"Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 949 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33854 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларында

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құрал-жабдықтар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ресімдеу және ұсынуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді. "

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      " 2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;

      2) мүгедектігі бар сотталған – тіршілік-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      3) мүгедектiк – ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адам тiршiлiгінің шектелу дәрежесi;

      4) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – жеке бағдарлама) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;

      5) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ТКҚ) – протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан ағаның бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

      сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;

      тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған техникалық құралдар;

      міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;

      6) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауды МӘС жолымен жүргізеді.

      МӘС-ті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі –аумақтық бөліністері) жүргізеді. ";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде орналасқан медициналық ұйымның (бұдан әрі-медициналық ұйым) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы:

      1) ағза функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

      2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Медициналық ұйым тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақат салдарынан немесе кемістіктен туындаған ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Медициналық ұйым сотталғанның ағза функцияларының тұрақты бұзылуын анықтаған кезде ҚАЖ мекемесі орналасқан жері бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөліністеріне "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) куәландыратын адамға құжаттарын әзірлейді және ұсынады.";

      "7. Медициналық ұйым қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектігі бар сотталғанға қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) мекеме орналасқан жері бойынша аумақтық бөліністеріне құжаттарды жібереді.

      Мүгедектігі бар сотталғандар ҚАЖ мекемелеріне қайтадан келген кезде қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып қайтадан куәландыруға жатады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сотталғанға МӘС өткізілетін кезде ҚАЖ мекемелерінің әкімшілігі аумақтық бөліністерінің өкілдеріне еріп жүреді және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мүгедектігі бар сотталғандарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің:

      1) "Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы №284 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32984 болып тіркелген) (бұдан әрі- № 284 бұйрық);

      2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 287 бұйрық) бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар сотталғандар "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларымен қатар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылған және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнайы жүріп-тұру құралдарын өзімен бірге алып жүреді.";

      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Протездік-ортопедиялық құралдардың барлық түрімен және оларды жөндеу, сурдотехникалық, тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, сондай-ақ арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жеке бағдарламаға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражатты немесе сотталғанның өз қаражаттары есебінен жазасын өтеу орны бойынша жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. № 287 бұйрықтың талаптарына сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен, соның ішінде жазасын өтеу кезінде алынған кәсіби аурулары немесе еңбек жарақаттары бар мүгедектігі бар адамдар жұмыс берушінің қаражатынан жеке бағдарламаға сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, ТКҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз етіледі.

      Жұмыс берушінің-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби аурулары немесе еңбек жарақттары бар мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, ТКҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ҚАЖ мекемелерінің мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен протездік-ортопедиялық көмекке, сурдотехникалық, тифлотехникалық және, міндетті гигиеналық құралдармен, сондай-ақ арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге мұқтаж мүгедектігі бар сотталғандардың құжаттары №287 бұйрықпен бекітілген тізбе бойынша сотталғанның жазасын өтеу орны бойынша республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарына жолданады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. №287 бұйрыққа сәйкес протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша қызмет көрсетудің жеткізушісімен амбулаторлық немесе стационарлық протездеу үшін мүгедектігі бар сотталғанды шақыру қажеттілігі немесе оның қатысуынсыз тапсырысты орындау анықталады.

      Сотталғанды шығару қажеттілігі болған жағдайда шақыру алдын ала жолданады, бастапқы стационарлық протездеу 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Қайта стационарлық протездеу 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.".

      2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

  Мүгедектігі бар, мекемелерде
жазасын өтеп жүрген және
күзетпен қамауда отырған
сотталғандарға техникалық
көмекші (компенсаторлық)
құралдар мен арнайы жүріп-тұру
құралдарын ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Мүгедектігі бар сотталғандарды және оларға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын беруді есепке алу журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Мекеме

Мүгедектік тобының болуы, мүгедектіктің себебі

Мүгедектіктің берілген күні және мерзімі

Қайта куәландыру күні

Жеке бағдарламаға сәйкес іс-шаралар

Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету









      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы Еңбек

      және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      2023 жылғы " "___________


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2023 жылғы " "___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады