БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13109 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице–министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп
Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/212699?lang=kk
Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан
Индексі: 2-шығындарды өтеу
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын адамдар тобы: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ұсыну мерзімі: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін.
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде.
Жол коды | Аумақ | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші коды | Үйде оқитын мүгедектігі бар балалар, адам | Есепті кезеңнің басына төленбеген сома, мың теңге | есепті тоқсан ішінде | |||||||
тағайындалды | төленді | |||||||||||
барлығы | оның ішінде | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | |||||
ұлдар | қыздар | |||||||||||
А | Б | С | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | Ауылдық жерлер бойынша барлығы | |||||||||||
2 | Қалалық жерлер бойынша барлығы | |||||||||||
3 | Облыс бойынша барлығы |
Кестенің жалғасы
жыл басынан бергі кезең ішінде | |||||
тағайындалды | төленді | ||||
алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге | алушылар, адам | сомасы, мың теңге | орташа айлық мөлшері, теңге |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
* Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады
Атауы________________________________ |
Мекенжайы___________________________ |
Телефоны _____________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайa ___________________________________________
Орындаушы ___________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________________________ ______________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________