Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 606 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы бекітілсін.";
көрсетілген шешімге қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешімімен бекітілген"; |
қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы";
қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру тәртібін реттейді.";
қосымшаның 2-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Астана қаласының құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі – Атақ):";
қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік азаматтарға беріледі. Атақ Астана қаласының аумағында тұрмайтын адамдарға берілуі мүмкін.";
қосымшаның 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Өтінімді Астана қаласының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау және "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды.";
қосымшаның 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Комиссия төмендегі шешімдердің біреуін қабылдай алады: өтінімді қанағаттандырады және Астана қаласының әкіміне Атақ беру туралы ұсыным енгізу үшін қалалық мәслихатқа ұсыныс жасайды; өтінімнен бас тартады; өтінімді материалдарды қайта ресімдеу үшін қайтарып бере алады.";
қосымшаның 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Атақты Астана қаласы әкімінің ұсынысы бойынша қалалық мәслихат береді.";
қосымшаның 12-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Атаққа лайықты адамға Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда Диплом, "Астана қаласының құрметті азаматы" құрметті азаматының Алқасы мен Куәлігін береді.";
қосымшаның 13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Құрметті азаматтардың аты-жөні хронологиялық тәртіппен Астана қаласының Құрмет кітабына енгізіледі, ол қалалық мәслихатта тұрақты сақталады. Қоғамдастықтың ұсынысы бойынша олардың аты-жөндері Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен қала көшелеріне берілуі мүмкін.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |