"Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 88 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 33719 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық:

      мынадай мазмұндағы 17, 18 және 19-тараулармен толықтырылсын:

      "17-тарау. Негізгі құрал-жабдықтарды шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес есепке алу

      158. Негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) негізгі құрал-жабдықтар келген кезде:

Дт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар

Кт

3310

Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

      2) негізгі құрал-жабдықтарды төлеген кезде:

Дт

3310

Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      159. Негізгі құрал-жабдықтарды басқа негізгі құрал-жабдықтарға айырбастау жолымен сатып алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) егер қабылданған объектінің әділ құны берілген объектінің құнына тең болған жағдайда:

Дт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар (қабылданған объект)


2420

Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы

Кт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар (берілген объект);

      2) егер қабылданған объектінің әділ құны берілген объектінің құнынан жоғары болса:

Дт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар (қабылданған объект)


2420

Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы


1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар (берілген объект)


6210

Активтерді шығынға жазудан кірістер;

      3) егер қабылданған объектінің әділ құны берілген объектінің құнынан төмен болса:

Дт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар (қабылданған объект)


2420

Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы


7410

Активтерді шығынға жазу бойынша шығыстар

Кт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар (берілген объект)


1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      160. Негізгі құрал-жабдықтар бойынша амортизацияны есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7490 01

Пайдалану құқығы нысанындағы негізгі құрал-жабдықтардың және активтердің амортизациясы бойынша шығыстар

Кт

2420

Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы.

      161. Объектінің немесе негізгі құрал-жабдықтар объектілері тобының құнсыздануы анықталған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) бастапқы құны бойынша есепке алу әдісін қолданған жағдайда:

Дт

7420

Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар

Кт

2430

Негізгі құрал-жабдықтар құнсыздануынан болған залал;

      2) қайта бағаланған құн бойынша есепке алу әдісі қолданылған жағдайда объектінің немесе негізгі құрал-жабдықтар объектілері тобының құнсыздануы қайта бағалау бойынша бұрын есептелген резервті ескере отырып жүзеге асырылады:

Дт

7420

Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар


5420

Пайдалану құқығы нысанындағы негізгі құрал-жабдықтарды және активтерді қайта бағалау резерві

Кт

2430

Негізгі құрал-жабдықтар құнсыздануынан болған залал.

      162. Негізгі құрал-жабдықтарға қайта бағаланған құн бойынша есепке алу әдісі қолданылған жағдайда, негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау мынадай бухгалтерлік жазбалармен жүзеге асырылады:

      1) оң қайта бағалау жағдайында:

Дт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар


2420

Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы

Кт

5420

Пайдалану құқығы нысанындағы негізгі құрал-жабдықтарды және активтерді қайта бағалау резерві;

      2) теріс қайта бағалау жағдайында:

Дт

2420

Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы


5420

Пайдалану құқығы нысанындағы негізгі құрал-жабдықтарды және активтерді қайта бағалау резерві


7420

Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар

Кт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар.

      163. Негізгі құрал-жабдықтар объектілерін есептен шығару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

2420

Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясы


7410

Активтерді шығынға жазу бойынша шығыстар

Кт

2410

Негізгі құрал-жабдықтар.

      18-тарау. Қорларды сатып алу және сату кезінде шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес есепке алу

      164. Қорларды сатып алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) қорлар келген кезде:

Дт

1330

Тауарлар

Кт

3310

Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек;

      2) қорларды төлеген кезде:

Дт

3310

Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      165. Қорларды сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) сатудан түскен табысты тану кезінде:

Дт

1210

Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

Кт

6010

Өнім өткізуден және қызмет көрсетуден кірістер;

      2) сатып алушылардан төлем алған кезде:

Дт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары

Кт

1210

Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі;

      және бір мезгілде:

Дт

7010

Өткізілген өнімдердің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны

Кт

1330

Тауарлар.

      19-тарау. Жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу жөніндегі операцияларды шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа сәйкес есепке алу

      166. Қызметкерге есеп беруге ақша қаражаттарын беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

1250

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      167. Ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес дайындалған растайтын құжаттардың негізінде қызметкердің берешегін есептен шығару бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

Дт

7210

Әкімшілік шығыстар

Кт

1250

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі.

      168. Ұйымның жалақысын есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

      1) жалақыны есептеу сомасына:

Дт

7210

Әкімшілік шығыстар

Кт

3350

Еңбекке ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек;

      2) жалақыдан жеке табыс салығын ұстау сомасына:

Дт

3350

Еңбекке ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

Кт

3120

Жеке табыс салығы;

      3) міндетті зейнетақы аударымдарын жалақыдан ұстап қалу сомасына:

Дт

3350

Еңбекке ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

Кт

3220

Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер;

      4) жалақыдан міндетті әлеуметтік аударымдарды есептеу сомасына:

Дт

7220 01

Әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдер бойынша шығыстар

Кт

3150

Әлеуметтік салық (Міндетті әлеуметтік аударымдар);

      5) жалақыдан әлеуметтік салықты есептеу сомасына:

Дт

7220 01

Әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемдер бойынша шығыстар

Кт

3150

Әлеуметтік салық.

      169. Нақты жалақы төленген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

Дт

3350

Еңбекке ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

Кт

1010

Кассадағы ақша қаражаттары


1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.

      170. Осы нұсқаулықтың 168-тармағына сәйкес ұсталған және есептелген салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу кезінде жалақы бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:

      1) жеке табыс салығын төлеу сомасына:

Дт

3120

Жеке табыс салығы

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;

      2) әлеуметтік салықты төлеу сомасына:

Дт

3150

Әлеуметтік салық

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;

      3) міндетті зейнетақы аударымдарын төлеу сомасына (әрбір қызметкер бойынша бөлгенде):

Дт

3220

Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары;

      4) міндетті зейнетақы аударымдарын төлеу сомасына (әрбір қызметкер бойынша бөлгенде):

Дт

3150

Әлеуметтік салық (Міндетті әлеуметтік аударымдар)

Кт

1030

Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады