Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 31, 37-баптарына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | А.Жаксылыков |
Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы | Р.Габдуллина |
Бірлескен Зеренді ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/725 қаулысына және Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-92 шешіміне қосымша |
Зеренді ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар | Оның ішінде | ||
егістік | шабындықтар | жайылымдар | |
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | |||
3600 | 2850 | - | 750 |
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | |||
24000 | 19000 | - | 5000 |