БҰЙЫРАМЫН:
1. "Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33859 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
Б. Омарбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Квазимемлекеттік сектордың 2024 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі
Р/с № | Квазимемлекеттік сектор субъектілері |
Сыртқы борыштың шекті көлемі, |
Сыртқы борыштың шекті көлемі, |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы | 5 741 720 | 12 482 |
2 | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы | 2 319 780 | 5 043 |
3 | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | 92 000 | 200 |
*Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттарының доллары үшін 460 теңге бағамы бойынша