Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 95 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 33804 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтыру енгізілетін қаржы нарығын реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 95 қаулыға
қосымша

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерінде және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде:

      1-1-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 1-3, 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-3. Нормативтерді есептеу кезінде нормативтердің 1-5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктер берген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер халықаралық рейтингтік шкала бойынша рейтингтің шетелдік объектілеріне қатысты ғана пайдаланылады.

      1-4. Нормативтердің мақсаттары үшін Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен белгіленген Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларын, Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич) агенттіктерінің рейтингтік бағаларын және Нормативтердің 1-3-тармағында белгіленген талаптар сақталған жағдайда, Нормативтердің 1-5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктерді (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) таниды.

      1-5. Нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:

      1) рейтингтік агенттік шығу елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;

      2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге баламалы соманы құрайды;

      3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік:

      рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;

      рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік ұйымдар немесе рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;

      рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды;

      рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді;

      рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі бар;

      рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;

      рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, егер акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды;

      рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері ақпаратты заңсыз пайдаланудың және жария етудің алдын алу шараларын көздейді және ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      4) ақпараттың ашықтығы және оны жария ету:

      рейтингтік агенттік рейтингтік агенттіктің интернет-ресурсында мына:

      рейтингтік агенттік рейтингті айқындау кезінде қолданатын әдіснама;

      соңғы жыл ішінде берілген кредиттік рейтингтердің, сондай-ақ соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың соңындағы жағдай бойынша олардан түскен ақшалай түсімдердің үлесі рейтингтік агенттік түсімінің жылдық көлемінде 5 (бес) және одан да көп пайызды құраған рейтинг берілетін тұлғалардың және өзге де тұлғалардың тізімі туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз етеді;

      5) рейтингтердің сенімділігі:

      рейтингтік агенттік рейтингтік қызметті кемінде соңғы 5 (бес) жыл тұрақты негізде жүзеге асырады;

      рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті берген және қайта қараған ұйымдар саны кемінде отыз, оның ішінде соңғы 3 (үш) жылда кемінде жиырма, оның ішінде кемінде бесеуі қаржы ұйымдары болды;

      рейтингтік агенттіктің рейтинг тағайындаумен тікелей айналысатын қызметкерлерінің тиісті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар;

      рейтингтік шешім қабылдайтын органның (бұдан әрі – рейтингтік комитет) қатысушысы болып табылатын, рейтингтік шешімдер қабылдау процесіне қатысатын кемінде бір қызметкердің рейтингтік агенттікте не талдамалық агенттікте не зерттеу орталығында не қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымында не аудиторлық ұйымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      рейтингтік комитеттің құрамында рейтинг берілетін тұлға және (немесе) оның қаржылық міндеттемелері немесе қаржы құралдары (бұдан әрі – рейтинг объектісі) үшін жетекші рейтингтік талдаушыны, рейтингтік комитеттің төрағасын және қаралып отырған рейтинг объектісі жатпайтын, рейтинг объектілері түрінде маманданған бір рейтингтік талдаушыны қоса алғанда, кемінде бес рейтингтік талдаушы болады (егер рейтингтік агенттік рейтинг объектілерінің әр түріне қатысты рейтингтер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда);

      рейтингтік агенттік берілген рейтингтерді мониторингтеуді тұрақты негізде жүзеге асырады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның қаржылық жағдайындағы, корпоративтік басқаруындағы немесе қызметінің өзге де аспектілеріндегі өзгерістерге, макроэкономикалық жағдайлардың немесе қаржы нарығы жағдайларының өзгеруіне байланысты өзгеретін факторларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді, бұл рейтинг берілген немесе ол соңғы қайта қаралған күннен немесе қолданылатын әдіснама соңғы қайта қаралған күннен бастап күнтізбелік 1 (бір) жылдан кешіктірілмей рейтингтердің нақты жаңартуларымен расталады.

      Рейтингтік агенттік растайтын құжаттарды қоса бере отырып, пруденциялық реттеу мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктің рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салуды уәкілетті органға жібереді.

      Рейтингтік агенттік осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде уәкілетті орган ресми интернет-ресурста рейтингтік агенттіктің оның рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұратуын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рейтингтік агенттік және рейтингтік агенттіктердің халықаралық рейтингтік шкалаларының салыстырмалылығы туралы мәліметтерді жариялайды.

      Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаларды уәкілетті орган рейтингтік агенттік уәкілетті органға алғаш рет жүгінген кезде және жылына кемінде бір рет валидациялайды.

      Әдіснамаға өзгерістер енгізілген кезде рейтингтік агенттік 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай өзгерістердің себептері мен салдарын көрсете отырып, ақпаратты уәкілетті органға жібереді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банк акционерлерден осындай сатып алу уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттердің кез келгенін бұзуға әкеп соқпаған жағдайда өз акцияларын сатып алады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай коэффициенттермен:

      1) негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (k1):

      негізгі капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;

      операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;

      2) бірінші деңгейдегі капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k1-2):

      бірінші деңгейдегі капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;

      операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен;

      3) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті (k2):

      меншікті капиталдың:

      кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің;

      нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтердің, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелердің;

      операциялық тәуекелдің сомасына қатынасымен сипатталады.

      K1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің есебіне алынатын тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтерді шегере отырып, алынады.

      Консервациялық буферді және жүйелік буферді ескере отырып, меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні және капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәні Нормативтерге 3-қосымшада белгіленген.

      Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндеріне қосымша меншікті капитал буферлерінің мынадай мәндері белгіленеді:

      консервациялық буферге қойылатын талап тұрақты негізде орындалады және мынадай болады:

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1 (бір) пайыз;

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2 (екі) пайыз;

      2020 жылғы 1 маусымнан бастап – 1 (бір) пайыз;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап – 2 (екі) пайыз;

      жүйелік маңызы бар банктер үшін:

      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 (екі бүтін оннан бес) пайыз;

      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3 (үш) пайыз;

      2020 жылғы 1 маусымнан бастап – 2 (екі) пайыз;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап – 3 (үш) пайыз;

      контрциклдық буфер, оның мөлшері мен енгізу мерзімдерін уәкілетті орган контрциклдық буферді есептеу басталған күнге дейін кем дегенде 12 (он екі) ай бұрын белгілейді. Контрциклдық буфер мөлшерінің диапазоны тәуекелдер ескеріле отырып сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 0 (нөл) пайызынан 3 (үш) пайызына дейінгі аралықты құрайды;

      есептелуіне қойылатын талап Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар деп танылған жүйелік маңызы бар деп танылған банктерге қолданылатын жүйелік буфер. Жүйелік буферге қойылатын талап 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрақты негізде орындалады және тәуекелдер ескеріле отырып сараланған активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер сомасының 1 (бір) пайызын құрайды.

      Егер k1, k1-2 және k2 коэффициенттерінің нақты мәндері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген Капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерінің мәндерінен төмен емес, бірақ бұл ретте көрсетілген коэффициенттердің кез келгені меншікті капитал буферлерін есептегенде коэффициенттердің белгіленген мәндеріне қарағанда төмен болса, онда банктің бөлінбеген таза кірісін пайдалануға "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) көзделген жағдайларды қоспағанда, дивидендтер төлеуді және акцияларды кері сатып алуды тоқтату бөлігінде Нормативтерге 4-қосымшасына сәйкес Бөлінбеген таза кірісті шектеудің ең төменгі мөлшеріне сәйкес шектеу қойылады.

      Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің меншікті капитал буферлерін есептегендегі мәндеріне Нормативтердің 7-тармағына сәйкес негізгі капитал құрауыштарының есебінен қол жеткізіледі.

      Нормативтердің осы тармағының талаптарына сәйкес есептелген меншікті капитал буферлерінің мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетілмейді.

      Меншікті капитал жеткіліктілігі нормативтерінің және меншікті капитал буферлерінің мәндерін уәкілетті орган кемінде 3 (үш) жылда бір рет қайта қарайды.";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Бір қарыз алушыға келетін, оның ішінде банктің тәуекел мөлшері (Р):

      1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешек, бағалы қағаздар (Нормативтердің 8-тармағында көрсетілген инвестицияларды қоспағанда);

      2) Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Банктің кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелерінің кестесіне сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;

      3) банкте секьюритилендірудің негіздемелік тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ қарыз алушыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер;

      4) секьюритилендіру позициялары;

      5) Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының резидент-банктеріне және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктеріне Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша сараланған банк активтерінің кестесіне сәйкес кредиттік тәуекел ескере отырылып сараланған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар;

      6) металл шоттар бойынша талаптар;

      қарыз алушыға:

      инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер;

      ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған резервтер сомасы, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша:

      осы міндеттемені қамтамасыз ету ретінде банк иелігіне берілген салымдар;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;

      тазартылған қымбат металдар;

      тауардың шығу тегі туралы сертификаты және таза алтынның құрамы туралы кемінде 10 (он) пайыз химиялық талдауы бар өңделмеген бағалы металдар (құйма түріндегі Доре қорытпасы);

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдіктері;

      Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-"- дан төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің Резервтік аккредитивтердің халықаралық практикасына (International Standby Practices, ISP98) немесе Талап ету бойынша кепілдіктер үшін біріздендірілген қағидаларға (Uniform Rules for Demand Guarantees, URDG758) сәйкес шығарылған резервтік аккредитивтері немесе кепілдіктері;

      Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын, шет мемлекеттердің қатысуымен құрылған экспорттық-кредиттік агенттіктері мен сақтандыру ұйымдарымен жасалған төлем (сақтандыру төлемі) бойынша міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарттары мен кепілдіктері;

      эмитенті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы не олардың еншілес ұйымдары болып табылатын және банктің осындай қамтамасыз етуді даусыз өндіріп алуға құқығы бар, банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банк шығарған және қамтамасыз ету ретінде берілген бағалы қағаздар;

      экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемі бойынша міндеттемелерді даусыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтарды қамтитын сақтандыру шарттары түріндегі қарыз алушының талаптарын шегере отырып, талаптардың сомасы ретінде есептеледі.

      Бір қарыз алушыға келетін тәуекел есебіне мыналар кірмейді:

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына, банктің қарыз алушыға қоятын, банктің балансынан есептен шығарылған талаптары, банктің қарыз алушыға қоятын, олар бойынша ХҚЕС-ке сәйкес резервтердің 100 (бір жүз) пайызы қалыптастырылған талаптары;

      банктің еншілес ұйымға қоятын талаптары;

      2021 жылғы 1 шілдеден бастап қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде клиринг ұйымының (орталық контрагенттің) кепілді немесе резервтік қорларына жарналар, маржалық жарналар, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын ақша түрінде қойылатын талаптары;

      банктің Банктер туралы заңға сәйкес бұрын еншілес банк болып табылған, қайта құрылымдауды және бір мезгілде активтер мен міндеттемелерді бас банкке беру операциясын жүзеге асырған заңды тұлғаға қоятын талаптары.

      Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "AA"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша талаптар.

      35. Банктің бір қарыз алушыға оның міндеттемелері бойынша тәуекелі мөлшерінің банктің меншікті капиталына қатынасы мынадан аспауға тиіс:

      банкпен ерекше қатынастағы тұлғалар болып табылатын қарыз алушылар үшін k3.1 - 0,10. Банкпен ерекше қатынастағы қарыз алушылар бойынша тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауға тиіс;

      басқа қарыз алушылар үшін k3 - 0,25 (оның ішінде, Standard & Poor's агенттігінің (Стандард энд Пурс) рейтингі немесе Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің 1 (бір) тармағынан төмен болмайтын басқа рейтинттік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard & Poor's агенттігінің (Стандард энд Пурс) "А" рейтингінен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезиденттерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктік қарыз, қарыз алушы алдындағы не банктің ағымдағы және содан кейінгі 2 (екі) ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, Нормативтердің 36-тармағында көрсетілген тиісті қарыз алушылардың міндеттемелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оффшор аймақтарда тіркелген немесе азаматтары болып табылатын бейрезиденттерінің міндеттемелері бойынша 0,10 аспайды).

      Әрқайсысының мөлшері банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын бір қарыз алушыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен 5 (бес) еседен көп аспауға тиіс.

      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымдарға берілген күмәнді және үмітсіз активтердің жиынтық сомасы бас банктің меншікті капиталының мөлшерінен 3 (үш) еседен көп аспайды.".

      2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемелерінде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларынан ұлғаю кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты жасалған қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларының сомасына ұлғаяды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) активтердің ағымдағы құнының 1 (бір) пайызына тең мәнге ұлғайтылады.".

      10-2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:

      1) рейтингтік агенттік шығу елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;

      2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге баламалы соманы құрайды;

      3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік:

      рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;

      рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері немесе рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;

      рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды;

      рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді;

      рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі болады;

      рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;

      рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, егер акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды;

      рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері ақпаратты заңсыз пайдаланудың және жария етудің алдын алу шараларын көздейді және ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      4) ақпараттың ашықтығы және оны жария ету:

      рейтингтік агенттік рейтингтік агенттіктің интернет-ресурсында мына:

      рейтингтік агенттік рейтингті айқындау кезінде қолданатын әдіснама;

      соңғы жыл ішінде берілген кредиттік рейтингтердің, сондай-ақ соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың соңындағы жағдай бойынша олардан түскен ақшалай түсімдердің үлесі рейтингтік агенттік түсімінің жылдық көлемінде 5 (бес) және одан да көп пайызды құраған рейтинг берілетін тұлғалардың және өзге де тұлғалардың тізімі туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз етеді;

      5) рейтингтердің сенімділігі:

      рейтингтік агенттік рейтингтік қызметті кемінде соңғы 5 (бес) жыл тұрақты негізде жүзеге асырады;

      рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті берген және қайта қараған ұйымдар саны кемінде отыз, оның ішінде соңғы 3 (үш) жылда кемінде жиырма, оның ішінде кемінде бесеуі қаржы ұйымы болды;

      рейтингтік агенттіктің рейтинг беруімен тікелей айналысатын қызметкерлерінің тиісті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар;

      рейтингтік шешім қабылдайтын органның (бұдан әрі – рейтингтік комитет) қатысушысы болып табылатын, рейтингтік шешімдер қабылдау процесіне қатысатын кемінде бір қызметкердің рейтингтік агенттікте не талдамалық агенттікте не зерттеу орталығында не қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымында не аудиторлық ұйымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      рейтингтік комитеттің құрамында рейтинг берілетін тұлға және (немесе) оның қаржылық міндеттемелері немесе қаржы құралдары (бұдан әрі – рейтинг объектісі) үшін жетекші рейтингтік талдаушыны, рейтингтік комитеттің төрағасын және қаралып отырған рейтинг объектісі жатпайтын, рейтинг объектілері түрінде маманданған бес рейтингтік талдаушыны қоса алғанда, кемінде бес рейтингтік талдаушы болады (егер рейтингтік агенттік рейтинг объектілерінің әр түріне қатысты рейтингтер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда);

      рейтингтік агенттік берілген рейтингтерді мониторингтеуді тұрақты негізде жүзеге асырады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның қаржылық жағдайындағы, корпоративтік басқаруындағы немесе қызметінің өзге де аспектілеріндегі өзгерістерге, макроэкономикалық жағдайлардың немесе қаржы нарығы жағдайларының өзгеруіне байланысты өзгеретін факторларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді, бұл рейтинг берілген немесе ол соңғы қайта қаралған күннен немесе қолданылатын әдіснама соңғы қайта қаралған күннен бастап 1 (бір) күнтізбелік жылдан кешіктірілмей рейтингтердің нақты жаңартуларымен расталады.

      Рейтингтік агенттік растайтын құжаттарды қоса бере отырып, пруденциялық реттеу мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктің рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салуды уәкілетті органға жібереді.

      Рейтингтік агенттік осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өлшемдерге сәйкес келген кезде уәкілетті орган ресми интернет-ресурсында рейтингтік агенттіктің сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рейтингтік агенттік және рейтингтік агенттіктердің халықаралық рейтингтік шкалаларының салыстырмалылығы туралы мәліметтерді жариялайды.

      Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаларды уәкілетті орган рейтингтік агенттік уәкілетті органға алғаш рет жүгінген кезде және жылына кемінде 1 (бір) рет валидациялайды.

      Әдіснамаға өзгерістер енгізілген кезде рейтингтік агенттік 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай өзгерістердің себептері мен салдарын көрсете отырып, ақпаратты уәкілетті органға жібереді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандырудың мынадай нормативтерін сақтайды:

      1) Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банкінің Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банкі болып табылатын екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы, Қазақстанның Даму Банкіндегі және оның үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде), салымдар мен ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2) Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде), салымдар мен ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайды;

      3) Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғалардағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде), салымдар мен ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      4) Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын бір заңды тұлғадағы және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) және ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      5) "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген және Standard & Poor'S (стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BBB-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұлттық компаниялар тізбесіне кіретін бір заңды тұлғадағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) және ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын соманы құрайды;

      6) тазартылған бағалы металдар мен металл шоттарға жиынтық орналастыру жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      7) қызметін "өмірді сақтандыру" саласында жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларға берілген қарыздарының жиынтық мөлшері жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес соманы құрайды;

      8) шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "A-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      9) шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "A-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 5 (бес) пайызынан көп емес;

      10) Нормативтердің 39-тармағында белгіленген тізбеге кіретін халықаралық қаржы ұйымының бағалы қағаздарына ("кері репо" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын соманы құрайды;

      11) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, Нормативтердің 38-тармағының 23) және 24) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін пайларға инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      12) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, ашық және интервалды инвестициялық пай қорларының пайларына инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      13) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      14) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, Нормативтердің 38-тармағының 25) және 26) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін исламдық қаржыландыру құралдарына инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борыштық бағалы қағаздарға инвестициялары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің бір эмиссиясы облигацияларының жалпы көлемінің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтерді әртараптандыру нормативтерін есептеу кезінде екінші деңгейдегі банктің және оның үлестес тұлғаларының активтеріне жиынтық орналастыру үлестес тұлғалардың осы тобына активтерді орналастырудың барынша рұқсат етілген лимитіне байланысты нормативтердің біреуінде көрінеді.".

      3. "Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесін, капиталының мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінде және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесінде, капиталының мөлшерінде:

      5-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "5. Жаңадан құрылатын банк конгломераты үшін жарғылық капиталының ең аз мөлшері кемінде 100 (бір жүз) миллион теңгені құрайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады