"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 106 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33846 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидаларында:

      28-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғадан және (немесе) мемлекеттік мекемеден шетел валютасының банкноттары бар бумалар және монеталары бар қапшықтар қалыптастырылған күнінен бастап 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде қабылданады. Парақтап қайта санау уақытында анықталған айналысқа жарамсыз, бүлінген, күмәнді, айналыстан алынатын (алынған), зауыт ақауы бар шетел валютасының банкноттары және (немесе) монеталары қабылдануға жатпайды және заңды тұлғаға және (немесе) мемлекеттік мекемеге қайтарылады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Заңды тұлға, мемлекеттік мекеме алған банкноттар мен монеталарды оның уәкілетті өкілі кассадан кетпей тұрып, банкноттар мен монеталарды берген шығыс кассасының касса қызметкерінің қатысуымен қайта санайды және:

      1) банкноттарды - будалар және бумалар бойынша, жекелеген парақтарды - парақтап қайта санап;

      2) монеталарды - қапшықтарға бекітілген жапсырмалардағы жазбалар бойынша, пакеттердегі монеталарды - олардағы жазбалар бойынша, ал жекелеген монеталарды - бір-бірлеп қайта санап тексереді.

      Шығыс кассасының касса қызметкері уәкілетті өкілдің қатысуымен банкноттар салынған толық будалардағы және монеталар салынған қапшықтардағы пломбалар мен клишелерді (бар болса) кеседі.

      Банкноттар салынған будаларды және монеталар салынған қапшықтарды пломбалар мен клишелерді (бар болса) алмастан беру Қағидалардың 52 және 53-тармақтарында көзделген жағдайларда және осындай талап заңды тұлғамен, мемлекеттік мекемемен жасалған кассалық қызмет көрсету шартында болған кезде ұлттық валюта – теңгеде жүзеге асырылады.";

      52-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шығыс кассасының касса қызметкері банкноттар салынған толық будалар мен монеталар салынған қапшықтардың пломбалары мен клишелерін (бар болса) кеспейді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкілетті өкіл қалған, қайта есептемеген банкноттар салынған толық будалардан және монеталар салынған қапшықтардан касса қызметкері-бақылаушы пломбалар мен клишелерді (бар болса) кеседі, олар бойынша кейіннен заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден шағымдар қабылданбайды.";

      55-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қол қойылған нұсқау Ұлттық Банктің филиалына, Ұлттық Банктің Орталығына қолма-қол ақшаны беру күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11.00-ге дейін беріледі.";

      66-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте шығыс кассасының касса қызметкері уәкілетті өкілдің қатысуымен Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының орауындағы шетел валютасының банкноттары салынған толық будалардан клишелерді (бар болса) және шетел валютасының монеталары салынған қапшықтардағы пломбаларды кеседі.";

      67-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шығыс кассасының касса қызметкері шетел валютасының банкноттары салынған толық будалар мен шетел валютасының монеталары салынған қапшықтардың пломбалары мен клишелерін (бар болса) кеспейді;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкілетті өкіл қалған, қайта есептемеген шетел валютасының банкноттары салынған толық будалардан және шетел валютасының монеталары салынған қапшықтардан касса қызметкері-бақылаушы пломбалар мен клишелерді (бар болса) кеседі, олар бойынша кейіннен заңды тұлғадан, мемлекеттік мекемеден шағымдар қабылданбайды.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Касса қызметкері уәкілетті өкілге банкноттар салынған 20 (жиырма) будадан және монеталар салынған 10 (он) қапшықтан асатын мөлшерде банкноттар мен монеталарды вакуумдық қаптамалардан кепілдік клишелерді (бар болса) және банкноттар салынған бумалардан және монеталар салынған қапшықтардан кепілдік пломбаларды алмай береді.";

      75-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) банкноттар салынған ораудың сақталуын (шпагаттың, вакуумдық ораудың тұтастығын, вакуумдық ораудағы кепілдік тігістегі пломбиратордың немесе клишенің (бар болса) анық бедерінің болуын) қамтамасыз етеді;";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Ақша ұсақтау (айырбастау) кассасы:

      монеталарды банкноттарға айырбастайды;

      банкноттарды монеталарға айырбастайды;

      тозған банкноттарды, ақаулы (бүлінген) монеталарды, айналыстан алынған және алынатын банкноттарды немесе монеталарды жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастайды;

      дизайны (нысаны) өзгерген банкноттарды айналыста жүрген сол номиналдағы банкноттарға айырбастайды;

      айналыста жүрген банкноттарды дизайны (нысаны) өзгерген сол номиналдағы банкноттарға айырбастайды;

      ірі номиналдағы жарамды банкноттар мен монеталарды ұсақ номиналдарға ұсақтайды;

      ұсақ номиналдағы жарамды банкноттар мен монеталарды ірі номиналдарға айырбастайды.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Банкноттар будаға 10 (он) бумадан (бір номиналдағы банкноттардың 1000 (мың) парағы) қалыптастырылады, олар қатты қағаздан жасалған жоғарғы және төменгі жапсырма қағаздармен жабдықталады және шпагатпен түйінсіз және үзіксіз, төрт бітеу түйінмен қосарлап айқастырып байланады, шпагаттың ұшына касса қызметкері пломба салады.

      Банкноттарды полиэтилен пакеттерге ораған кезде пакеттің аузы қыздырып бекітіледі, ал қыздырып бекітуге арналған клишеде Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының атауы және касса қызметкерінің реттік нөмірі көрсетіледі

      Есептеу-сұрыптау машинасында банкноттар салынған будаларды қалыптастыру және орау кезінде клише пайдаланылмайды, банкноттар салынған будалар үстіңгі және астыңғы жапсырмалармен жабдықталмайды.";

      99-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің, Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының орауынан кем шығу, артық шығу, күмәнді, төлем жасалмайтын, қолдан жасалу және (немесе) ақау белгілері бар банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы актінің электрондық үлгісін (сканирленген үлгісін) жауапты бөлімшеге жібереді.";

      5-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Шетел валютасын қайта есептеу кезінде анықталған кем шығулармен, артық шығулармен, күмәнді, төлем жасалмайтын, айналысқа жарамсыз, бүлінген шетел валютасымен жұмыс істеу тәртібі";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "104. Айналысқа жарамсыз шетел валютасы қабылданбайды.";

      107-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы заңды тұлғаның, мемлекеттік мекеменің, Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының орауынан кем шығу, артық шығу, күмәнді, төлем жасалмайтын, қолдан жасалу және (немесе) ақау белгілері бар банкноттар немесе монеталар байқалған жағдайда Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кем шығу (артық шығу) туралы актінің электрондық үлгісін (сканирленген үлгісін) жауапты бөлімшеге жібереді.";

      112 және 113-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Ұлттық Банктің филиалы күмәнді монеталардың төлем қабілетін анықтай алмаған жағдайда Ұлттық Банктің филиалы күмәнді монеталарды Ұлттық Банк Орталығының инкассация қызметінің қызметкерлері арқылы арнайы ілеспе көлікпен (вагонмен) Ұлттық Банктің Орталығына жібереді.

      113. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы күмәнді банкноттар мен монеталарға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша күмәнді банкноттар мен монеталарға қорытынды дайындайды.";

      114-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы күмәнді банкноттар мен монеталарға дайындаған қорытынды негізінде Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкноттар мен монеталарды сараптау актісін екі данада жасайды:

      1) бір данасын Ұлттық Банктің филиалы, Ұлттық Банктің Орталығы сол күнгі касса құжаттарында тігеді;

      2) екінші данасы соның (солардың) негізінде жасалған қорытындымен (қорытындылармен) бірге Ұлттық Банктің филиалындағы, Ұлттық Банктің Орталығындағы бөлек істе сақталады.";

      120-тармақ алып тасталсын;

      120-7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы бояумен боялған банкноттарға сараптама жүргізу нәтижелері бойынша рәсімдер Қағидалардың 113, 114, 115, 116, 117, 118 және 119-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "121. Ұлттық Банктің Орталығы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-ге дейін банкноттарды, монеталарды, шетел валютасын қабылдайды және береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады