Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Нұр-Сұлтан қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 110/15-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25677 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімге қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 110/15-VII шешіміне қосымша"; |
қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже";
қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ереже Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Астана қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау тәртібін реттейді.";
қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Құрмет грамотасымен қоғам мен Астана қаласы алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.";
қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Құрмет грамотасын Астана қаласы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдаухаттары негізінде Астана қаласының әкімі тапсырады.";
қосымшаның 6-тармағында:
бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері, Астана қаласының депутаттары кіреді.":
үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Астана қаласы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төраға болып табылады.";
қосымшаның 10-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.";
қосымшаның 13-тармағында:
2-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) Астана қаласының әкімі қол қояды;";
3-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) Астана қаласының әкімі немесе оның уәкілеттік беруі бойынша өзге лауазымды адам салтанатты жағдайда тапсырады.".
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы | Е. Каналимов |