Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Баяғыз ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 наурызда № 8518-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Баяғыз ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Островский көшесі Төле би көшесіне;

      Набережная көшесі Қазыбек би көшесіне;

      Школьная көшесі Қорқыт ата көшесіне;

      Клубная көшесі Әйтеке би көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылсай ауылдық округінің әкімі С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады