Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 1263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 8 желтоқсанда № 33740 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, отыз екінші, отыз үшінші және отыз төртінші абзацтарын, Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, 2023 жылғы 20 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1263 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқық мирасқорының) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін біріктіру, қосу жолымен веб-порталда біріктіру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін күнтізбелік жыл ішінде бір рет осы мәліметтер қолданылған жылдың алдындағы 1 қазаннан кешіктірілмей веб-порталда жаңартылады.

      Бұл ретте, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқықтық мирасқордың) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін жаңарту экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші құрылымының бірінші деңгейінде (секциясында) өткен жылдың алдындағы үш жыл ішінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар қызметінің негізгі түрі сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.

      Осындай қайта ұйымдастырылған заңды тұлға (құқықтық мирасқор) туралы мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда әлеуетті өнім берушінің өтініші негізінде жаңартылады.";

      59-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-1. Егер конкурстың (лоттың) техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер болып табылған жағдайда, материалдық және еңбек ресурстарының болуы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.";

      59-2-тармақ алып тасталсын;

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Электрондық депозитарийді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жобалау жөніндегі жұмыстарға және әлеуетті өнім берушілер веб-портал арқылы енгізетін осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтері бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде қалыптастырады.";

      89 және 90-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері олардың анықтығы расталғаннан кейін электрондық депозитарийге енгізеді.

      Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдерін әлеуетті өнім беруші қалыптастырады және веб-портал арқылы беріледі.

      Әлеуетті өнім берушілердің мұндай өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды.

      90. Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын растау мақсатында әлеуетті өнім беруші тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға жүгінеді.";

      мынадай мазмұндағы 93-1-тармақпен толықтырылсын:

      "93-1. Соңғы бес жылдағы техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша құрылыс объектілерін (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалыпна келтіру және күрделі жөндеу) пайдалануға қабылдау актілерімен расталады.

      Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің дұрыстығы расталады:

      1) қазынашылық органдарының деректері негізінде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша;

      2) деректер негізінде бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша:

      тапсырыс берушінің (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқорының) және (немесе) меншік иесінің;

      сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті органның не құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның деректері негізінде бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша.

      Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған жоғарыда аталған тұлғалардың кемінде екеуінің хаттарымен жүзеге асырылады.

      Құрылыс объектісінің тапсырыс берушісінде веб-портал арқылы растау мүмкіндігі болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші өтінімге одан алған хаттың электрондық көшірмесін қоса береді.

      Құрылыс объектісін (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) қабылдау актісі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес келмеген жағдайда, егер:

      кемінде екі уәкілетті органнан және осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардан;

      немесе:

      заңды күшіне енген сот шешімі осындай құжаттардың дұрыстығын растау болған жағдайда құжат дұрыс деп танылады және электрондық депозитарийге енгізіледі.";

      274-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. Құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жөніндегі жұмыстар) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды веб-портал автоматты түрде есептейді және Заңның 47-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды.";

      мынадай мазмұндағы 280-1 және 280-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "280-1. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мәліметтерді толтыру бөлігінде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің өтінімі форматты-логикалық бақылауды ескере отырып, веб-порталда автоматты түрде қалыптастырылады.

      280-2. Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мәліметтері мен құжаттары "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийде болатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі веб-порталмен автоматты түрде есептеледі және Заңның 47-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 4 және 5-қосымшалар осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 11-қосымшада:

      қаржылық орнықтылық көрсеткішін есептеу формуласына 1 қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 № 546 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19121 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 № 552 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26605 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий қалыптастырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

Жобалау жұмыстары

3.

Техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер

  Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

Электрондық депозитарийге енгізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жұмыстары бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар тізбесі

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы

Ескертпе

1.

Құрылыс объектісінің атауы


2.

Құрылыс объектісі бойынша әлеуетті өнім берушінің мәртебесі:
1. Бас мердігер;
2. Бас жобалаушы;
3. Қосалқы мердігер;
4. Қосалқы жобалаушы.

Егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерді тартқан бас мердігер болып табылса, онда мұндай қосалқы мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қосымша көрсетіледі, егер әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігер болып табылса, онда бас мердігер туралы мәліметтер (атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қосымша көрсетіледі

3.

Құрылыс түрі (жаңа құрылыс, қолданыстағы объектілерді кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу)


4.

Мекенжайы (құрылыс объектісінің орналасқан жері)


5.

Тапсырыс берушінің атауы


6.

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы


7.

Ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (бірінші – жоғары, екінші – қалыпты, үшінші – төмен)


8.

Объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар)


9.

Функционалдық мақсаты (өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар)


10.

Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші мәлімдеген жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі


11.

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың нөмірі мен күні


12.

Қағидаларға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы

Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет

  Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
3-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
5-1-қосымша

Электрондық депозитарийге енгізілетін техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың тізбесі

Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың атауы

Ескертпе

1

Құрылыс объектісінің атауы


2

Мекенжайы (құрылыс объектісінің орналасқан жері)


3

Тапсырыс берушінің атауы


4

Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталған жылы


5

Жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың нөмірі мен күні


6

Қағидаларға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың атауы

Құжаттардың электрондық көшірмелерін салу қажет

  Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
4-қосымша
  Қаржылық тұрақтылық
көрсеткішін есептеу
формуласына
1-қосымша

Әлеуетті өнім берушінің сатып алу бойынша құны тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Асып кеткен кезде қосымша пайыздар есептелетін ең төменгі мән

Ең төменгі мәннің 0,1 пайызынан асатын әрбір қадам

Көрсеткіштің шекті мәні

1

КК

50,0

0,05%

25%

2

ТСК

3,0

0,50%

65%

3

ЕТҚК

6,6

0,10%

50%


Жиыны:



140

  Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қаржы министірінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 798 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі

1.

Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес) жататын тауарлар және осы тауарларды уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтер.

Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс

2.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары.

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсы

3.

Жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстар

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсы

4.

Техникалық-экономикалық негіздеме мен қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар.

Конкурс

5.

Объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша жұмыстар.

Конкурс

6.

Техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер

Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурсы

  Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің өзгерістер мен
толықтырулар енгізілетін кейбір
бұйрықтарының Тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 18 қаңтардағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

2.

Жобалау жұмыстары

3.

Техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады