Ақмола облысы Жарқайың ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8С-3/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 8542-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 8С-12/2 шешімімен

      Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.10.2023 № 8С-12/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақмола облысы Жарқайың ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А.Альжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады