"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Атқарушы агенттіктердің мемлекеттік ұйымдардың қызметшілерін оқыту түрінде ұсынылған байланысты емес гранттарды пайдалану жөніндегі ақпаратты табыс ету нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 114 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3887 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |