"Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 473 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қаңтарда № 33877 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32300 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2, 25-3, 25-4, 25-5 және 25-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "25-1. Дизель отынының қалдықтарын өткізуге өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін ЖАО АЖ-ға операторлардың тізбесін және дизель отынын босату жүзеге асырылатын мұнай өнімдерін (мұнай өнімдері базасын) сақтауға арналған олардың сыйымдылықтарының тізбесін, сондай-ақ дизель отыны қалдықтарының көлемі туралы деректерді орналастырады.

      25-2. Егін жинау жұмыстарын және жемшөп дайындауды жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ-да осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында дизель отынының көлемін алуға арналған өтінімді қалыптастырады.

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін егін жинау жұмыстарын және жемшөп дайындауды жүргізуге арналған дизель отынының көлемін есептеу осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      25-3. Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруге арналған дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) астықты сақтау және кептіру жүзеге асырылатын технологиялық немесе кептіру жабдығы бар ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ-да осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруді жүргізуге дизель отынының көлемін алуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) қалыптастырады.

      Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруге арналған дизель отынының көлемін есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші өтінімде кептіруге жататын дәнді/майлы дақыл дәнінің атауын; сақтау қуаты мен сақтауға келіп түскен астықтың мөлшерін; бастапқы ылғалдылық пен дәнді/майлы дақылдардың тұқымдары кептірілуі тиіс рұқсат етілген ылғалдылықты көрсетеді.

      Дәнді дақылдар тұқымдарының ылғалдылығы көрсеткішінің шекті рұқсат етілген төменгі шегі 14%, майлы дақылдар үшін – 8% құрайды. Дәнді дақылдар тұқымдарының бастапқы ылғалдылығы көрсеткішінің шекті рұқсат етілген жоғары шегі 32%, майлы дақылдар үшін – 27% құрайды.

      Бұл ретте дәнді және майлы дақылдар тұқымдарының нақты рұқсат етілген және бастапқы ылғалдылығын сақтауға келіп түсетін тұқымдардың сапасына қарай ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші айқындайды және рұқсат етілген ылғалдылық көрсеткішінің шекті рұқсат етілген шегінен төмен болмауы және астықтың бастапқы ылғалдылығы көрсеткішінің шекті рұқсат етілген шегінен жоғары болмауы тиіс.

      Дәнді және майлы дақылдар тұқымдарының бастапқы ылғалдылығы көрсеткішінің шекті жол берілетін жоғары шегін айқындау бойынша осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген талаптар дизель отынының өткізілмеген көлемін бөлгеннен кейін қалған дизель отынының көлемін алуға өтінімдер берілген жағдайда қолданылмайды.

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіруге арналған дизель отынының көлемін есептеу дәнді/майлы дақыл астығының бір тоннасын кептіруге арналған дизель отыны шығысының нормативін ескере отырып, АЖ-да автоматты түрде жүргізіледі. Дизель отынын тұтыну нормативі (дәнді/майлы дақылдың бір тоннасын кептіру және ылғалдылықты бір процентке төмендету кезінде) 1,40 килограмды құрайды.

      25-4. Дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру, жемшөп дайындау, егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін дизель отыны көлемінің өтінімі мен есебін Басқарма осы Қағидалардың 9, 10, 11 және 12-тармақтарына сәйкес қарайды.

      25-5. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші АЖ арқылы астық және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру, жемшөп дайындау, егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемін алу үшін Операторға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеңілдікті дизель отынын тиеп-жөнелтуге арналған өтінім береді.

      25-6. Астық және майлы дақылдардың тұқымын кептіру, жемшөп дайындау, егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының өткізілмеген көлемі жөнелтілген күні оператор ЭЦҚ-мен куәландыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің өтінімін жеке кабинеті арқылы өтеуді жүзеге асырады.

      Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынының тиеп-жөнелтілгені туралы хабарлама жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 7-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Бердалин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 473 бұйрығына
1-қосымша
Көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстары кезеңінде ауыл
шаруашылығы өнімін
өндірушілер үшін мұнай
өнімдерінің көлемін
қалыптастыру және бөлу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________ облысының
Ауыл шаруашылығы
басқармасы

Дизель отынының көлемін алуға арналған өтінім

      1._______________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

      атынан _______________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) көктемгі егіс/егін жинау/ жемшөп

      дайындау жұмыстарын жүргізу үшін ____________ (_____________) тонна көлемінде

      дизель отынын бөлуді сұраймын.

      2. _____ жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жалпы алаңы

      ____________ гектарды құрайды.

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы ___________________________________________________________

      бизнес-сейкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________

      мекенжайы: ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________________

      жеке сейкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) __________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________

      кім берді ________________________________________________________

      берілген күні _____________________________________________________

      мекенжайы: ______________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері __________________________________________________

      хабарланған күні _________________________________________________

      4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің (шаруа қожалығының) мүшелері туралы

      мәліметтер өтінім ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе шаруа қожалығынан

      (мүшелері бар болса) берілген жағдайда толтырылады:

Ауыл шаруашылығы кооперативі
(шаруа қожалығы) мүшесінің атауы

Ауыл шаруашылығы кооперативі
(шаруа қожалығы) мүшесінің БСН/ЖСН




      5. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық

      почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      банктің немесе почта операторының деректемелері: ____________________

      банктің немесе почта операторының атауы: ___________________________

      банктің сәйкестендіру коды ________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды ___________________________________________

      БСН ____________________________________________________________

      бенефициар коды _________________________________________________

      6. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемін есептеу

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы

Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

1 гектарға арналған (килограмға) дизель отыны шығысының нормасы

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемі (тонна, килограмм)

1

2

3

4

5






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Көктемгі егіс/егін жинау/жемшөп дайындау жұмыстарын жүргізуге сатып алынған дизель отыны көлемінің пайдаланылуын қамтамасыз ететінімді растаймын.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өтінім 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қарауға қабылданды:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 473 бұйрығына
2-қосымша
Көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстары кезеңінде ауыл
шаруашылығы өнімін
өндірушілер үшін мұнай
өнімдерінің көлемін
қалыптастыру және
бөлу қағидаларына
6-қосымша
Нысан
_______________ облысының
дизель отынын жеткізу
жөніндегі өңірлік операторына
__________________
(оператордың атауы)

Жеңілдікті дизель отынын тиеп-жөнелтуге арналған өтінім

      1._______________________________________________________________

      (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)

      атынан _______________________________________________________________

      (басшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) ___________________

      (__________________) тонна көлемінде көктемгі егіс/егін жинау/жемшөп

      дайындау/дәнді және майлы дақылдар тұқымдарын кептіру жұмыстарын (қажеттісін

      таңдау) жүргізуге дизель отынын тиеп-жөнелтуді сұраймын.

      2. Дизель отынын тиеп-жөнелту орны _______________________________;

      3. Дизель отынын тиеп-жөнелту күні мен уақыты – 20____ жылғы "____" ____________ сағат _______.

      Өтінішке ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 20___ жылғы "____" ___________ сағат _______ қол қойып, жіберді:

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер;

      Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.

      4. Өтінімді өтеу мәртебесі:

      дизель отынының нақты тиеп-жөнелтілген күні – 20__ жылғы "___" ______;

      дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ деректері;

      дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 473 бұйрығына
3-қосымша
Көктемгі егіс және егін жинау
жұмыстары кезеңінде ауыл
шаруашылығы өнімін
өндірушілер үшін мұнай
өнімдерінің көлемін
қалыптастыру және
бөлу қағидаларына
7-1-қосымша
Нысан
________________ облысының
Ауыл шаруашылығы
басқармасы

Дәнді және майлы дақылдар тұқымдарын кептіруді жүргізуге дизель отынының көлемін алуға арналған өтінім

      1._______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      атынан _______________________________________________________________

      (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) дәнді және майлы дақылдар тұқымдарын

      кептіру үшін ____________ (_____________) тонна көлемінде дизель отынын бөлуді

      сұраймын.

      2. Өтініш беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      бизнес-сейкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________

      мекенжайы: _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ____________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________________

      жеке сейкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі __________________________________________________________

      кім берді ________________________________________________________

      берілген күні _____________________________________________________

      мекенжайы: _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері __________________________________________________

      хабарланған күні _________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің (шаруа қожалығының) мүшелері туралы мәліметтер өтінім ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе шаруа қожалығынан (мүшелері бар болса) берілген жағдайда толтырылады:

Ауыл шаруашылығы кооперативі
(шаруа қожалығы) мүшесінің атауы

Ауыл шаруашылығы кооперативі
(шаруа қожалығы) мүшесінің БСН/ЖСН




      4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________

      банктің немесе почта операторының атауы: ___________________________

      банктің сәйкестендіру коды ________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды __________________________________________

      БСН ____________________________________________________________

      бенефициар коды _________________________________________________

      5. Технологиялық немесе кептіру жабдығының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Меншік иесі

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

Бар-жоғы туралы мәліметтер

астық кептіру жабдығы

Сағатына дана/ тонна


астық сақтауға арналған ыдыстар

мың тонна


астық тазалайтын машиналар

дана


белсенді желдету жабдықтары

дана


жылжымалы көлік жабдықтары

дана


көтергіш-көлік жабдығы

дана


сақтау кезінде астықтың температурасы мен ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

жиынтықтар


таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен сенім білдірілген)

дана


тиеу-түсіру құрылғылары

дана


      6. Дәнді және майлы дақылдар тұқымдарын кептіруге өтініш беруші үшін дизель отынының көлемін есептеу

Дақылдың атауы

Сақтау қуаты, тонна

Сақтау-ға келіп түскені, тонна

Ылғалдылығы, %

Дизель отынын тұтыну нормасы 1 тоннаға-процент, килограмм

Тұқымдарды кептіруге өтініш берушіге арналған дизель отынының көлемі (тонна, килограмм)

бастапқы

дейін рұқсат етілген

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Дәнді дақылдар





1,40


2

Майлы дақылдар





1,40


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өтінім 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қарауға қабылданды:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады