Жақсы ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 8С-4-1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 8553-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 қазандағы № 8С-12-2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 19.10.2023 № 8С-12-2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жақсы ауданы бойынша туристерді орналастыру орындарында 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А. Бралина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады