БҰЙЫРАМЫН:
1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Хабарламаның орындалуын растауды ведомствоның аумақтық бөлімшелері объектіден хабарламаны орындау жөніндегі ақпарат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-портал арқылы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Хабарламаның орындалуын бақылауды ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға веб-порталда белгі қойып жүзеге асырады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Хабарламада, оның ішінде осы Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жіберілген хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, мемлекеттік аудит объектісі веб-портал арқылы Заңның 11-1-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарға қарсылықты уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға (бұдан әрі – Апелляция комиссиясы) береді.
Ведомствоның аумақтық бөлімшесі осы Қағидалардың 26-тармағының 3) тармақшасына сәйкес хабарламаға өзгерістер (толықтыру) енгізген кезде аудит объектісі осындай шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық білдіруге тиісті өзгерістер (толықтырулар) енгізеді.
Аудит объектісі қарсылық дәлелдерін растайтын құжаттардың көшірмелерін веб-портал арқылы ұсынады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бөлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші шағым, мемлекеттік аудит объектісі Апелляциялық комиссияға қарсылық береді не сотқа жүгінеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 3 және 9-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1318 Бұйрыққа 1-қосымша |
Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі
№ | Камералдық бақылау тәуекел бейінінің атауы | Камералдық бақылау тәуекел бейінінің деректерін таңдау шарттары | Камералдық бақылау тәуекел бейінінің бұзылуы |
1. | Ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу. |
Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
2. | Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі. |
1. Алдын ала талқылау хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. |
Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі. |
3. | Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы |
1. Нысанасы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері болып табылатын мемлекеттік сатып алу. | Ұйымдастырушының тапсырыс берушінің Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы |
4. | Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу. |
1. Конкурс тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Заңның 20-бабын бұза отырып, лоттарға бөлмеуі. |
5. | Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соққан шешімді қабылдау. |
1. Қорытындылар туралы хаттама ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 55 және 238-тармақтарын және Қағидаларға 4 - қосымшаның 41-тармағын бұза отырып әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамауы. |
6. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдау. |
1. Қорытындылар туралы хаттама ресімделген конкурс/аукцион тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) Заңның 10, 27 және 33-баптарын, сондай-ақ Қағидалардың 55-тармағын және 238-тармағын және Қағидаларға 4-қосымшаның 41-тармағын бұза отырып әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтініміне рұқсат беруі. |
7. | Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе құқыққа сыйымсыз қолдану. |
1. Қорытындылар туралы хаттама ресімделген, бұл ретте олар өтті деп танылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу. | Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктерді Заңның 21-бабын, сондай-ақ Қағидалардың 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 279, 280, 281, 282, 285, 286, 287, 288, 289-тармақтарын бұза отырып, құқыққа сыйымсыз қолдануы не қолданбауы. |
8. | Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық өтінімдерді қабылдамаудың егжей-тегжейлі себептерін көрсетпеу. |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылған конкурс тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. |
Алдын ала рұқсат беру хаттамасы: |
9. | Күнтізбелік он бес күннен аз, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі. |
1. Заңның 13-бабы 1-тармағында көзделген тәсілдермен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 43-бабының 22-тармағын бұза отырып өткізілді. |
10. | Ұйымдасытырылуы мен өткізілуін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу. | Заңның 8-бабына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Заңның 8-бабына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. |
11. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу. | Веб-порталда орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат толық емес және/немесе Заңның 38 - бабы 1 - тармағында көзделген мерзімдер бұзылған. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпараттың толық орналастырылмауы, сондай-ақ Заңның 38-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдердің бұзылуы. |
12. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі. |
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Заңның 37-бабын бұза отырып лоттарға бөлмеуі. |
13. | Техникалық ерекшелік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулар қамтылады. |
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Заңның 38-бабының 2-тармағын бұза отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын нұсқаулар қамтылады. |
14. |
Мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу–мемлекеттік сатып алудың тәсілін құқыққа сыйымсыз қолдану. |
1. Тапсырыс беруші тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберді. | Заңның 39-бабының 3-тармағын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау. |
15. | Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау. |
1. Тауар биржалары арқылы өткізілген тауарларды мемлекеттік сатып алу. | Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алу Заңның 42-бабын бұза отырып жүзеге асырылды. |
16. | Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін оларға өз өтінімдерін сәйкес келтіруге құқық бермейтін негіздер бойынша құқыққа сыйымсыз қабылдамау. |
1. Алдын ала рұқсат беру хаттамасы ресімделген конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін Заңның 27-бабын, сондай-ақ Қағидалардың 221-тармағын бұза отырып қабылдамауы. |
17. | Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген жағдайда не техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) болған кезде конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. |
1. Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау хаттамасы ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. |
Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
18. | Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу. |
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 37-бабының 1-тармағын бұза отырып баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды. |
19. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі құқыққа сыйымсыз талаптар. |
1. Жарияланған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде біліктілік талаптарын белгілеу. |
20. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастыру күнін тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген күнмен салыстыру. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау. |
21. | Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының көлемін тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының көлемдерімен салыстыру. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бекіту (нақтылау). |
22. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау. |
Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші Заңның 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында): |
23. | Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізу | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу. |
24. | Демпингтік баға есебін құқыққа сыйымсыз қолдану/қолданбау. |
1. Конкурс тәсілімен өткізілген жұмыстарды жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Заңның 26-бабын және Қағидалардың 73, 74, 75, 76, 78 және 79-тармақтарын бұзу. |
25. | Мемлекеттік сатып алу Заң талаптарын бұза отырып, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру |
1. Мемлекеттік сатып алу Заң талаптарын бұза отырып, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. | Заңның 31-бабы 1-тармағының талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру |
26. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, әлеуетті өнім берушіні жіберу туралы шешім қабылдау, әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға және өлшемшарттар бойынша балдар есебін қолданбауға немесе құқыққа сыйымсыз қолдануға әкеп соққан шешім қабылдау |
1. Қорытындылары туралы хаттама ресімделген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу тәсілімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу. |
1. Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа қатысуға өтінімін Қағидалардың 413-тармағын бұза отырып қабылдамауы немесе жіберуі. |
27. |
Ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды техникалық ерекшелікте көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу. |
1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу. |
Заңның 21, 32, 38-баптарына сәйкес техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу. |
28. | Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. |
1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. |
29. | Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстар енгізу. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қосымша келісім жобасы. | Өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын өзгертетін өзгерістері және (немесе) Заңның 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстары бар мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қосымша келісім жасасу. |
30. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусым дағы № 110 бұйрығына "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсеті летін қызмет терді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалар ын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32733 болып тіркелген) (бұдан әрі – Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары) сәйкес дәрілік заттар мен медицина лық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына немесе жіберілуіне әкеп соққан шешім қабылдау | Комиссия қорытындылар туралы хаттамаға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) тендерлік (аукциондық) өтінімін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді не сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдады. |
Дәрілік заттарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 222, 223-тармағын бұза отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) тендеріне (аукционына) қатысуға тендерлік (аукциондық) комиссияның өтінімді қабылдамауы |
31. | Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына немесе жіберілуіне әкеп соқтыратын шешім қабылдау. |
1. Қорытынды лардың хаттамасы ресімделген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген) (бұдан әрі-Тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары) 72, 180, 270, 360-тармақтарын бұзып, әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып шешім қабылдау |
32. | Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша көрсетілетін қызметтердің өнім берушісін таңдау жөніндегі өлшемшарттардың қолданбауы немесе құқыққа сыйымсыз қолдануы |
1. Қорытындылардың хаттамасы ресімделген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу | Комиссияның Тамақтандыруды ұйымдастыру кағидаларының 64, 172, 262, 352-тармақтарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушіге балдарды құқыққа сыйымсыз қолдануы не қолданбауы. |
33. | "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – рұқсаттар туралы Заң) және Қағидаларының 37, 38 және 39 тармақтарының талаптарын бұза отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. |
1. Тиісті рұқсаттың немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуын талап ететін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың рұқсаттар туралы Заңының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 37, 38 және 39 тармақтарының талаптарын бұза отырып жүргізілуі. |
34. | Негіздемелік келісімді пайдалана отырып, Мемлекеттік сатып алу Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызмет терді мемлекет тік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау (1 кезең). | 1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген "Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстар дың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26525 болып тіркелген) (бұдан әрі - Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстар дың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі) негіздемелік келісімді пайдалана отырып, Заңның 31-1-бабының 1-тармағын бұза отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылады. | Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру негіздемелік келісімді пайдалана отырып, Заңның 31-1-бабының 1-тармағын бұза отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылады. |
35. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген "Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26605 болып тіркелген) (бұдан әрі - Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі) Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау |
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19121 болып тіркелген), мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу | Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Заңның 31-2-бабы 1-тармағын бұза отырып жүргізілген. |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1318 Бұйрыққа 2-қосымша |
Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтері мен бұзушылықтарды жою тәсілдері
Камералдық бақылау бағыттары | Деректерді іріктеу үшін тәуекелді басқару жүйесінің өлшемшарттары | Тәуекелдер бейіні | Камералдық бақылау |
Бірінші бағыт |
Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы, егер мынадай талаптар бар болса (жеке-жеке): | № 1 бейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі | 1–нұсқа. Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу* |
2–нұсқа. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау кезінде ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою жүзеге асырылмайды * | |||
№ 3 бейін – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 4-бейін – Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 9-бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі кемінде күнтізбелік он бес күн | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 10 бейін – Ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 14 бейін – Мемлекеттік сатып алу тәсілін құқыққа сыйымсыз қолдану – мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі. | Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу * | ||
№ 15 бейін – Биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау. | Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу* | ||
№ 35 бейін – | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 34-бейін | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 24 бейін – Демпингтік бағаны есептеуді құқыққа сыйымсыз қолдану/қолданбау | Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою | ||
№ 25 бейін – Мемлекеттік сатып алу Заңның талаптарын бұза отырып, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою | ||
№ 27 бейін - Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде ұлттық стандарттарды техникалық ерекшелікте көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу. | Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу | ||
№ 28 бейін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 29 бейін - Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) Заңны 45-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген өзге де негіздер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстар енгізу. | Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу* | ||
Екінші бағыт | Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу. | № 2 бейін – Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) заңды бұза отырып бекітуі. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* |
№ 17 бейін – Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген кезде не конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) қамтылған кезде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
Үшінші бағыт | Үш жүз миллион теңге сомасынан асатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу | № 5 бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оның қабылданбауына әкеп соқтырған шешім қабылдау. | Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* |
№ 6 бейін – Әлеуетті өнім берушіге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып рұқсат беру туралы шешім қабылдау. | Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
№ 8 бейін – Алдын ала рұқсат беру хаттамасында конкурстық өтінімдерді қабылдамаудың егжей-тегжейлі себептерін көрсетпеу. | 1-нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
2-нұсқа. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар туралы хаттаманы ресімдеген кезде ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою* | |||
№ 16 бейін – Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін оларға өз өтінімдерін сәйкес келтіру құқығын бермейтін негіздер бойынша құқыққа сыйымсыз қабылдамау. | 1-нұсқа. Алдын ала рұқсат беру хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
2-нұсқа. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар туралы хаттаманы ресімдеген кезде ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою * | |||
Төртінші бағыт |
Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу, олар бойынша Заңның 47-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде шағымдар келіп түскен | № 5 бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға әкеп соққан шешім қабылдау. | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* |
№ 6 бейін – Әлеуетті өнім берушіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жіберу туралы шешім қабылдау. | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
№ 7 бейін – Шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе құқыққа сыйымсыз қолдану. | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
№ 26 бейін – 1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу тәсілімен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметтерін мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама ресімделді. | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
№ 30 бейін – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) тендерге (аукционға) қатысуға өтінімін тендерлік (аукциондық) комиссияның Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 222, 223-тармақтарын бұза отырып қабылдамауы Тендерлік комиссияның (аукциондық комиссияның) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін Дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 14-тармағын бұза отырып жіберуі. | Қорытынды лар хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
№ 31 бейін – Әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып, оны қабылдамауға немесе жіберуге әкеп соққан шешім қабылдау. | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
№ 32 бейін – Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша өлшемшарттарды қолданбау немесе құқыққа сыйымсыз қолдану | Қорытынды хаттамасын хабарламаға сәйкес келтіру* | ||
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау | Лот сомасы екі миллион теңгеден асатын баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу және (немесе) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға олар бойынша шағымдар келіп түскен мемлекеттік сатып алу | № 3 бейін – Әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды Заңның 51-бабының талаптарын бұза отырып, жүзеге асыру. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* |
№ 9 бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен аз. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 11 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 12 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеу. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 13 бейін – Техникалық ерекшелік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқауларды қамтиды. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 18 бейін – Жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 19 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі құқыққа сыйымсыз талаптар. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 28 бейін – | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
№ 33 бейін – | Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою* | ||
Мемлекет тік сатып алуды жоспарлау |
№ 20 бейін – | Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру* | |
№ 21 бейін – Мемлекеттік сатып алу көлемдерінің сәйкестігі. | Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу* | ||
№ 22 бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны. | Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу* | ||
№ 23 бейін – Мемлекеттік сатып алудың Жылдық жоспарына (Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 31), 32) және 35) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу. | Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың Жылдық жоспарына өзгерістер енгізу | ||
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау |
Егер мынадай шарттар (жеке-жеке): | № 14 бейін – Мемлекеттік сатып алу тәсілін құқыққа сыйымсыз қолдану – мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілі. | Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу* |
Тауар биржалары арқылы тәсілмен жоспарланған мемлекеттік сатып алу |
№ 15 бейін – | Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу* |
Ескертпе:
* Хабарлама тапсырылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда, бұзушылық осындай шартты бұзу (қорытындыларды жою арқылы) арқылы жойылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1318 Бұйрыққа 3-қосымша |
Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 9-қосымша |
________________________ (Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы) |
Өкімнің күшін жою туралы құжат
________________________________________________________________
(Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)
Қазақстан Республика Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) "Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) бекітілген Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 40-тармағына сәйкес Комитеттің қазынашылық органдарында ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің __________________ (Өкімнің күні мен нөмірі) күшінің жойылғаны туралы хабарлайды және ___________________________________________________________________________
(аудит объектісінің атауы, оның Бизнес-сәйкестендіру нөмірі және банк деректемелері)
шығыс операцияларын қайта бастауды сұрайды.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті орган ведомствосының басшысы
Мөр орны (бар болса) _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (Қолы) |