Жақсы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № а-2/51 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 сәуірде № 8529-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жақсы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы ауданының әкімі А.Кадралина

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 3 сәуірдегі
№ а-2/51 қаулысына
қосымша

Жақсы ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының ұзындығы, шақырым

1

КС-JК-1

Жақсы-Киров

19

2

КС-JК-2

Баяғыз ауылына кіреберіс

4

3

КС-JК-3

Чапай ауылына кіреберіс

16,7

4

КС-JК-4

Новокиенка-Перекатное

49

5

КС-JК-5

Тарасовка ауылына кіреберіс

11,5



Барлығы:

100,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады