттарының болмауы

өрескел

18

Уәкілетті органға мүшелерді заң консультанттарының палатасына енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынбау

өрескел

19

Заң консультанттарының палатасына кіру үшін уәкілетті органмен келісілген аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарының болмауы

өрескел

20

Реттеуші мемлекеттік органмен және өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым мәселелері бойынша қағидалар мен стандарттардың болмауы

өрескел

21

Палата мүшелігінен шығарудың негізсіздігіне адамдардың шағымдары мен өтініштерін қараудан бас тарту

өрескел

22

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, палатаның қағидалары мен стандарттарын, оған мүше болу (қатысу) шарттарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, палата мүшесіне қатысты ықпал ету шараларын қабылдамау

өрескел

  Заң консультанттары
палаталарының қызметі
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

2-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес
Заң консультанттары палатарының қызметі саласында тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Заң консультанттары палатасы мүшесінің шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы

мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

100

Жоқ/ 100%

Бар /0%

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 14 қарашадағы
№ 175 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 13 қарашадағы
№ 813 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 627 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 99 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес заң

      консультанттары палаталарының қызметі саласында

      _____________________________________________________________________

      _____________

      (бақылау субъектілері біртекті тобының атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________

      заң консультанттары палатасына қатысты_____________________________

      ______________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды

      тағайындаған мемлекеттік орган

      ______________________________________________________________________

      ______________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт

      _____________________________________________________________________

      ______________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің атауы

      ____________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ____________

      Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ______________________________________________________________________

      ____________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      ______________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Мүшелігінде екі жүзден аз заң консультантының болуы



2

Палата мүшелерінің тізілімін жүргізбеу



3

Заң консультантының соттарда адамдардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін басқа заң консультанттарының палаталарында мүшелігінің болуы



4

Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған адамның, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, заң консультанттарының палатасында мүшелігінің болуы



5

Заң консультанттары палатасы мүшесінде шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартының болмауы



6

Палатаның интернет-ресурсында мынадай ақпараттардың болмауы:
өз мүшелерінің құрамы туралы;
палата мүшелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ету шарттары, тәсілдері мен тәртібі туралы;
заң консультанттарының палатасындағы өз мүшелігін тоқтатқан мүшелер және олардың мүшелігін тоқтату негіздері туралы;
заң консультанттарының палатасындағы мүшелік шарттары туралы; заң консультанттары палатасының қағидалары мен стандарттарының мазмұны туралы;
заң көмегі сапасының өлшемшарттары туралы;
заң консультанттары палатасы басқару органдарының және мамандандырылған органдарының құрылымы мен құзыреті, заң консультанттары палатасының алқалы басқару органының, атқарушы басқару органының сандық және дербес құрамы, заң консультанттары палатасының жеке-дара атқарушы басқару органының функцияларын жүзеге асыратын адам туралы;
заң консультанттары палатасы мүшелерінің жалпы жиналысы мен алқалы басқару органы қабылдаған шешімдер туралы;
заң консультанттары палатасының мүшелерін Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, қағидалар мен стандарттардың, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту жағдайлары туралы;
соттарға заң консультанттарының палатасы берген, сондай-ақ палатаға қатысты соттарға берілген кез келген талап қоюлар мен арыздар туралы;
әрбір ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылған қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есеп жөнінде



7

Палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды сақтай отырып, палата мүшелері көрсететін заң кызметтерінің алдыңғы кезең үшін қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап осы ақпараттың жылына кемінде бір рет өзінің интернет-ресурсында орналастырылмауы



8

Ревизиялық комиссияның құрамында заң консультанттары палатасының алқалы немесе атқарушы басқару органдары мүшелерінің болуы



9

Палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етпеуі



10

Кәсіптік мінез-құлық қағидалары мен Кәсіптік әдеп кодексінің болмауы



11

Палата мүшелігіне қабылдаудың белгіленген шарттарының болмауы



12

Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің белгіленген көлемі мен тәртібінің болмауы



13

"Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын палатаның бақылау органының (ревизиялық комиссиясының) болмауы



14

Бақылау субъектісінің (объектісінің) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін тиісінше жүргізбеуі, атап айтқанда, тізілімде мынадай мәліметтердің болмауы:
заң консультанттары палатасы мүшесінің тіркеу нөмірі, оны тізілімде тіркелген күні;
заң консультанттары палатасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні, жеке басты куәландыратын құжатының деректері, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін), байланыс телефондарының нөмірлері;
заң консультанттары палатасы мүшесінің мүліктік жауаптылығын қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
заң консультанттарының палатасы палата мүшесіне жүргізген тексерулердің нәтижелері және оған тәртіптік және өзге де жазалар қолдану фактілері туралы мәліметтер;
заң консультанттарының палатасындағы мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату күні туралы мәліметтер және мұндай тоқтатудың негізі



15

Заң консультанттары палатасының мүшелігінде сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамның болуы



16

Заң консультанттары палатасының мүшелігінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамның болуы



17

Уәкілетті органмен келісілген заң көмегін көрсету сапасы өлшемшарттарының болмауы



18

Уәкілетті органға мүшелерді заң консультанттарының палатасына енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынбау



19

Заң консультанттарының палатасына кіру үшін уәкілетті органмен келісілген аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарының болмауы



20

Реттеуші мемлекеттік органмен және өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым мәселелері бойынша қағидалар мен стандарттардың болмауы



21

Палата мүшелігінен шығарудың негізсіздігіне адамдардың шағымдары мен өтініштерін қараудан бас тарту



22

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, палатаның қағидалары мен стандарттарын, оған мүше болу (қатысу) шарттарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, палата мүшесіне қатысты ықпал ету шараларын қабылдамау



      Лауазымды адам (дар):______________________________________________

      (лауазымы)                   (қолы)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы)             (қолы)

      Бақылау субъектісінің басшысы

      ____________________________________________________

      (лауазымы)                   (қолы)

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады