Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда № 33859 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 35-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 188 бұйрығымен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі

      Ескерту. Шекті көлемі жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.12.2024 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Квазимемлекеттік сектор субъектілері

Сыртқы борыштың шекті көлемі,
миллион теңге

Сыртқы борыштың шекті көлемі,
миллион Америка Құрама Штаттарының доллары*

1

2

3

4

1

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

5 741 720

12 482

2

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

2 319 780

5 043

3

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

92 000

200

      *Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттарының доллары үшін 460 теңге бағамы бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады