Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің "2023 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" 2023 жылғы 10 наурыздағы № А-3/82 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8520-03 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № А-11/518 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № А-3/82 қаулысына қосымша |
2023 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері
Субсидиялау бағыттары | Жергілікті бюджет есебінен, мың теңге | Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен, мың теңге |
Бірегей тұқымдар | 27 692,0 | 0 |
Элиталық тұқымдар | 336 358,2 | 265 708,1 |
Бірінші репродукция тұқымдары | 169 985,2 | 234 291,9 |
Бірінші ұрпақ будандары | 65 110,7 | 0 |
Элиталық көшеттері | 18 337,9 | 0 |
Барлығы | 617 484,0 | 500 000,0 |
Бюджет қаражатының барлығы | 1 117 484,0 |