"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 18 сәуірдегі Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының көшелері:
Геологов көшесі Қаһармандар көшесіне;
Комсомольская көшесі Ұлан көшесіне;
Первомайская көшесі Қызғалдақ көшесіне;
Садовая көшесі Игілік көшесіне;
Строителей көшесі Ақсай көшесіне;
Урожайная көшесі Адырна көшесіне;
Целинная көшесі Нұрлы көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Красный Яр ауылдық округінің әкімі | А.Тасқынбай |