Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |
Астана қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 110/15-VII шешіміне қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Ереже Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Астана қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) наградтау тәртібін реттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Құрмет грамотасы маңызды моральдық ынталандырудың бірі, қоғам мен мемлекет алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.
3. Құрмет грамотасымен қоғам мен Астана қаласы алдындағы қызметтік және азаматтық борышын лайықты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.4. Құрмет грамотасын Астана қаласы әкімдігі жанындағы Құрмет грамотасын тапсыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдаухаттары негізінде Астана қаласының әкімі тапсырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдаухатқа еңбек ұжымдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, шығармашылық одақтар, саяси партиялар, заңды тұлғалар, өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық мүдделерді білдіретін бастамашыл топтар бастамашы бола алады.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен өтініштер қаралмайды.
6. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері, Астана қаласының депутаттары кіреді.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауы тиіс.
Астана қаласы әкімінің әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары төраға болып табылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
8. Комиссия шешімі, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
9. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
10. Астана қаласының Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.11. Қолдаухатта негізгі өмірбаяндық деректер көрсетіледі, сондай-ақ жиналыстың хаттамасынан немесе шешімінен үзінді көшірме, осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген кандидаттың көлемі 3-тен 4 сантиметрге (2 дана) фотосурет қоса беріледі және Комиссияның қарауына:
1) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы;
2) білімі туралы мәліметтер;
3) ұйымның жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес толық атауы және қолдаухат берілген күнгі атқаратын лауазымының толық атауы көрсетіле отырып, жұмыс орны туралы мәліметтер;
4) еңбек қызметінің мәліметтері;
5) наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер;
6) заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған адамдарды қоспағанда, әкімшілік жазалардың және соттылықтың болмауы туралы мәліметтер ұсынылады.
12. Құрмет грамотасымен:
Құрмет грамотасына ұсыну сәтінде заңнамада белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;
сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар марапатталмайды.
13. Құрмет грамотасы:
1) тиісінше мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және бланкіге басып шығарылады;
2) Астана қаласының әкімі қол қояды;
3) Астана қаласының әкімі немесе оның уәкілеттік беруі бойынша өзге лауазымды адам салтанатты жағдайда тапсырады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 47/5-VIII (алғашқы ресми жариялаған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.14. Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда телнұсқасы берілмейді.
15. Құрмет грамотасының бланкілері мен оның жақтаушаларын дайындау Аппаратпен қамтамасыз етіледі.