"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылы Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әрбір Ұлы Отан соғысының ардагеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 1 300 000 (бір миллион үш жүз мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. 2023 жылы Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын басқа адамдарға, атап айтқанда Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне қосымша 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |