"Астана қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалақық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүреге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 86/10-VIII шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 қазанда № 1354-01 болып тіркелді

      Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Астана қаласының азаматтарының жекелеген санаттарына қалақық бағдарлардың жолаушылар көлігінде жол жүреге төлем төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1124 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешімінің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы
мәслихатының төрағасы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады