Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.12.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, олардың мониторингі және пайдалану тиімділігін бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы N 740 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған атқарушы агенттіктердің мемлекеттік ұйымдардың қызметшілерін оқыту түрінде ұсынылған байланысты емес гранттарды пайдалану жөніндегі ақпаратты табыс ету нысаны бекітілсін.
2. Халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар департаменті (Н.Е.Оспанов) мен Заң басқармасы (А.Ж.Қасымбекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Н.А.Коржоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің м.а. 2005 жылғы 16 қыркүйектегі N 114 бұйрығымен бекітілген |
Атқарушы агенттіктердің мемлекеттік
ұйымдардың қызметшілерін кезеңінде оқыту
түрінде ұсынылған байланысты емес гранттарды
пайдалану жөнінде ақпаратты табыс ету нысаны
Атқарушы агенттіктің атауы:
Бенефициардың атауы:
Донор:
Курс атауы:
Лауазымының атауын көрсете отырып, қатысқандардың саны
(әкімшілік мемлекеттік қызметші қатысқан жағдайда оның санатын
көрсету қажет):
Оқыту курсының саласы (секторы):
Өткізілетін елі және орны
Курс өткізетін уақыт (оқыту курсын іске асыруды бастауды және
аяқтауды көрсету):
Өткізетін тіл:
Оқыту курсына қатысушы жұмыста тұсаукесер өткізді ме:
Қосымша мәліметтер:
курсқа қатысқандар арасындағы жалпы әйелдер саны:
қатысушылардың орта жасы:
Оқыту курсына қатысудан бас тартқан жағдайда, себебін көрсету:
Атқарушы агенттіктің басшысы:
Орындаушы:
Лауазымы:
Телефон нөмірі:
Ескерту: нысанның әр парағына атқарушы агенттіктің басшысы
қол қояды.