Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 352 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 92 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 желтоқсанда № 8471 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына сәйкес және Шалқар ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шалқар ауданының Бозой ауылдық округінің Бозой ауылының құрамына енгізіле отырып, Бозой ауылдық округінің Қоянқұлақ ауылы таратылсын.

      Шалқар ауданының Бозой ауылдық округінің Бозой ауылының шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 17 432 гектар таратылатын Қоянқұлақ ауылының аумағы қоса отырып өзгертілсін.

      Бозой ауылдық округінің Бозой ауылының шекарасы жалпы ауданы 83 760 гектар болып белгіленсін.

      Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылының құрамына енгізіле отырып, Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Алақозы ауылы таратылсын.

      Шалқар ауданының Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылының шекаралары, оның құрамына жалпы көлемі 18 020 гектар таратылатын Алақозы ауылының аумағы қоса отырып өзгертілсін.

      Есет Көтібарұлы ауылдық округінің Байқадам ауылының шекарасы жалпы ауданы 70 582 гектар болып белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" және "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері Шалқар ауданының әкімдігімен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктерді күтіп-ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және әкімдіктің осы бірлескен қаулысынан және мәслихат шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Шалқар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жүргізілген өзгерістерге сәйкес жер-кадастрлық құжаттаманы келтірсін.

      4. Осы әкімдіктің бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      5. Осы Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады