"Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № А-3/82 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.11.2023 № А-11/518 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Субсидиялау бағыттары | Жергілікті бюджет есебінен, мың теңге | Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, мың теңге |
Бірегей тұқымдар | 27 692,0 | 0 |
Элиталық тұқымдар | 336 358,2 | 265 708,1 |
Бірінші репродукция тұқымдары | 169 985,2 | 234 291,9 |
Бірінші ұрпақ будандары | 65 110,7 | 0 |
Элиталық көшеттері | 18 337,9 | 0 |
Барлығы | 617 484,0 | 500 000,0 |
Бюджет қаражатының барлығы | 1 117 484,0 |