"Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 33718 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аумақтық бөлімше паспортты тексергеннен кейін бір данасын геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға жібереді.";

      16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Аумақтық бөлімше есепке алу парағын және (немесе) есепке алу карточкасын тексергеннен кейін, оның бір данасын геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға жібереді.

      17. Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор келіп түскен паспорттарды, есепке алу парақтарын және есепке алу карточкаларын Бірыңғай кадастрға енгізеді және:

      1) материалдарды жинауды, есепке алуды, жүйелеуді және сақтауды;

      2) Бірыңғай кадастрдың автоматтандырылған мәліметтерді өңдеу жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      18. Пайдалы қазбалардың қорлары мен ресурстарын өзгерістерің Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 1 қыркүйегіне дейін бірыңғай кадастрынның мемлекеттік есебіне енгізеді

      Қорлар мен ресурстарды бағалаудағы өзгерістер туралы мемлекеттік есепке алуға:

      1) Қазақстан Республикасының жер қойнауында барланған барлық пайдалы қазбалар түрлерінің ресурстары және (немесе) қорлары;

      2) кен орындарын пайдалану кезіндегі жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіру және ысырап жөнінде деректер;

      3) бұрын мемлекеттік балансқа енгізілген пайдалы қазбалардың қорлары енеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады