Жақсы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-3-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 8535-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жақсы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А.Бралина

  Жақсы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 6 сәуірдегі
№ 8С-3-2 шешіміне
қосымша

Жақсы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу жылдық нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,98

2

Жатақханалар, интернаттар және сол сияқты объектілер

1 орын

0,72

3

Қонақ үйлер

1 орын

0,51

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,38

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,55

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,002

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,63

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,25

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,32

10

Кинотеатрлар, концерт залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,10

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,03

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

14

Азық-түлік және өнеркәсіптік-тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңы 1 м2

0,34

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,44

16

Вокзалдар, автовокзалдар

Жалпы алаңы 1 м2

0,20

17

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,32

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай кұю станциялары

1 машина-орын

2,02

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,9

20

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,72

21

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,43

22

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,52

23

Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,001

      Ескертпе:

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м2 – шаршы метр;

      м3 – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады