Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өндірумен технологиялық байланысты "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 қарашадағы № 647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 қарашада № 33691 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 82-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
М. Пшембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 647 бұйрығымен
бекітілген

Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Тікұшақ ұшқыштарын кәсіптік даярлау бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын студенттерді ұшуға даярлау үшін "Азаматтық Авиация Академиясы" акционерлік қоғамына әуе кемесін жалға беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады