ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:
"17-2) осы бұйрыққа 3-18-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-18-қосымшамен толықтырылсын;
4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. ______________________________________________________________
(мемлекеттік органның толық атауы)
2. Осымен _______________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-
әйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда
– шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны
__________________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруды тоқтатқаны
(қызметтің немесе іс-қимылдың атауы көрсетіледі)
жеке тұлғаның заңды мекенжайының ________________________________
заңды тұлғаның орналасқан жерінің _________________________________
қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекенжайының ______________
хабарламада көрсетілген деректердің_________________________________
_____________________________________ өзгергені туралы хабарлайды
(тиісті жолда Х белгісі қойылады)
3. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы/жеке тұлғаның заңды мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін – елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді
мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)
4. Электрондық пошта _____________________________________________
5. Телефондар ____________________________________________________
6. Факс __________________________________________________________
7. Қызметті жүзеге асыру мекенжайы(лары) ___________________________
_____________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат
(стационарлық үй-жай) нөмірі)
8. Қосымша мәліметтер _________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда ақпарат көрсетіледі)
9. Хабарламаға ___________________________________________________
_________________________________________________________ қоса беріледі
(құжаттар атауы және парақтар саны көрсетіледі)
10. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы
_________________________ басталады (уақыты мен мерзімі)
11. Қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы _________________
тоқтатылады (уақыты мен мерзімі)
12. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қорытындысы "_"________№__берілді
_____________________________________________________________________
(қорытынды түрі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефоны, №, алған күні)
13. Аумақтық ішкі істер органымен келісілген Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы
бойынша бекітілген паспорт.
Осы хабарламаны бере отырып, өтініш беруші төмендегілерді растайды: көрсетілген
барлық деректер ресми деректер болып табылады және оларға қызметті немесе
іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
өтініш берушіге мәлімделген қызмет түрімен немесе жекелеген іс-қимылмен
айналысуға сот тыйым салмайды; қоса берілген барлық құжаттар шындыққа сәйкес
келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші қызметті немесе іс-қимылды
жүзеге асыруды бастағанға дейін одан әрі де орындау үшін міндетті Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
14. Өтініш беруші _________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы "__" ________ "___" сағат "___" минут.
15. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:
Сенім білдірілген адам ____________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
________________________________________________________________
Сенімхаттың күні және нөмірі
Берілген күні және уақыты: 20__ жылғы "__" ______ "__" сағат "__" минут.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 187 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына 4-қосымша |
Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі
Р/с № | Мемлекеттік орган | Орталық мемлекеттік органның ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері | Хабарламалардың түрлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі | Эротикалық сипаттағы материалдарды орналастыратын мерзімді баспасөз басылымдарын немесе интернет-ресурстарды тарату жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарлама | |
2 | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық немесе аудандық аумақтық инспекциялары | Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық инспекциялары | Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
3 | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелері | Нотариат қызметін жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
4 | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелері | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
5 | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | Интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері | Медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері | Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (пайдалану) туралы хабарлама | ||||
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметінің басталғаны туралы хабарлама | ||||
6 | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | Бағалы металдарды, асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті | Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
7 | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті | Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері | Техникалық қарап-тексеру операторлары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті | Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
8 | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары | Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама | |
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама | ||||
Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті | Әкімші (уақытша әкімші, оңалту, уақытша және банкроттық басқарушылар) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
9 | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті | Туристік агенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
10 | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті | Шетелдік және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік үлгінің сәйкестігін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
11 | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті | Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызметтерді көрсетуінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
12 | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті | Геодезиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Картография жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдары | Радиоэлектрондық құралдарды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |||
Жоғары жиілікті құрылғыны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
13 | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары | Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымдары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
14 | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі | Теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Метеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті | Зоологиялық коллекцияны жасау туралы хабарлама | |||
Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
15 | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті | Энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі | Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарлама | |||
Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) олардың жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
16 | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары | Уәкілетті банктің айырбастау пункті қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
17 | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі | Қаржы ұйымының қаржылық өнімдерін бекітуі туралы хабарлама | |
18 | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
19 | Жергілікті атқарушы органдар | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті басқару органдары | Тұқымның сұрыпты және егу сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | |
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптық егістерін сынақтан өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Такси тасымалдаушысы ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Автовокзалдар, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөніндегі курстар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтерінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама | ||||
Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама | ||||
Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация | ||||
20 | Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары | Орталық мемлекеттік органның ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері және олардың аумақтық бөлімшелері | Өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама |