Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе қаласы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27439 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе қаласының әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | М. Журебеков |