Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № 101 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қаңтарда № 33880 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.04.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 101 Қаулыға
қосымша

Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15115 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілді:

      көрсетілген қаулымен Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылған кредиттік есепті Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша кредиттік бюро оны алуға құқығы бар кредиттік есепті алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімі болған жағдайда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді.

      Күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізуге жол берілген кредит (банктік қарыз немесе микрокредит) бойынша кредиттік есепті берген кезде кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісі (жеке тұлға) кредитті өтегеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай өткен және көрсетілген кезең ішінде кредиттер бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам мерзімде мерзімін өткізуге жол бермеген күннен кейінгі күнгі жағдай бойынша кредиттік есепте кредиттің "оңалтылды" деген мәртебесін көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Кредиттік есепте ол бойынша соңғы ақпарат Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен ерте алынған кредит бойынша ақпарат көрсетілмейді.

      Кредиттік есепте:

      1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, коллекторлық агенттіктің берешекті кешіруін;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін);

      3) республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін);

      4) өзге де көздерді қоса алғанда, кредит бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның берешекті өтеу көздері туралы ақпарат көрсетіледі.

      Екінші деңгейдегі банктер кредиттік есепте қарыз алушы-жеке тұлғаның ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына төлемдер жүргізу фактілері туралы ақпаратты аяқталған соңғы 6 (алты) айдағы төлемдердің сомасы мен жүргізу күнін көрсете отырып көрсетеді.".

      2. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №170 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндерінде және оларды есептеу әдістемелерінде, капиталының мөлшерінде:

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Банк:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мерзімінің және (немесе) мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

      Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредиттік/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

      Қарыз алушы деп банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниеттенетін немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденті-жеке тұлға түсініледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алушыларға берілген қарыздарға қолданылады.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:

     


      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Бюджет туралы заң) тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы";

      Сктом – кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың бірі және (немесе) бірнешеуінің негізінде айқындалады:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) ай ішіндегі ресми кірісі. Ресми кіріс деп мынадай құжаттардың бірі және (немесе) бірнешеуінің негізінде есептелген орташа айлық кіріс түсініледі:

      бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының міндетті зейнетақы жарналары, салымшының (алушының) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорынан алынған ақпарат немесе орталық атқарушы органдардың және заңды тұлғаларға тиесілі не оларға ведомстволық бағынысты жеке тұлғалардың кірістері туралы ақпарат бөлігінде дерекқордан алынған ақпарат;

      зейнетақы төлемдері түсетін банктік шоттан үзінді- көшірме;

      жұмыс берушіден жалақы және басқа да кірістер түсетін банктік шоттан үзінді- көшірме;

      "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша, аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері түсетін банк шоттан үзінді -көшірме;

      мынадай:

      патенттің негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 5 (бес) пайызы;

      жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық салынатын кірістің 15 (он бес) пайызы;

      тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнайы салық режимінің салық салынатын кірісінің 20 (жиырма) пайызы негізінде есептелген орташа айлық кіріс түсініледі;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) ай кезең ішінде дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) ай кезең ішінде дебеттік картаны толтырудың орташа айлық сомасы;

      4) қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы 6 (алты) ай шіндегі депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдықтардың орташа айлық сомасының берілетін кредиттің айларда көрсетілген мерзіміне қатынасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) ай ішінде депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) ай ішінде депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) ай ішінде жолаушыларды және такси жүгін тасымалдаудан түсетін орташа айлық кірісі (мұндай кірістерді делдалдың компаниясы арқылы растаған кезде);

      8) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 12 (он екі) ай кезеңде бірыңғай жинақ төлемнің төленгенін растайтын құжаттың болуы. Әрбір ай үшін кіріс Бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінде қабылданады.

      9) қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 6 (алты) ай ішінде жұмыс орнынан түскен кіріс туралы анықтаманың және (немесе) оқу орнынан алынатын шәкіртақының мөлшері туралы анықтаманың негізінде есептелген салықтық аударымдар негізінде есептелген жеке кәсіпкер - жеке тұлғаның кірістері туралы ақпараты.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсына отырып растайды және (немесе) банктің ақпараттық жүйесінде тексереді және (немесе) банк қарыз алушының жазбаша нысанда не қарыз алушының сәйкестендіру құралы арқылы берілген келісімі негізінде сұратады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде көрсетілген өлшемшарттардың тек біреуі ғана қолданылады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз аушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірісі негізінде айқындалады.

      Нормативтердің мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз алушы деп соңғы аяқталған 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам жалпы сомаға 6 (алты) және одан көп төлемдер жасаған жеке тұлға түсініледі.

      Қарыз алушының ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жүргізген төлемдердің күні мен сомасы туралы ақпаратты банк кредиттік бюродан алынған қарыз алушының кредиттік есебінің негізінде айқындайды.

      Жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушыға қатысты кірісті бағалау Нормативтердің 92-тармағының екінші бөлігінің 1), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген кірістер негізінде айқындалады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен Нормативтің 90-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы алты айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде төмендегідей есептеледі:

     


      мұндағы:

      БЖК – борыш жүктемесінің коэффициенті;

      ӨҚТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша Нормативтің 95-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

      МТi – қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

      БТ – қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Нормативтің 96-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

      n – қарыз алушының өтелмеген қарыздарының саны;

      Т – қарыз алушының Нормативтің 97-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа табысы.

      Қарыз алушының автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген кредиттер бойынша борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының кредит бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына сәйкес айқындалатын қамтамасыз ету сомасына өтімділік коэффициентіне түзетілген, айлармен көрсетілген, берілетін кредиттің мерзіміне автокөлік құралы түрінде кепіл құнына азайтылған берешек сомасының өтеуге қатынасы (негізгі борыш сомасын және кредиттің бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыны қоса алғанда) ретінде айқындалады.

      Автокөлік құралының және (немесе) жылжымайтын мүліктің орташа нарықтық құны № 13 "Әділ құнды бағалау" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тәуелсіз бағалау немесе банктің бағалауы негізінде айқындалады.";

      97, 98 және 99-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Қарыз алушының ай сайынғы орташа табысы Нормативтердің 92-тармағының екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттар негізінде айқындалған қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан 6 (алты) айдағы табыс мөлшерінің алтыға қатынасы ретінде есептеледі.

      Қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісі есебіне банк қабылдайтын кірістердің түрлері қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы қатарынан алты ай ішінде кемінде кез келген екі айда алынуға тиіс.

      Банктер Нормативтердің 92-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушының ресми кірісінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек алушының және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгілері бар қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.

      Банктер Нормативтердің 92-тармағының екінші бөлігінің 1), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген қарыз алушының кірістері негізінде жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.

      98. Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9125 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысымен белгіленеді.

      Ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы үшін борыш жүктемеcі коэффициентінің деңгейі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаулымен белгіленген қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейі мөлшерінің жартысын құрайды.

      99. Егер осы Нормативтің 93-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттардың негізінде белгіленетін кірістің мөлшері Бюджет туралы заңда тиісті қаржылық жылға белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен және отбасының кәмелетке толмаған әрбір мүшесіне ең төмен күнкөріс деңгейінің жарты сомасынан кем болса, сондай-ақ қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің мәні Нормативтің 98-тармағында белгіленген мәннен асып кеткен жағдайда немесе қарыз алушыда ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері болған және негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, банк:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

      қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды.".

      3. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидалары;

      2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысының борыш жүктемесі коэффициентінің шекті мәні 0,5 мөлшерінде, ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы үшін 0,25 (нөл бүтін оннан жиырма бес) мөлшерінде бекітілсін.

      көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушысының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Микроқаржы ұйымы:

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға микрокредит беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған микрокредит беру туралы шарты (шарттары) шеңберінде қосымша микрокредит беру;

      микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мерзімінің және (немесе) мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) микрокредит талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      4. Қағидалардың 3-тармағының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген, микрокредиттерге қолданылады, бұған мыналар кірмейді.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау төмендегідей жүзеге асырылады:

      ҚК ≥ ЕТКДШ + 0,5 * ЕТКДШ * Сктом,

      мұндағы:

      ҚК – қарыз алушының кірісі;

      ЕТКДШ – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Бюджет туралы заң) тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы";

      СКТОМ – отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің саны.

      Қарыз алушының кірісі мына өлшемшарттардың біреуі және (немесе) бірнешеуі:

      1) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы ресми кірісі;

      2) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;

      3) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы дебеттік картаны толықтырудың орташа айлық сомасы;

      4) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдықтардың орташа айлық сомасының айларда көрсетілген берілетін кредит мерзіміне қатынасы;

      5) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерді және (немесе) ағымдағы шоттарды толықтырудың орташа айлық сомасы;

      6) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) ай үшін депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;

      7) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік соңғы 6 (алты) айдағы борыш жүктемесі коэффициентінің (0,5) рұқсат етілген ең жоғары мәніне төлем мерзімін өткізусіз жасаған өтелген және (немесе) өтелмеген банктік қарыздар бойынша қарыз алушының ай сайынғы төлемдері сомасының орташа мәніне қатынасы ретінде айқындалатын қарыз алушының кірісі;

      8) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 6 (алты) айдағы жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдаудан орташа айлық кірісі (мұндай кірістер делдал компания арқылы расталған кезде);

      9) қарыз алушының өтініш жасаған күннің алдындағы 12 (он екі) ай кезеңіндегі бірыңғай жиынтық төлемнің төленгенін растайтын құжаттың болуы. Әрбір ай үшін кіріс Бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшері деңгейінде қабылданады;

      10) қарыз алушының өтініш жасаған күнінің алдындағы 6 (алты) айдағы жұмыс орнынан түсетін кірістер туралы анықтаманың және (немесе) оқу орнынан алынатын стипендияның мөлшері туралы анықтаманың негізінде есептелген орташа айлық кірісі.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты қарыз алушы тиісті құжаттарды ұсына отырып растайды және (немесе) микроқаржы ұйымы қарыз алушының жазбаша нысанда не қарыз алушының идентификаттау құралы арқылы берген келісімі негізінде сұратады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттар негізінде қарыз алушының кірісін айқындау кезінде көрсетілген өлшемшарттардың тек біреуі ғана қолданылады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті алушыға және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз аушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ресми кірісі негізінде айқындалады.

      Қағидалардың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгісі бар қарыз алушы деп соңғы аяқталған 6 (алты) ай ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам жалпы сомаға 6 (алты) және одан көп төлемдер жасаған жеке тұлға түсініледі.

      Қарыз алушының ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына жүргізген төлемдердің күні мен сомасы туралы ақпаратты банк кредиттік бюродан алынған қарыз алушының кредиттік есебінің негізінде айқындайды.

      Жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушыға қатысты оның кірісін бағалау осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген кірістер негізінде айқындалады.

      7. Қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыз алушының микрокредиттері, банктік қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен Қағидалардың 3-тармағында көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы 6 (алты) айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде былайша есептеледі:

     


      мұндағы:

      БЖК - борыш жүктемесі коэффициенті;

      ӨҚТi - қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

      МТi - қарыз алушының өтелмеген микрокредиті, банктік қарызы (өтелмеген микрокредиттері, банктік қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

      БТ - қарыз алушының жаңа берешегі бойынша Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

      n - қарыз алушының өтелмеген микрокредиттерінің, банктік қарыздарының саны;

      К - қарыз алушының Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа кірісі.

      Автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер бойынша қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде микрокредит бойынша қарыз алушының ай сайынғы төлемінің мөлшері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысына сәйкес айқындалатын қамтамасыз ету құнына қатысты өтімділік коэффициентіне түзетілген, автокөлік түріндегі кепіл құнына азайтылған, өтеуге (негізгі борыш сомасын және кредиттің бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыны қоса алғанда) қатысты берешек сомасына қатынасы ретінде айлармен көрсетілген, берілетін кредит мерзіміне айқындалады.

      Автокөлік құралының және (немесе) жылжымайтын мүліктің орташа нарықтық құны тәуелсіз бағалау немесе банктің № 13 Халықаралық қаржылық есептіліктің "Әділ құнды бағалау" стандартына және "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес бағалауы негізінде айқындалады.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісі Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттар негізінде айқындалған кіріс мөлшерінің алтыға қатынасы ретінде есептеледі.

      Микроқаржы ұйымы қарыз алушының ай сайынғы орташа кірісінің есебіне алатын кірістер түрлері қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан 6 (алты) ай ішіндегі кем дегенде екі кез келген айға алынуға тиіс.

      Микроқаржы ұйымдары Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушының ресми кірісінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек алушы қарыз алушының және (немесе) ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.

      Микроқаржы ұйымдары Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 1), 8) және 10) тармақшаларында көрсетілген кірістері негізінде жиырма бір жасқа толмаған қарыз алушының орташа айлық кірісін есептеуді жүзеге асырады.

      11. Егер Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше өлшемшарттардың негізінде айқындалатын кірістің мөлшері Бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленетін ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан және отбасының кәмелетке толмаған әрбір мүшесіне арналған ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасының жартысынан кем болса, сондай-ақ қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шекті мәннен жоғары болса немесе қарыз алушыда ойын бизнесіне белсенді тартылған тұлғаның белгісі болса және банктік қарыздар және (немесе) микрокредиттер бойынша күнтізбелік тоқсан күннен астам негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі болса, микроқаржы ұйымы туралы:

      қарыз алушыға микрокредит, сондай-ақ қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      микрокредит беру туралы жасалған шарт (шарттар) шеңберінде қосымша микрокредит беру;

      микрокредитті өтеу кестесіне сәйкес осы микрокредит бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына әкелетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) микрокредиті талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады