БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) өтініш беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы не "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы арқылы "қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып (бұдан әрі-тізбе), осы Қағидалардың 2 қосымшаға сәйкес береді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Құтты мекен" АЖ мобильдік қосымшасы арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін "Қандас" ААЖ-ға түседі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері "Қандас" ААЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіні оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, "Қандас" ААЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
Толық емес пакетті және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган Тізбеге сәйкес өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге жіберіледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері өтініш берушілердің құжаттар топтамасын алған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы айыптаушы мәліметтердің және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуы немесе болмауы туралы ақпарат жібереді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган аумақтық бөлімшелерден ішкі істер органдарынан және Ұлттық қауіпсіздік органдарынан ақпарат келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде өзіне қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті Комиссияның қарауына береді";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Комиссия өтініш келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш берушіге қандас мәртебесін беруден бас тарту туралы немесе мынадай шарттарды ескере отырып қандас мәртебесін беру туралы ұсыныс шығарады:
1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112 - бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстандыру үшін;
2) демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;
3) өтініш беру өңірінің аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қайта қосылу үшін және егер өтініш беруші тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, өтініш берушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім беру үшін;
4) алдын ала еңбек шартын қоса бере отырып, тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін не этникалық қазақтар қатарындағы дара кәсіпкерлер.
5) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар оқу орнынан анықтаманы қоса бере отырып.
Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымды комиссия қабылдайды және хаттамамен ресімделеді";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қандас мәртебесін ұзарту үшін Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған бұйралаушылар әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне бұрын берілген қандас мәртебесін ұзарту туралы өтініш береді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып.";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"- отбасымен бірігу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын этникалық қазақтар қатарынан "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) және 26) тармақшаларына сәйкес отбасы мүшелерімен немесе жақын туыстарымен туыстығын растайтын құжаттар ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы тоғыз абзацпен толықтырылсын:
"-оқу орнынан анықтама.";
Ретт3 нөмерлері 2 және 3- жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1. Қандас мәртебесін беруге өтінішті қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін), сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады www.egov.kz (бұдан әрі-портал). |
";
"
";
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;
4) үш жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ, "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамына және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар,
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығына қосымша |
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 6-қосымша |
__________________________ (жергілікті атқарушы органның |
атауы) ____________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________ (мекенжайы бойынша тұратын) |
Қандас мәртебесін ұзарту туралы / қандас куәлігінің телнұсқасын беру / қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімнің телнұсқасын беру туралы
ӨТІНІШ
_________________________________________________________ байланысты маған (қандас мәртебесінің тоқтатылуымен / қандас мәртебесінің жоғалуымен немесе қандас мәртебесін ұзарту туралы шеші) және менің отбасымның мүшелеріне(бар болса) қандас мәртебесін ұзарту туралы / қандас куәлігінің телнұсқасын беру / қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімнің телнұсқасын беруді сұраймын.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелері:
1) жұбайы (зайыбы) _____________________________________________;
2) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) ата-аналары_________
________________________________________________________________;
3) балалар (оның ішінде асырап алынғандар) және олардың отбасы мүшелері
_________________________________________________________;
4) некеде тұрмайтын ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен
апа-сіңлілері_____________________________________________________.
Осымен қандас мәртебесін ұзарту бойынша қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20__ жылғы "__" ________ ___________________ (өтініш берушінің қолы)
Өтініш қабылданды: _____________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20__ жылғы "__" _________ _____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 539 бұйрығына қосымша |
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына 8-қосымша |
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________ ____________________________ ________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы № ____ ҚОЛХАТ ___________________
(түрін көрсету)
Жергілікті атқарушы органының (мекенжайын көрсету) / "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № _ _ _ бөлімінің (мекенжайын көрсету) осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуына байланысты, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________;
2) __________________________________________________;
3) ….
____________________________________________________________________
(Жергілікті атқарушы орган қызметкерінің / Мемлекеттік корпорация
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Телефон _________________
Алды: ________________________________ _________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса / көрсетілетін қызметті
алушының қолы)
"___" _________ 20___ жыл